Жасампаздық қиырында



бет7/43
Дата06.02.2022
өлшемі406,43 Kb.
#48042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43
АЛҒАШҚЫ ТІЛДЕСУ
Шағын қорап ішіндегі ұлудай ғана адаммен үйреніскеннен кейін онымен тіл табысудың жолын қарастырған. Бұл ендігі басты нәрсе де еді Оны осы бір шағын қорапта ұстап, ара-тұра тамақ беріп, олай-былай тасып жүргеннен ештеме де шықпайды. Уақыт болса қысып келеді. Кеме мына кеңҒаламда өздеріне де, сырттан қарағанға да бір орында тұрғандай болып көрінсе де, бәрібір, көздеген шоқжұлдыздағы ғаламшарға жақындап келеді. Айнала төңіректе де өте баяу болса да өзгеріс бар. Көз алдарындағы. Егіздер шоқжұлдызындағы небір жарқыраған жұлдыздар да өзінің сырын аша тускісі келгендей, Күн сияқтанып, дөңгеленіп нұрын ерекше төгеді. Жарық жұлдыздардың түстері де сан құбылады. Жерде жүргенде жасалған болжамдардың бірі дәл келсе, енді бірі онан өзгешелеу сипат алады.
Осындай көріністер мен қарбаласта уақытпен санаспаудың да жөні жоқ-ты Ғарышкерлердің бәрі де бұрынғысынан ширай түскен. Алда өздерін не күтіп тұрғаны болса да белгісіз. Оған қоса қолдарындағы ұлудай адамның сырын ашу да бір үлкен іске айналыпкеледі. Бұл адамды ғарышкерлер баланың қуыршағына айналдырған жоқ. Ол ұсталғалы бері дыбысы мен үнін тынымсыз тіркеп-жазып отыратын құралдарын қосқан.
Ол құрал ең әлсіз деген дыбысты да ап-анық етіп жаза алады. Сол мұқият зерттеудің нәтижесінде, енді міне, ұлудай адамның тші де айқындалды. Егер хайуанаттар мен құстар, бауырымен жорғалаушылар мен жәндіктер саналы адам баласы сияқты сөйлер болса, Жер шарындағы, тіршілік әрекеті мен бәсекелестік жандана түсер еді. Көптеген нәрселер де басқаша сипатқа көшпек. Саналы адам мен хайуанаттар әлемі бір бірімен тіл табысып көптеген мәселелерді де шешер еді. Онда әрине, табиғатты қорғау ісінен адамнан жоғары тұрмақ. Өйткені оларда тамағын тауып жеп, ұрпағын көбейткеннен басқа көкейкесті мәселе жоқ. Егер адам баласы да тап соларсияқты тып-тыныш ғұмыр кешсе, Жердегі табиғатта келеңсіз көріністер орын алмас еді. Тап осы сияқты жұлдызаралық сапар да жасалынбайды. Адам санасы мен білімінің кұдіреті бұл. Өз дене-тұрқынан жүздеген есе үлкен жұлдызаралық кемені тіп-титтей ғана түймелер арқылы саусағының ұшымен ғана басқарады.
Қораптағы ұлудай адамның елі де өздерінің соншалықты кішкентайлығына қарамастан кең кеңістікті бағындырып алғандай. Бір қарағанда олар тіпті, өздерінен де жоғары тұрған сияқты. «Ақлағылдың» ұстағыш, қағып алғыш жүйелері арқылы қолға түскен бейтаныс кеменің бөлшектері сол дамудың бұлтартпас дәлелі. Соған көз жеткізген ғалым-ғарышкерлер де ұлудай адамның сырын ашуға көп уақыттарын сарп етті. Ол уақыттары бос кеткен де жоқ. Тілмаш та дайын болды. Тәкен ғаламшар археологы болғандықтан бейтаныспен тілдесуге бірінші болып асықты.
- Сіз кім боласыз? - деді ол шыны қораптағы ұлудай адамға қарап отырып.
-Мен микроәлем адамымын, - деді ол сол замат тілін тапқан адамға қуанғандай.
Шыны қабырғасына жақындап келіп.
- Микроәлем? Ондай да бар ма?
- Бар. Әлем бәрімізге бірдей.
- Бірдейі қалай?- деді Тәкен таңдана жанындағыларына қарап қойып. Бұл әлем кез келген тіршілік иесі үшін бірдей, - деді ұлудай адам тағы да.
-Сонда сіздер де бұл әлемді дәл біз сияқты көріп-түйсінесіздер?
-Иә.
-Ал мына кемеміз сіз үшін бір ғаламат кеме болып көрінетін болар?
-Үлкен. Өте үлкен, әрине,-деді ұлудай адам ғарышкердің әрқайсысының бет-жүздеріне де мұқият қарап шығып.
-Жарайды. Ол түсінікті. Қанаша дегенмен де ажырата алу бар. Бізге кіші көрінген зат болса да сіздерге өте үлкен. Солай емес пе?
-Иә, солай. Барлық көрініс бір біріне ұқсас бірақ.
-Ол пікіріңізге мен толық келісемін,-деді Тәкен сәл сергіп,-ал енді айтыңызшы, микроәлем дегеніңіз қай бағытта?
-Өздеріңіз келе жатқан бағытта.
-Сонда біз микроэлемге қарай ұшып кетіп барамыз ба?
-Жоқ. Сіздер өздеріңіз көздеп келе жатқан шоқжұлдызға қарай ұшып бара жатырсыздар.
-Оны қайдан білесіз?
-мен бәрін естимін, түсінемін.
-Ендеше, неге осы кезге дейін үнсіз болдыңыз?
-Мен дыбыссыз болған жоқпын. Дыбыстадым да, айқайладым да. Оны сіздер естігендеріңізбен мені түсінген жоқсыздар. Ес те аудармадыңыздар. Содан соң мен сіздердің осы тілмаш құралдарыңыздың дайын болуын күттім.
-Есіміңіз кім?
-Есімімеің қазақша мағынасын білсек болды да. Ал сіздердің жұлдызды жүйелеріңізде қанша ғаламшар бар?
-Он бір.
-Түсінікті...
«Ұлудай адаммен енді қайсысың сөйлесесің» дегендей айналасындағы достарына қарады. Олар сәл кідіріп, ойланып қалған. Ал шыны қорап ішіндегі адам болса да сұрақ-жауаптан сескенетін емес. Шыны қораптың ол жақ. Бұл жағына барып әлденеден үміттенгендей басын жоғары қаратып, ғарышкерлерден көмек күткендей болады. Ғарышкерлердің ешқайсысынан да сескенбейді. Өзін тап үлкен адамдай ұстайды.Ғарышкерлер енді «Бұл адамның келген ғаламшары да кішкентай шығар. Онда өзінше бөлек бір ңіші әлем бар. Оған бару керек пе, керек емес пе?» деген де ойға келді. Бірақ ешқайсысы да бір шешімге келе алмаған. Осылай дағдарып тұрғанда;
-Сіздер көзден ұшып кетіп бара жатқан ғаламшарлардың ешқайсысында да тіршілік белгісі жоқ,-деді осы кезде дыбыс күшейткіш арқылы ұлудай адам.
-Неге олай дейсіз?-деп елең ете қалды Тәкен.
-Уақыт өтіп кетті. Сіздер өз жұлдыз жүйелеріңіздегі ғаламшарларыңыздан осылай қарай осы жұлдызаралық кемемен ұшып шыққанда жағдай басқааша еді.
-Оны сеземіз,-деді Тәкен,-біз ұшып жеткенше әлі де біраз өзгерістер болмақ.
-Ендеше, біздің жүйеге өтіңіздер.
-Ондағы тіп-титтей ғаламшарға мынандай алапат жұлдызаралық кемемен қалай қонбақпыз? Ол ғаламшар кемеміздің қозғалтқышы бар құбырына еніп кетпей ме?
-Оны білемін. Кемелеріңіз ғаламшардың төңірегінде айналып ұшып жүретін болады.
-Ол қауіпті.
-Неге?-деді ұлудай адам.
-Кемемізден шыққан от-жалын ондай титімдей ғана ғаламшарды оп-оңай өртеп жіберуі мүмкін.
-Ал сіз Ғаламды жақсы білесіз бе?
-Білемін.
-Кемемен қайда бара жатыр едіңіз?
-Сіздердің жүйелеріңізге.
-Қандай мақсатпен?
-Бақылау-зерттеу мақсатымен.
-Өздеріңізден алыптай үлкен адамдар мен олардың тіршілік әрекеттеріне зерттеу жүргізіп не пайда таппақ болыңыздар.
-Біз ешқандай да пайданы ойлаған емеспіз. Сіздер алып болғандарыңызбен, сана, білім, өркениетті даму жағынан бізден әлдеқайда төмен тұрсыздар.
-Сонда біз не істеуіміз керек еді? Сана мен біліміміз неге жетпей жатыр?
-Сіздердің бүлдірген нәрселеріңіз өте көп!
-Табиғат па?
-Тек қана табиғат емес, өздеріңізді де жартылай жасандыға айналдырдыңыздар.
-Оны мойындаймыз,-деді бұл сөз шабына тигендей болған Жақан Артықұлы,-біз көп нәрсені жолғалттық. Біз осы жұлдызаралық жолда ұшып келе жатқанымызда Жерде талай заман өтіп те кетті. Тағы да көп өзгерістер орын алатынан да бір құдайдың өзі білсін.
-Оны енді уақыт көрсетер,-деп жеңіл күрсінді осы кезде Тәкен. Ұлудай адам да осы кезде айтар сөзі таусылғандай тым-тырыс қалды. Қозғалмастан өзінен көп есеге үлкен адамдар-ғарышкерлерге қадала қарап тұр. Тәкен енді шыны қораптың сәл ғана ашылып тұрған есігін жайымен ғана жапты да, оны оң қолымен сәл ғана ашылып тұрған есігін жайымен ғана жапты да, оны оң қолымен жоғары көтеріп, көз алдына әкелді. «Жаңа ғана осы бір ұлудай адамның аузынан қаншама сөздер шықты», - деп қойды содан соң ішінен Тәкен, - адам пенденің негізгі күші де оның білімі мен сөзінде болса керек. Ұлудай адам тіл қатпай тұрған кезде оның қадыр-қасиеті де аз еді». Енді міне, кеме ішінде өздеріне тағы бір адам- жетекші адам келіп қосылды. Қалған ғалым-ғарышкерлердің көңіл-күйлері де көтеріліп қалған. Алғашында бәрінде де ұлудай адам жөнінде ғарышкерлердің ой –саналарында. Тәкен енді ұлудай адамды шыны қораптың ішінен аз ғана уақытқа шығарып, алақанында ұстауды да шығарды. Ұлудай адам мейлінше баяу қозғалады. Жүрісі өнбейді. «Бұлардың ғаламшары да өздеріне лайықты болуы керек», - деп бір ойлап қойды Тәкен.
Енді көп тұрудың да, көп ойланып-толғанудың да реті жоқ еді. Кемедегі, жұлдызаралық жолдағы әрбір минут қымбат. Әрбір минут Жердегі бастарынан кешеді. Талай адам мерейтойын атап өтіп үлгереді. Құрметті еңбек демалысына шығады. Ал кеме ішіндегі бір тәулікте, яғни, дәлірек айтқанда, жиырма төрт сағатта бір мың төрт жүз қырық минут бар. Ендеше кемедегі бір тәулікте Жерде осыншама жыл өтеді. Ол уақыт ішінде кім болып кім болып өткені де белгілі. Осы себепті де ғарышкерлер кеме ішіндегі әрбір минутқа мән береді.Жаңағы ұлудай адаммен тілдесуге кеткен уақыттың ішінде Жәдігерлер талай-талай заманды бастарынан өткерген жоқ па еді. Тәкен сол қолының білегіндегі қолсағатына қарағанда отыз минут уақыттың өте шыққанын аңғарды. Уақыттың қадірін ұлудай адам да бірге алып, асхана бөліміне қарай жүрді.
Тежеу
Жұлдызаралық кемелердің сапар жолында үнемі жылдамдық қосып отырмайтыны белгілі. «Ақлағыл» жұлдызаралық кемесі Жер мен көздеп тең жартысын кейінге тастады. Ендігі мәселе кемені тежеуде. Ғалым-ғарышкерлер алдарындағы бадырайып ұлғая берген қызғылт ғаламшардан көз алмай отыр. Қазір олар расытхана бөлімінде. «Жүз рет естігеннен бір рет көрген артық» деген мақал бар ел арасында. Сол сөз енді тап осы жігіттерге арналып айтылғандай. Жерден қарағанда ең қуатты деген сыңардүбірінің өзімен де көзге көрінбейтін, тек радио сыңардүрбісі арқылы ғана бар екені анықталған ғажайып ғаламшар енді міне, көз алдарына ол бейнебір кемеге қарай ұшып жақындап келе жатқандай болады. Егер осы кемеде жұлдызаралық сапардан хабары жоқ адам болса; «Мына бір ғаламшар тап бізге қарай ұшып келеді. Одан сақтанбасақ кемемізді быт-шыт, өзімізді мерт етеді» деп шошынған болар еді. Бірақ кемедегілердің бәрі де әккі ғарышкерлер болғандықтан бұл көрініске ес бөлген де жоқ.
Қайта қуатты сыңардүрбі арқылы көрінген қызғылт ғаламшарды бақылауларын күшейте түскен. Оны жақындатқыш шыны арқылы тек ұлудай адам ғана көре алмады. Оған ғаламшар әлі де болса тек жұлдыздай болып жарқырайтын сияқты. Ғаламшардағы тіршілік ғарышкерлердің барлап-болжауларынша, соңғы сатысына таяп та қалған сияқтанады. Бұл ұлудай адамның ескертулерінің растығын дәлелдегендей де еді. Ғалым-ғарышкерлер енді үлкен де жауапты дайындыққа кірісті. Тәкен де, Азамат та Сәлмен, Сәрсенбі, Сейдолла мен Жақан да өздерінің ізденіс істерімен әлек. Сейдолла Сапарұлы осы расытхана бөлімінде серіктеріне көптеген мәліметтер жеткізген. Ал оған ұлудай адам қаншама кеңестер берген. Көздеп ұшып келе жатқан ғаламшарда тіршілік белгісі жоқ дегенді ескерткен де осы ұлудай адам еді. Бірақ ғалым-ғарышкерлер алғашында оған аса мән бере қоймаған-ды енді қаласа да, қаламаса да оның айтқандары дәлелдене бастаған. Расында да есептеп қараса, өздері мына жұлдызаралық кемемен ұшып жеткенше ғаламшар шын мәнінде де ешбір тіршілік иес-інсіз қалмақ. Бұл осы кезге дейін жұлдызаралық сапарда болып көрмеген жағдай. Сонда ғарышкерлер бостан бос жатқан иесіз сары құмды далаға қонып қайтпақ па? Ұлудай адам тап осындай сұрақты ойды да ойлаған сияқты.
Расытхана бөлімінен қуатты сыңардүрбі арқылы көздеп келе жатқан ғаламшарды әбден бақылап-барлап алғаннан кейін Тәкен кемені негізгі басқарушы болып саналатын астрофизик Сәрсенбі Сапарұлына қарай бұрылды.
- Енді жұлдызаралық кеменің жылдамдығын азайтуға кірісуімізкерек. Тежеу керек, кемені. Жарты жолдан өттік. Алдымызда көздеген ғаламшарымыз!
- Түсініп отырмын, - деді оған Сәрсенбі, - кеменің жылдамдығын азайтуды, яғни кемені тежеуді басталып. Ғаламшарға жетуге кеменің осы екпіні де жарайды. Тежемесек, ғаламшарға қонуымыз қиындап кетеді. Уақыт деген осы. «Өмірімізде жете алмаспыз, бұл ғаламшарға» деген ойымыз да жоққа шыға басталды емес пе?
- Сонда біз ол ғаламшардан не таппақпыз? - деді сол кезде геолог Азамат Амангелдіұлы, - ондағы тіршілік жағдайы тарылған болса, қонып әруе болудың да қажеті жоқ сияқты.
- Оны енді бара көрерміз.
Тәкен сөзін қысқа қайырды. Содан соң өзі бастап расытханадан кең дәлізге шықты. Оң қолынын алақанында ұлудай адам тікесінен тік тұр. Ол үшін мына Ғалам мүлдем бір ғажайып болып көрінетін де сияқты. Адамның өзі де ғаламмен салыстырғанда кұмырсқадай ғана, тіпті, одан да титімдей бір тіршіліктің иесі. Бірақ мына өздері мініп сапар шегіп келе жатқан жұлдызаралық кеме аса кіші емес. Ол ұлудай адам үшін ғажап бір үлкен дүние. Егер осы жұлдызаралық кеменің ішінде адам пенде жүз жыл ғұмыр кешсе, ұлудай адам үшін ол уақыт одан көп есеге көбейер еді. Тек ол мұндағы көп нәрселерді өз деңгейінде анықтап көре алмайды.
Сондықтан да оған мұндай ортада ғұмыр кешу қиынға соғады, анау-мы-нау жағдайлардан ол кенеттен мерт болып та кетеді. Адам пенде де өзінен үлкен ғаламшардың табиғи дүлейлері алдында әлсіз.
Ғалым-ғарышкерлер орталық расытханадағы зерттеулерін аяқтаған соң дәліз бойымен серуендей жүріп кемені бас жағындағы басқару пульті бар бөлімге қайтып келді. Қай қайсысының қырағы көзі де жаңа ғана орталық расытханадағы қуатты сыңардүрбі арқылы бақылап-зерттеген ғаламшарға түсті. Ол енді дөп-дөңгелек ғаламшар емес, қызғылтжұлдыздай ғана болып алыстағандай. Айналасындағы жарық жұлдыздармен салыстырғанда әжептәуір көмескі. Бұл ойың өз бойынан жарық шығармайтындығынан екені де көрініп тұр. Кемеге қарай ұшып келе жатқандай болатын көрінісінен де таймайтын сияқты. Тәкен енді жанында үнсіз тұрған Сәрсенбі Сапарұлына иек қақты. Ол сол замат алдындағы жалпақ панельдегі көптеген ток көзін қосқыш түймелердің біреуін сұқ саусағымен жай ғана нұқыды.
Соның артынша кеме қабырғасындағы қосымша қозғалтқыштар іске косылды. Жаңа ғана жартылай тыныштық басып тұрған кеме ішін енді ызыңдаған, зырылдаған дыбыс басты. Ол қозғалтқыштардың бәрі де кемені тежейтін қозғалтқыштар еді. Бірақ иллюминаторлар арқылы сыртқа қарағанда кеме жылдамдығының тежеле басталғаны байқалмады. Алдарындағы көздеген ғаламшар да, оның төңірегіндегі көптеген жарық-көмескі жұлдыздар да әлі де болса тап кеменің өзіне қарай жарыса ұшып келе жатқандай болды. Ғалым-ғарышкерлер мандай тұстарындағы турлі түсті жарығы бар шамдарға, жылдам өзгеріп жатқан цифрларға қарап қояды. Кеменің жылдамдығы азайған сайын Жердегі уақыт та енді баяу отетіндей әсер береді ғарышкерлерге. «Жер санатының» таблицасындағы минуттық цифр сәл де болса баяулағандай болады. Ол сағат кеме жылдамдығына қарай құбылып та тұрады. Ғалым-ғарышкерлер оны Жер мен кеме шіндегі өздік уақытты салыстырып отыру үшін орнатқан-ды. Санаттың өзгерісі мен сағаттың минуттық тілі баяулай бастаса ғарышкерлер Жердегі адам өмірінің де ұзара бастағанын сезгендей болып іштерінен қуанады.
Кеменің тежеу жүйелері жұмысқа қосылды. Іште де көп өзгерістер болған сияқты. Ғарышкерлер енді алдарынан менмұндалаған қызғылт түсті ғаламшарға жиі-жиі көз салады. Оның шартабағы ұлғайған сайын бет-бедері де айқындала түскен. Алғашында ол Жерден қарағанда толған Ай сияқтанып тұрды. Содан соң сегіз есеге жақындататын одан кеиін он және он екі есеге жақындататын дүрбімен қарағандағыдай көрініске көшті. Алдын ала алынған мәліметтер бойынша онда ешқандай да тірішлік белгісі жоқ делінсе де, Күн жүйесінен алыс, шалғай жұлдыз жүйесіндегі ғаламшар болғандықтан да ғарышкерлер әлі де болса да одан үміттерін үзген жоқ. Әрбір ғарышкер өзінің мамандығына сай ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Кеме жылдамдығы бірте-бірте баяулауда.Оның жылдамдығын арттыруға қаншама күш жұмсалса, енді оны тежеуге де соған барабар күш кетуде. Жер бетіндегі зымырап жүріп келе жатқан көлікті кілт тоқтау қиын.Инерция деген бар. Көліктің дөңгелектері кілт тоқтағанмен, ол асфальт бетімен біраз жерге дейін жылжып кетеді. Сондықтан да алдынан кездейсоқ шығып қалған адамды қатерден сақтау қиын. Көлік дөңгелегінің асфальт бетімен сырғу ұзақтығы оның қандай жылдамдықпен жүріп келгендігіне байланысты.
Ал мына кең кеңістікте ауа деген де, инерция деген де атымен жоқ. Бірақ кеңістікті мүлдем бос жатқан бір шетсіз, шексіз аймақ деуге тағы да болмайды. Осыдан шамалы уақыт бұрын ғана кеменің жинап алғыш, қағып алғыш жүйелері кемеге тұспа-тұс келген, жанынан өтіп бара жатқан біраз газ тозаңдар мен кішігірім тастарды ұстап алған. Олардың бірі жұлдызаралық бір кеменің сынығы болып шықты. Ал ол сынық тастардың ішінен ұлудай адам табылады. Ғалым-ғарышкерлердің өздері де тіршілік көздерін осындай тастардың ішінен іздеген. Тіршілік қандай да бір ғаламшардың бетінде, оның өзінде емес,кеңістікте, газ бен тозаң арасында көшіп жүрген. Сөйтіп олар тіршікке жағдай бар ғаламшарға тап болып, сонда дамыған. Сонда көбейген.
Адамдардың өздері де мына ұлудай адам сияқты тас арасында кеңістікте қалықтап жүріп, тіршілік етуіне қолайлы ғаламшарға тап болғаннан кейін онда дамып-жетілген,көбейген. Ал тіршілікке қолайсыз ғаламшарға тап болғандары жоғалып, жойылған. Егер жұлдызаралық кеменің ұстағыштары мына ұлудай адамды кесек тасымен бірге сүзіп алмағанда, бұл адамның да тағдырының қалай болып кетері беймәлім болар еді. Бақытына қарай ішінде Тәкен, Азамат, Сәлмен, Сәрсенбі, Жақан мен Сейдолла сияқты саналы да жоғары білімді, аса парасатты адамдарға тап болды. Ғалым-ғарышкерлер ара-тұра; «Кім біледі, бәлкім, өзіміз көздеп келе жатқан қызғылт түсті ғаламшарда да тап осындай көзге әзер ілігетін ұлудай адамдар өмір сүретін шығар?» деп те ойлаған. Сондықтан да тежеу күшейтілген сайын істері қарбалас бола түсті. Кемедегі күрделі жүйелер ғана емес, оранжереядағы өсімдіктер әлемі, хайуанаттар әлемі мен тағы басқадай бөлімдерінің бәрі де мұқият тексерулерден өткізілді.
Ал арада біраз уақыт өткенде Сәлмен Әбдіғаппарұлы кемедегі жанармайдың жайын білді. Жұлдызаралық жолдағы ұшу барысында кеңістіктен алынған «жанармай» да көп жеңілдік туғызған. Енді тежеу мен қону алдында барлық жүелерді бақылау мұқият қолға алынды. Кеме бірте-бірте шағын ғаламшардың төңірегіне жақындай берді.Оның төңірегінде бірнеше айналып жасады. Одан кейін тежеу онан сайын күшейтілді. Қай кезде де ұшып шығу оңай да, қону қиын. Адам баласының өзі де қандай да бір шың басына өрмелеп болса да шығып алады да, қайта түсерде көп қиналады. Көлік те, әуе кемесі де солай. Ал мынандай бөтен жұлдыз жүйесіндегі ғаламшарға қону тіпті де оңай емес. Тек бір жеңілдігі ғаламшардың Күн жүйеміздегі қызыл ғаламшарға қатты ұқсайтындығы еді. Оның көлемі де, атмосфераның сиректігі мен тартылыс өрісінің аздығы да ұқсас. Егер де ғалым-ғарышкерлер осы ғаламшарға дейінгі уақытты жұлдызаралық жолды анабиоздық ұйқымен өткізген болса, ұйқыдан оянып ғаламшарға қарағанда «апырмай, қайтадан Күн жүйемізге келіп қалғанбыз ба?» деп те қалар еді.
Бірақ мұнда айырмашылық та жоқ емес. Күн жүйесінде жалғыз Күн ғана нұрын шашса, алдын ала болжалданғанындай, мұнда алты бірдей Күн нұрын шашады. Егер ғаламшарда тіршілік болмаса, сол аоты бірдей Күннен тараған шуақтың бәрі де кеңістікке босқа тарап кетіп жатқандай болады.Енді ғарышкерлер сол ғаламшарға қадам басқан соң ондағы тіршілік иелерімен байланысқа түсе бастағанының алғашқы белгілері де байқала береді. «ат аунаған жерде түк қалады» дегендей, ғарашкерлерден де бұл ғаламшарда бірдемелер қалмақ. Ғаламшарда көшіп жүрген көшпеділердің негізі де адамдар болмақ.Олар саналы көшпенділері. Көшпенділік әрекет тек саналы адам баласы ғана емес, күлі өсімдік әлемі мен тіршілік иелеріне де тән. Аяғы жоқ, қолы жоқ деген сол өсімдіктердің өздері де пәленбай шақырым қашықтыққа дейін орын ауыстырмай ма? Желмен ұшады, хайуанаттарды пайдаланады, өздері «жылжиды», әйтеуір орын ауыстырады. Жел сәл ғана үп етсе, домалап ала жөнелетін қаңбақ шөпті білмейтін адам тіпті де аз. Ал хайуанаттар мен құстарға көшіп жүру деген ештеме де емес. Құстардың күзде жылы жаққа ұшып кетіп, көктем шыға қайтадан ұшып келетіні де қош. Қысқасы, кеңістікте қозғалмайтын көшпейтін тірі жан жоқ. Шыбын екеш шыбындардың өздері де талай-талай шақырым қашықтықтарды кейінге тастамай ма?
Ал солардың ең ақылдысы, ең тапқыры- адам. Енді міне, сол адам шетсіз, шексіз деген Ғаламды да жұлдызаралық кемемен шарлап жүр. Бір заманда Жердің ана аймағы мен мына аймағына кібртіктеп, абайлап, жасқанып жүретін адам баласы енді міне, алапат жұлдызаралық кемеге мініп алып, жылдамдықты игеріп, жұлдызаралық сапарда келеді. Өздері әбден игерген, тозыра бастаған Жер ғаламшарын місе тұтпай, кеңістіктен, кең әлемнен саналы тіршілік иелерін іздеп келеді. Кеңістіктегі бір ғаламшардың өкілін қолдарына түсіріп те үлгерді. Тек ол өздері күткен тіршілік иесі емес-ті. Онымен дыбыс күшейткіштері мен тілмаш арқылы тілдесу мүмкін болғанымен, онымен кәдімгідей араласып-құраласу мүмкін емес еді. Сондықтан да ғарышкерлер ендігі үміттерін алдарындағы қызғылт түсті ғаламшарға артты.
Кеме ғаламшарды бірнеше рет айналып ұшқан соң құлдилау басталды. Кеме қаншама үлкен болса ла, онан бөлінетін бөлімдері болса да, ғарышкерлер негізгі кемеден бөлініп қонуды қаламады. Не күн туып жатса да осы кеменің ішінде болулары тиісті.Олар қалықтап, баяу ғана төмендеп келе жатқан кеменің басқару пульті бар бөлімінде, үлкен дөңгелек иллюминатордың алдында қонып келе жатқан ғаламшардың бет-бейнесіне мұқият қарап тұр. Ғаламшардың ежелгі өзендерінен қалған көптеген арналары қонуға жақындаған сайын айқындала түседі. Кеменің тежеу жүйелері ғаламшардың тартылыс өрісінің аздығына, атмосферасының сиректігіне қарамастан мейлінше қатты жұмыс істеп келеді. Жалпы, кемедегі барлық техника жетістігі қолданылатындықтан ол кез келген бағытқа оп-оңай бұрыла береді. Ғарышкерлер осы қону сәтінің өзінде де кемені қалай қарай бұрамын десе де, оңға-солға жылжытамын десе де өздері біледі. Ғарышкерлер осы қону сәтіннің өзінде де кемені қалай қарай бұрамын десе де, оңға-солға жылжытамын десе де өздері біледі. Бірақ қонып келе жатқан аймақта пәлендей тау-қырат, қазаншұңқырлар болмаған соң ешбір қатер сезілген жоқ. Қатер төнетіндей жағдай болып жатса, кемедегі автоматты жүйелер тез арада іске қосылып, қауіпсіздік шаралары жасалады.
Тәкен кеме ғаламшар бетіне қонуға таяған сайын белдігіне іліп алған кішкене корапшадағы ұлудай ғана адамға жиі-жиі көз салып, оныц мінез-құлқы мен әрекетін бақылайды. Ол да бірдемені сезеді. Тэкен енді бір сәттерде қос құлағына дыбыс күшейткіштен жіңішке ғана сым арқылы келген титтей тыңдағыштарды салып, шыны қорап ішіндегі ұлудай адаммен тілдесіп алады. Қанша дегенмен де алапат болса да кеменің сілкінісі байқалады. Оны ұлудай адам да жақсы сезіп тұр. Кеме ол үшін бір ғаламат ғаламшардай болса да бәрі де білінетін сияқты. Жер ғаламшарындағы адам мен өзге де күллі тіршілік иелерінің жер сілкінісін сезгені сияқты болса керек. Тәкен оны шыны қорабымен бірге кең алақанында ұстаған кезде ұлудай адам қорап ішінде олай да, былай да жүгірді. Оның ішіндегі тау сияқты етіліп жасалған шағын сүйір денеге өрмелеп шығады да, енді бірде қайтадан жылдам түседі. Кеменің ғаламшарға қонуға салақ қалғанын да білетін сияқты. Енді ғаламшардың бүкіл келбеті оған да айқын. Оның үстіне оған ғаламшар әуелден жақсы таныс. Тәкен одан ара-тұра ақыл-кеңес алып та қояды. Баска ғарышкерлер де оған ара-тұра дыбыс күшейткіштері арқылы сұрақтарын қояды. Кеме ғаламшар бетімен жанасуға тіпті таяп қалғанда ұлудай адам әлденеден кәдімгідей сескенгендей болып, өзін әлденеге соқтығысардай сезініп, шыны қораптың ашық есігін жауып алды. «Бұл жарық дүниеге келген тіршілік иелерінің бәрі де өмір сүруге құштар. Үлкен демей, кіші демей, майда демей, бәрі де өміріне төнген қатерден шамасы келгенше сақтанады. Жауынан қашады. Қатерді алдын ала сезеді. Ал шамасы келсе, жауымен қарсыласады. Өмір солай», -деп қойды Тәкен ішінен.
Кемені тежеу күшейтіле түсті. Ғаламшар бетіне таяған сайын табиғат көрінісі айқындала түскен. Табиғат болғанда мұнда жайқалған жасыл шөп, қалың орман, тау мен тас, өзен мен көл деген атымен жоқ. Тып-тыныш жатқан бір дала. Тек кеме тіреуіштері ғаламшар бетіне тигеңде бұрқ еткен шаң көтерілді. Шаңмен бірге кызғылт түсті майда құм қиыршықтары да аспанға қарай шашылған. Кемедегілер біршама уақыт бойы отырған орындарынан қозғалмады. Ондағы ойлары, айнала дүниені барлап алу, айналаға көз тоқтату, бой үйрету еді. Ешкім ештеме деген жоқ. Шыны қораптың ішіндегі ұлудай адам да үнсіз. Бәрі де ендігі сөз бен ұсынысты Тәкеннің өзінен ғана күтіп отыр. Тәкен болса ендігі ақылды алақанындағы ұлудай адамнан сұрағысы келгендей оған қадала қарайды. Ол да бірдемені сезеді. Өзіне ғаламат бір алып болып көрінетін ғарышкерлердің әрқайсысына кезек-кезек көзін тастайды.
Алапат кеменің тежеуіш қозғалтқыштары сөніп, тынышталып, айналасынан көтерілген шаң мен майда қызғылт түсті қиыршық тастар ғаламшар бетіне қайта шөгіп, төңіректегі көрініс жақсарған кезде Сәрсенбі кеменің қонуға қажет болған басқа да жүйелерін тоқтан ажыратты. Нағыз тыныштық та енді орнаған. Қара аспанында жұлдыздар самсап тұр. Бұл ғаламшардың атмосферасының сиректігінен болған көрініс еді. Кеме төмендеп келе жатқан кезде Күндей жарқыраған алты бірдей жұлдыздың жарығынан ғаламшардың бет-бейнесі ап-анрық корініп тұрған. Енді сол жұлдыздар бір қатарға тізіліп, тап бір Жерден қарағандағы Босаға жұлдыздарындай болып, батыс көкжиекке жақындап бара жатыр. Онсыз да жарық жеткілікті түсетін ғаламшар үстінің ап-анық көрініп жатқаны да содан еді. Ал аспандағы жұлдыздардың самсап тұрғаны, ап-анық көрініп тұрғаны оның атмосферасының өте сиректігінен еді.
- Бұл біздің бірінші аялдамамыз, - деді көңіл-күйі сәл көтерілген Тәкен айналаға мейірлене көз жіберіп, - егер мұнда өзіміз сияқты саналы тұрғындар болып жатса, олармен тілдесе кеткен де артық емес
- Саналы, өзіміздей екен деп мәз болып жүргенде, олар ойламаған жерден бізді тұтқындап жүрмесін, - деп Тәкеннің әзіл-шыны аралас сөзіне әзіл қосқысы келгендей сәл ғана жымиған Сейдолла Тұрсынұлы.
Басқалар да соған ұқсаған бір-бір әзіл-шыны аралас сөз айтып үлгерген. Мұндай күмәнді, қорқынышты сәттерде ештемені елемеген болып, қасындағыларын сергітіп, жігерлендіру мақсатында осындай әзіл-шыны аралас сөздер айтып қоятын әдеті барды Тәкеннің. Онысын бәрі де түсінген. Енді бәрі де ұзақ отырыстан құрысыңқырап қалған денелерін жазып, қол-аяқтарын қозғап, дәлізге шықты. Ондағы көптеген дөңгелек иллюминаторлардан да даланың келбеті алақандағыдай көрініп тұр. Ғарышкерлер сыртқа шығудан бұрын әлі де болса да ойланып-толғанып, дәліз бойында әрі де, бері де жүрумен болды. Сыртты әбден барлады. Тау тауымен, тас тасымен ыммен ғана тілдесіп, аспаннан келгендерге таңданып қана жатқандай тым-тырыс. Ғарышкерлер де асықпай-абдырамай андысын аңдып отыр. Ғарышкерлер үшін кеңістіктегі әрбір ғаламшар бір-бір аялдама ғана іспетті. Өйткені, ғарышкерлер ешбір ғаламшардың бетінде түпкілікті қалмақ емес. Барлық жағдайды білген соң өз сапарларын одан әрі қарай жалғастырады.
Біраздан соң астрофизик Сәрсенбі Сапарұлы Тәкен ескертпей-ақ басқару пультіне қайта оралып, ондағы панельден қажетті деген бір түймені нұқыды. Соның артынша ызылдаған дыбыс шықты. Бұл барлаушы кеменің дыбысы еді. Ол қажет кезде алапат кемеден бөлініп ұшып шығып, белгілі бір биіктікке көтеріліп алып үлкен жылдамдықпен ғаламшарды айналып шығады. Сол уақыт ішінде ол ғаламшардың күллі келбетін анық етіп суретке, бейнефильмге түсіріп, ғарышкерлерге тез арада жеткізеді. Ол мәліметтерді толығымен алған соң ғарышкерлер қатерлі деген жерлер бар ма, жоқ па, соны анықтап алып, баруға болатын жерлер болса, арнайы зерттеу кемесімен ұшып барады, ондай жерлер жоқ болса, онда бекер уақыт жоғалтпастан ғаламшардан қайтадан ұшып кетеді. Бөтен әлемде, бөтен жұлдыз жүйесі мен ғаламшарда тек осылай жасауға тура келеді.
Кемедегі түрлі жүйелерді, оның қозғалтқыштары бар жүйелерін мұқият тексеруден өткізгеннен кейін әлгі кемеден бөлініп ұшып кеткен барлаушы кеменің мәліметтерін күтті. Оны күту көп уақытқа созылған жоқ. Басқару пультіндегі үлкен экраннан ғаламшардың бүкіл келбеті анық көрініп, көз алдарынан баяу жылжып өтіп жатты. Ғарышкерлер бұл мәліметтерден, бейнекөріністерден ғаламшардың не тіршілік иелерін, не өсімдіктерін кездестірмеді. Ғаламшар Күн жүйесіндегі Қызыл ғаламшардың тағдырын қайталағандай болып шықты. Осыған көз жеткізіп, шамалы ойға батқан ғарышкерлер қайта оралған әлгі барлаушы кеменің алапат кеменің қабылдау қақпасына таяп қалғанын көрді. Кеме аман-есен оралды. Ғалым-ғарышкерлер сол замат іске кірісіп, барлаушы кемедегі басқа да мәліметтермен танысты. Өздері ғаламшарға жақындағанда, қонып келе жатқанда көріп үлгермеген аймақтарды, шағын аудандарды мұқият зерттеді. Қанша дегенмен де, бөтен жұлдызды жүйедегі ғаламшар болған соң да оның ғарышкерлер әлі білмейтін ерекшеліктері де жоқ емес-ті. Қызыл ғаламшардан аумайды дегендерімен, мұнда көптеген айырмашылықтар да бар екен. Барлаушы кеме небір қызықты көріністерді суретке түсіріп алыпты. Сол суреттер мен бейнекөріністерге қарап отырып ғарышкерлер мұнда да бір кездері тіршіліктің қайнап жатқанын, одан келе келе жойылып кеткенін білді. Содан кейін сапарларын одан әрі қарай жалғастыруды жөн санаған. Ал бірақ, негізінде ғарышкерлердіц сапарлары осы ғаламшарды зерттеумен аяқталуға тиісті еді. Барлаушы кеме арқылы барлық жоспарларын да аяқтаған. Енді, сапарларын одан әрі қарай жалғастыруларына кеңістіктегі кездескен жұлдызаралық кеме бөлшектері мен оның бірінің ішінен табылған ұлудай адам сапарларын жалғастыруға себепші болды.Жұлдызаралық сапар ауыл арасындағы араласып-құраласу емес. Бұл ұлан-ғайыр уақытты. төзімділікті талап ететін күрделі сапар. Оның үстіне мына ғаламшардың тағдыры сол уақыттың қадлірін сездіре түскендей де еді. Ғарышкерлер енді ұшпастан бұрын алапат кеменің барлық жүйелерін мұқият қарап шықты. Өздері екінші Қызыл ғаламшар деп ат қойған ғаламшардан тағы да ғылыми мәліметтер алды. Барлаушы кеме түсіріп әкелген тиолық картасын сақтау жүйесіне енгізді. Содан кейін тартылыс өрісі аз ғаламшардың бетінен оп-оңай қалықтап көтерілген алапат кемені жұлдызаралық жолға бағытады.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет