Жас маманѓа кµмек-уаќыт талабы


Жас маманның аты-жөні: _________________________________________________ скачать по прямой ссылке



бет9/9
Дата12.12.2021
өлшемі89,5 Kb.
#99684
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
баяндама жас маман

Жас маманның аты-жөні: _________________________________________________ скачать по прямой ссылке

1) Ата – аналар жиналысында сіз баласы туралы нашар пікір айттыңыз. Ата-ана баласын жақтап, мұғалімді кінәлады. «Білім, тәрбие бере алмайсыңдар», - деп ашуланды. Барлық ата-ана сізге қарап отыр. Қандай жауап қайтарасыз, қандай әдіс-тәсілдерді қолданасыз?

2) Оқушылар мұғалім орындығына бор жағып қойған. Сіз байқамай отырдыңыз да киіміңізді былғап алдыңыз. Оқушылар байқап сізге ескертті. Қандай амал қолданасыз? Жаппай ұрысасыз ба? Басқа амал қолданасыз ба?

3) Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің айтқанынан, мектеп директорының ескертуінен еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп сізді кінәлады. Басқа оқушылар сіздің сабағыңызды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз?

4) Сіз үйге тапсырма бердіңіз. Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінде, оқулықтан тыс материалмен, ғылыми деректермен дәлелдеп жазып келген, сіз ол деректер жайында білмейсіз. Оқушы жұмысын қалай бағалайсыз? Білмейтініңізді білдірмей қалу керек пе?

5) Сабақ үстінде балалар бір келеңсіз іс істеді. Сіз бір оқушыны кінәлі деп тауып, оған ұрыса бастадыңыз. Қатты-қатты сөз айттыңыз. Бір уақытта басқа оқушы ол істі өзінің істегенін мойындады. Ал сіз ашуыңызды бірінші оқушыға көрсеттіңіз. Не істейсіз? Бірінші оқушыдан кешірім сұрайсыз ба?

6) Сіз бүгін қандай да бір жағдаймен сабаққа дайын емессіз. Өзіңіз жас маман болғандықтан, жоспарсыз сабақ өткізу сіз үшін қиындық келтіреді. Сабаққа келсеңіз, сабағыңызға кісі қатысып отыр. Не істейсіз, жағдаяттан қалай шығасыз?

174 мектеп-гимназия



Әдістемелік сағат тақырыбы:

Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол, үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер...

(жас маманға әдістемелік көмек көрсету)



Әдіскер: А.Ш.Баймуратова

2019-2020 оқу жылы

Ситуациялық сұрақтар

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет