"Жас математик" факультативтік курс (3 -сынып)



бет7/38
Дата05.10.2023
өлшемі12,71 Mb.
#183868
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Байланысты:
жас математик
Снимок экрана 2023—05—06 в 09.10.51
Деректерді көрнекілеу
Қазіргі заманғы ақпараттық қоғамда деректерді жаппай тарату сандық ақпараттың визуалды көріністеріне әкелді. Интернет, газеттер, журналдар, оқулықтар, анықтамалықтар және мақалалар жиі диаграммалар, кестелер және графиктер түрінде ұсынылған деректерді қамтиды. Оқушылар графиктер мен диаграммалар ақпаратты немесе санаттарды реттеуге көмектесетінін және деректерді салыстыру тәсілін қамтамасыз ететінін түсінуі тиіс. «Деректерді көрнекілеу» бір тақырыптық бөлімнен тұрады:
• Оқу, түсіндіру және ұсыну.
төртінші сыныпта мәліметтерді визуализациялаудың әр түрлі формаларын оқи және тани білуі тиіс. Жай проблемалық жағдайды және жиналған мәліметтерді ескере отырып, оқушылар мәліметтерді жинауға негіз болған сұрақтарға жауап беретін графиктер мен диаграммалар түрінде деректерді ұйымдастыруға және ұсынуға қабілетті болуы тиіс. Оқушылар деректердің сипаттамасын салыстыра білуі және деректерді визуализациялау негізінде қорытынды жасай білуі тиіс.
Мәліметтерді визуализациялау: оқу, түсіндіру және ұсыну
1. Кестелерден, пиктограммалардан, гистограммалардан, сызықтық және дөңгелек диаграммалардан деректерді оқу, салыстыру және ұсыну.
2. Көрсетілетін деректердің қарапайым оқу шеңберінен шығатын сұрақтарға жауап беру үшін деректерді көзбен шолу арқылы ақпаратты пайдалану.
Ойлау
Бұл сала логикалық, жүйелі ойлауды көздейді. Ол жаңа немесе бейтаныс жағдайларда туындайтын міндеттерді шешу үшін пайдаланылуы мүмкін заңдылықтар мен кезеңділікке негізделген интуитивті және индуктивті ойлауларды қамтиды. Мұндай тапсырмалар тек математикалық немесе нақты өмірлік жағдайларға жақын болуы мүмкін. Тапсырманың екі түрі де жаңа жағдайларда білім мен дағдыларды пайдалануды болжайды және талқылау дағдылары арасындағы өзара іс-қимыл әдетте осындай тапсырмалардың ерекшелігі болып табылады. «Ойлау» саласындағы көптеген танымдық дағдылар жаңа немесе күрделі тапсырмаларды ойластыру және шешу кезінде пайдаланылуы мүмкін екеніне қарамастан, олардың әрқайсысы жалпы тұрғыда оқушылардың ой-өрісіне әсер ететін математикалық білімнің құнды нәтижесін көрсетеді. Мысалы, ойлау ойларды бақылау және құру қабілетін болжайды. Ол сондай-ақ нақты болжамдар мен ережелер негізінде логикалық тұжырымдар жасай білу және нәтижелерді негіздеу қабілетін қамтиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет