Жасампаздық қиырында



бет2/43
Дата06.02.2022
өлшемі406,43 Kb.
#48042
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
БІРІНШІ БӨЛІМ
ЖҰЛДЫЗДЫ ӘЛЕМ ЖОЛЫНДА
Күткен күн
«Егіздер» дейтін есімге ие болған жаңа құрамның арнайы дайындық жургізгендеріне бір жыл толған құрметіне бүгін бәрі мейрамханаға жиналды. Қанша мықты болса да, жыл. бойындағы дайындық қай-қайсысын да титықтатып-ақ тастаған. Адам баласы қай нәрсені де өз басынан кешпейінше түсінбейді. Бүгінде кеме құрамының әрқайсысы өзіндік ауырлықты қатты сезінеді. Он екі айдың ішінде оларды нешеқилы ойлар да мазалаған. Бұдан бұрын осы Күн жүйеміздегі ғаламшарлар мен олардың серіктеріне сапар жасаса, енді бұларды одан тыс алыс сапар күтіп тұр. Бүгінгі күнді бәрі де асыға күткен. Өйткені, дайындығы қанша күрделі, қиын болсада, жұлдызаралық сапарға шығу адамзаттьтң - о бастан бергі арманы.
Алапат кеменің құрамына алты адам енген. Оның мәнісі — өздері жұлдызаралық кемемен ұшып баратын ғаламшардың аспанында алты бірдей Күн бар. Осы алты жігіт өздерін дәл сондай алты Күнге теңегендей. Кемеге де «Егіздер» деп бекер ат қоймаған. Жыл бойындағы дайындық сабақтары құрам мүшелерінің бір-біріне деген достык, тусіністік қатынастарын күшейте түскен. Ал ұшатын уақыт таяған сайын олардың назарлары алыста қалатын Жер ғаламшарьша ауған. Алтауы да сұр бойдақ. Осы уақыт аралығында біраз қыздармен де танысқан. Бірақ олардың ешқайсысын да жұлдызаралық сапарға өздерімен бірге алып кете алмайтындарына көздері жеткен соң жүректері қанша сыздаса да, махаббаттың отын өлеусіретіп, тек достық, аға мен қарындас болып қала берген.
Ғарышкер болудың да адам біле бермейтін мехнаты көп. Бір жыл бойында не қызық көрді бұлар. Уақыттары қашан да санаулы, шектеулі. Оның үстіне ұшар алдында қайсі біршің кенеттен ауырып-сырқап қалуы да мүмкін. Ол жағын да ойлмай қоймайды бәрі. Мұқият дайындық, денсаулықтарының күн сайын қадағалануы адамның әдеттегі тірішілігінен оқшаулатып та жіберген. Кеме іші - өзінше бөлек бір әлем. Жерден ұшын шыққан соң-ақ бүкіл әрекеттері соның ішінде өте бастайды. Кемеде адам-пенденің де, өзге жан иелерінің де тірішілік етуіне барлық жағдай жасалған. Алапат жұлдызаралық кеме ішінде оранжерея, демалатын орын, спорт залы, бассейн, хайуанаттар мен құстар және басқа да көптеген бөлімдер бар...
Мейрамханаға жиналған құрам мүшелері емен-жарқын жүрмесе де, әдеттегілерінен әлдеқайда көңілді. Орталарында өздері сайлап алған құрам басшысы бар. Оның есімі Тәкен әкесіиің аты Нартай. Бойы орташа, денесі мығым, бет-бейнесі ат жақты келген. мұрты бар. Шашы қысқа. Көзі сәл шүңіректеу. Бірақ көздері өте қырағы. Ол жұлдызаралық сапар дайындығына бірінші болып өтініш берген. Ойы орнықты. Ешкімге ешқашанда жамандық ойлаған емес. Ойламайды да. Қиындыққа төзімді. Сыр бермейді. Тапқырлығы да бар. Осында келгенде а дегеннен сондай қасиетімен де көзге түскен. Алыс жұлдызаралық сапарға ұшатын осы құрамның жасақталуға ықпал еткен де өзі. Бойдақ. Әкесі мен анасынан ерте айырылған. Сөйтіп, туыстарының қолында өскен. Кейін ғарышкерлер мектебін бітірген. Жер төңірегіндегі «Жер-2» қаласын салуға атсалысқан. Сол қалаға түрлі құрылыс заттарын тасуда, тағы басқадай қиын істерде ерекше көзге түскен. Күн жүйесіндегі Қызыл ғаламшар, Шолпан, Асқақ ғаламшар және олардың кейбіреулерінің ірі серіктерінде бірнеше рет болып қайтқан. Жалпы, ғаламшарлар, жұлдызды әлем туралы кітап та жазған. Қысқасы, оның ғарыш жерлік тәжірибесінің молдығы бұл жұлдызаралық сапардың құрамына басшы болуға негіз болып тұр. Мамандығы - ғаламшар археологы.
Онан кейінгі орынды алатын, орынбасары саналатын жігіттің аты-жөні Азамат Амангелдіұлы, Ол да денелі. Беті толықтау. Майлы болғандықтан, беті кейде жарыққа шағылысып жалтырап тұрады. Шашы жатыңқы. Кірпі шаш емес. Ара-тұра оң қолының саусақтарымен кейін қарай сипап-сипап, тарап-тарап қоятыны бар. Сөзуар. Жылдам қозғалады. Замандастары жайлы пікір айтқыш. Тәкен оны осындай мінезі үшін өзіне орынбасар етіп алған. Жерден ұшын шыққаннан кейін кеменің ішіндетек алтауының ғана қалатыны белгілі. Ал қалғандардың бәрінің де санасыз тірішілік иелері екені болса да түсінікті. Тәкен ол жағын да ойлаған. Алтауы бірдей тымырайып отырса, кеме ішіндегі уақытқалай өтсін, жол қысқарту үшін әңгіменің керек болатынын бастан, ата-бабаларымыздан келе жатқан дәстүр емес пе. Жақсы әңгіме қашан да жанды, жадыратып, денеге күш-қуат сыйлайды, істерімң тезірек ілгерілеуіне мүмкіндік тудырады. Азамат оптимист. Ол ешқашан да әлденеге ұшырап қаламыз-ау деп те ойламайды. Ойлағысы да келмейді. Оның өзі де бір рух болып табылады. Тәкен ол жағын да ескерген. Сонымен бірге Азамат кез келген қиын сәтте жол тауып кететін жігіт. Өзі бойдақ. Тағдыры да Тәкендікіне ұқсас. Жетім ескен. Өз күшімен тырмысып жүріп, жол тауып жүріп, ғарышкерлер құрамына кірген. Күн жүйеміздегі Уран, Нептун, Плутон сияқты Күннен шалғай орналасқан ғаламшарларға ұшып барып, олардағы қиын да күрделі зерттеулерге қатысқан. Ғарышқа сапар шегуден тәжірибесі мол. Тәкеннің оныорынбасар етіп алуына негізгі бір себеп те сол еді. Мамандығы геологғарышкер.
Үшінші жігіт - Сәлмен. Әкесінің аты Әбдіғаппар. Ол ұзын бойлы:жігіт. Бет-әлпеті жалпақтау келген. Көздері сәл қысыңқы. Өзі арық.Бірақ денсаулығы мықты. Білімі мол. Уақыты қанша тар болып жатса да күнделікті жаңалықтарды радиодан тыңдаудан, теледидардан көру мен газет-журналдарды оқудан еш жалықпайды. Өз ісіне ұқыпты. Тек баяу қозғалады. Пікіршіл. Бірдемеге кішкене күдіктене бастаса, соны қазбалап, қайталап сұрай береді. Құрам үшін ондай да адам керек еді. Тәкен оның дұрыс жүретінін ұнатқан. Сәлмен Күн жүйеміздегі Асқақ ғаламшарды зерттеу ісіне көп қатысқан. Алып ғаламшардың серіктерінің табиғатын жақсы біледі. Ол Иода да, Ганимед, Каллисто мен Еуропада да болып қайтқан. Олардың кейбіріндегі мәңгілік мұз-тоңдарды бұзып-жаруда ерекше көзге түскен. Өзі бір үйдің жалғыз ұлы. Әке-шешесі қайтыс болған. Жақын туыстары баршылық. Бірақ олармен сирек араласады. Өз ісіне мейлінше берілген. Ғарыш сапары десе, ішкен асын жерге қоюға даяр. Тәкен осы жағын да есепке алған. Сәлменнің тапқырлығы да бар. Көп жағдайда адамның ойына келе бермейтін ақыл-кеңестер беріп отырады. Өздері ұшып баратын Егіздер шоқжұлдызындағы әрбір жұлдызды жақсы біледі. Соған қарай ұшуды, ондағы әзірге беймәлім ғаламшарды зерттеуді ұсынғандардың бірі де осы Сәлмен. Мамандығы - химик ғарышкер.
Төртіншісі - Жақан Артықұлы. Ол денелі жігіт. Бет-жүзі қызылшырайланып тұрады. Дауысы сәл қарлығып шығады. Білімді. Мамандығы — биолог ғарышкер. Қызыл ғаламшар мен Шолпаннан тіршілік көздерін іздеушілердің бірі. Сол екі ғаламшарға жасаған сапарында талай ерлік те көрсеткен. Ашқан жаңалықтары да бар. Бойдақ. Көп балалы үйде өскен. Бір сөзді. Пікірін көп ойланып барып қана ортаға салады. Көпшіл. Жастайынан хайуанат атаулыға құмар. Көп баланың ішінде ол өзінше ерек көрінетін ата-анасына. Ауыл табиғатында тіршіліктің небір көріністерін көрудің мол мүмкіндіктері бар. Жақан сол балалық шағынан бастап-ақ табиғаттағы тіршіліктің қалай пайда болғанына назар аударатын, соны зерттей түсуге ынталанатын. Ол тек қана Жердегі емес, Күн жүйеміздегі ғаламшарлардан тіршілік көздерін іздейтін. Соны табуды ылғи да арман- дайтын. Ендігі арманы да алыс жұлдызаралық сапарға аттанып, ондағы ғаламшарлардан тіршілік көзін табу еді. Сол арманы да орындалуға жақын қалған. Жақан кемеге көптеген хайуанаттар мен құстарды, түрлі өсімдіктерді алдырды. Олардың бәрі де тікелей өз қарауында болмақ.
Астрофизик олардың ешқайсысына да ұқсамайды. Оның аты-жөні Сәрсенбі Сапарұлы. Оның бойы аласа. Бірақ денесі мығым. Қаралау реңді жігіт. Бет-жүзі дөңгелек келген. Адам баласымен сөйлескенде күлкісі келсе де, келмесе де жымиып тұрғаны. Ол қасиеті бір жағынан адамды өзіне тартуға негіздей. Ниетінің ақтығы, тілінің майдалығымен қандай кісіні болса да біраз сөйлескеннен соң-ақ өзіне баурап алады. Достарына сыйлы. Еңбекқор. Үлгілі отбасындағы үш баланың бірі болып өскен. Жастайынан жұлдыздарды бақылауды ұнатқан. Кейіннен Астрофизика институтын бітіріп, ғарышкерлер құрамына енген. Оның ғарыш сапарынан мол тәжірибесі жоқ. Қызыл ғаламшарға ғана кемемен ұшып барып қайтқан. Көбінесе теоретикалық есептеулермен айналысады. Бұл құрамғаол өз ынта-ықыласымен енген. Өзі мейлінше әңгімешіл. Техника саласына да бейім. Өзі құрастырып алған түрлі құралдары да бар. Мектеп қабырғасында жүрген кездің өзінде-ақ ол осы салада ерекше көзге түскен. Бүгінде ол жағына саябыр. Бірақ оны ұмытып қалған жері жоқ. Өзінің шағын жекеменшік әуе кемесі де бар. Ендігі арманы осы сапарға қатысу еді. Ол күткен күнге де жетті.
Үлкен дастарханның бір шетінде өзінше ойға батып отырған философ Сейдолла Тілеулесұлы әңгіменің тиегін ағытқан. Қай кезде де өзін өзгеден жоғары санап, жоғары ұстайтын ол айналадағыларға ақыл-кеңес айтып отырады. Өзі Қазақ ұлттық университетінің философия факультетін бітірген. Жастайынан спортпен айналысқан. Дельтапланмен, бір кісілік әуе кемесімен талай рет өткен жарыстарға қатысып көзге түскен. Жүлделі орындарға ие болған. Университетті бітірісімен ғарышкерлер құрамына енген. Оның әңгімелерінің негізгі дені дүние әлемі туралы. Дүние әлемінің қалай пайда болғаны, оның бұдан әрі қарай қалай дамып кетіп бара жатқаны жөнінде жиі айтады. Кітапты көп оқиды. Көп ізденеді. Ол кеменің бір бөлімін кітапхана етуді ұсынған. Сонымен бірге ол өзі бейнефильм түсірумен айналысатындықтан бейнекамералардың түр-түрін ала шығуды да ұмытпаған. Көп оқып, көп ойланғандықтан денесі кейде қозғалақтап кетеді. Кездерін жиі жыпылықтатады. Бірақ соған қарамастан өз ісіне берілген. Денсаулығы қалпында. Әңгіменің майын тамызып айтады. Баспалардан жарық көрген кейбір философиялық кітаптарға пікір де айтып қояды. Кеме құрамына мұндай да адам қажет еді. Оның үстіне бәрі де бір-бірін жақсы білетін достар.
Мейрамхананың тамақ тасушылары қайта айналып келгенше бұлар біраз әңгіменің басын шалды. Бірақ әңгіме еткен тақырыптары ғарыш пен жұлдызаралық сапардан мүлдем қашық еді. Ғарышкерлердің қай қайсысы да өздері ғашық болып, бірақ махаббаттарын баянды ете алмай алысқа кетіп бара жатқандарын айтып бірі жеңіл, бірі ауыр күрсінген еді. Ол қыздардың бәрі дерлік өздерімен тұрмыс құруға келісімдеріи бер- ген. Бірақ, мына ұзақ сапар оған мойын бұрғызбаған. Жап-жас қыздарды бас иесіз етіп тастап кете беру халыққа ешқандай да пайда бермек емес. Онан да олардың көңілі қатты соқпаса да, сыйластыққа жарайтын бір бір жігітпен отау тігіп, үй-жай болып, бала-шағалы күйге кешкені әлдеқайда пайдалы болмақ. Ғарышкерлер осы тұрғыдан ойлап, отбасын уақытша құрудан бас тартқан. Қай қайсысы да бір махаббат үшін жастайынан армандаған, оған әрең қолы жеткен жұлдызаралық сапардан бас тартып қала алмақ емес. Бұл ел ғана емес, күллі Жер халқының болашағын шешетін, елге бақыт сыйлайтын жұлдызаралық сапар еді. Бұл үшін қаншама тер төкті. Сондықтан да жүректері қанша сыздаса да, қыз жүрегін қанша жараласа да, бәрібір, осылай жасауға тура келген. Бұл күн - күткен күн. Ұшар алдындағы Жердің дәмін тататын сәт еді. Бәрінің мейрамханаға жиналғандарының басты себебі де осы. Бірақ бұл жұлдызаралық сапар Жер шары халқы таңдана қоятын алғашқы сапар емес. Жұлдызаралықсапарға ниет білдіргендер осындай күрделі дайындықтардан өтеді де, күні келгенде Байқоңыр ғарыш айлағынан аттанып кете береді. Сондай сапардың бірі ғана бұл. Бүгінде жұлдызаралық сапардан дін-аман оралған бақытты ғарышкерлер да бар елде. Жұлдызаралық сапарда мүлдем хабарсыз кеткендер де жоқ емес. Ондай көңілсіз жайды ғарышкерлердің ешқайсысы да дәл қазір естеріне түсіргісі келмейді. Бәрі де оптимист, бәрі де келешектен тек баянды бақытын күтеді.
Кеңістік те мұхит тереңі сияқты. Оған адам баласы кібіртіктеп енген. Әуелі оған қарай ішінде адамы жоқ түрлі автоматты ғарыш кемелерін жіберген. Ал жалпы аспан денелерін зерттеуді Жердің жалғыз табиғи серігі айдың табиғатын терең зерттеуден бастаған. Жұлдызаралық сапарға аттанудың басты мектебі де осында. Бүгінде ай беті адам танығысыз өзгерген. Бүгінде ай мен Жердің арасы кәдімгі бір ауыл мен ауылдың екі арасындай ғана болып қалғандай әсер береді. Жекеменшік ғарыш кемесі бар адам Айға кез келген сәтте ұшып барып келе алады. Ай түгілі, бүгінде Күн жүйеміздегі өзге ғаламшарлар мен олардың серіктеріне ұшып барып келу ештемеге тұрмайды. Бірақ олардың қай қайсысына да ұшқан адам кеме терезесінен Ай әлпетін бір көрмей, қажет кезде оның бетіндегі «Қазақстан» ғарыш айлағына қонып кетпей сапарын одан әрі қарай жалғастыра алмайды. Айға соқпай ұшып өтетін жолаушылар ғарыш кемесі кем де кем.
Күн жүйесіндегі кеңістікке адам баласы Жер шарының аспанында ұшқандай әбден үйреніп те алған. Бүл кеңістікте енді қашық деген ұғым да ескіре бастаған. Бүгінде кез келген адамға Күн жүйесі кеңістігінде жасалған сапар бір кездегі ел мен елдің арасына сапар шеккендей ғана әсер қалдырады. Енді тек алыс жұлдызаралық сапарларға сапар шеккендердің тағдырлары мен жаңалықтары ғана адам баласын елеңдетеді. Әрбір ғарышкерлер тобы өздері ұшып баратын жұлдыздарға немесе сол жұлдыздардың төңірегіндегі өздері қоныс тебетін ғаламшарға ат қойып та алады. Бірақ бәрінің де мүдделері бір. Қандай жетістік болса да, қандай жаңалық ашылса да, қазақ жері, қазақ халқы үшін жасалады. Абырой да, атақ та қазақтыкі. Бүгінде жұлдызаралық сапарға атта- нып жатқан, аттанамын деп үміт артқан ғарышкерлер көп. Олар Америка Кұрама Штаттарынан да, Жапония мен Үндістан, Қытайдан да аттанып кетіп жатыр. Тіпті, ең кішігірім деген мемлекеттердің өздері де тыным көрмейді. Күн жүйеміздегі ғаламшарларға ғарыштық базаларын орналастырып үлгергендері қаншама.
Қазақ жігіттерінің бұл жұлдызаралық сапары солардың бірі ғана. Сондықтан да ол елеусіз, үйреншікті. Бүгінде жұлдызаралық сапарға ұшу аса елең еткізерлік жаңалық та емес, онан гөрі ғылымда ашқан жаңалық адам пендені қуанышқа белемек. Сондықтан да әрбір ғарышкерлер тобы алдарына бір-бір мақсат қояды. Тәкен бастаған топтың мақсаты Егіздер шоқұлдызының Ақлағыл жұлдызы жүйесіндегі тіршілікті делінген ғаламшарды зерттеп, ондағы саналы тіршілік иелерімен тіл табысып қайту. Егіздерде Кастор және Поллукс делінетін екі жарық жұлдыздың бары ғылымға о бастан белгілі жігіттері солекі ғажайып жұлдыздың төңірегінде болмақ. Тәкен оның ең жарығына «Ақлағыл жұлдыз» өздерінің бір ата-анадан туылған егіз балалардай тату-тәтті дос екендіктерін көрсететін символ. Ал Ақлағылдың төңірегіндегі күрделі жұлдыз жүйесінің ғалымдарды көптен бері ойлантып-толғантып келе жатқаны болса да белгілі. Оған қарай өздерінен бұрын да талай-талай ғарышкерлер тобы жұлдызаралық кемерермен аттандырылған болатын. Олар Жер шарындағы өзге дамыған елдерден барған-ды. Бірақ олардың ешқайсысы да ол жұлдыздар мен ғаламшарлар жөнінде тиесілі ғылыми мәліметтер бере алмай із-түзсіз кеткен. Не телебайланыс арқылы мандытып хабар да тарата алмаған. Олардан кейінгі оған қарай ұшуға бел байлап отырған осы ержүрек жігіттер. Ғарыш заманына жол ашқан, жұлдыздарға жол салған Байқоңыры бар елдің, қазақ жері мен елінің төл азаматтары.
Бәрі де толқулы. Мейрамханада қанша көңілді отырса да көкейлерінде ұялған бір сағыныш сезімі тұла бойларын жайлап алған. Қаланың түнгі әдемі көріністерін тамашалай жаяу жүргенді қалады енді бәрі де. Әңгіме тиегі ағытылып та кеткен. Көлікпен жүру дегенді де біржолата дегенді де біржолата естерінен шығарғандай. Туғандарымен, сүйген қыздарымен бұдан бірнеше күн бұрын-ақ қоштасқан. Өйткені, тап аттанар алдында қоштасу жасап, ғарышкерлердің көңіл-күйілерін бұзуға болмайды. Жұлдызаралық сапардың қатаң талабы осындай. Өздері қайтып оралғанша ағайын туыстардан, дос-жарандардан кімнің тірі болып, кімнің бақилық боларын бір құдайдың өзі ғана біледі. Өз тағдырлары да енді үлкен кеменің жағдайына байланысты болмақ. Барып қайтқанша өмірлері тек соның ішінде өтпек. Даласы да, үйі де, өзені мен тауы да сол. Ұзақ сапарда қай қайсысының ды мына өздері емін-еркін басып келе жатқан қара жердің өзі де аңсатар-ау. Салмақсыздық, шектеулі орта, жасанды тәулік, сағат-минут есептеп жасайтын күрделі жұмыстар, тағы тағы басқаның бәрі де бастарынан өтпек. Ғарышкерлер бір мезет оны да ойлады. Әрқайсысы ңгіме арасында аспандағы мың-сан жұлдыздардың арасында ерекше жарқырап тұрғандай. Егіздер шоқжұлдызына жиі-жиі көз салып та қояды. Ондағы Ақлағыл ерекше лапылдап, менмұндалап, бейнебір өздерін асыға шақырып тұрғандай. Тәкен де ол Касторға Ақлағыл деп бекерден бекер әсем ат қоймаған. Ол да атына сай сияқты. Оның жанындағы жұлдыздар да қазақ ғарышкерлерін асыға күткен адамдай жамырай қарайтындай көмескілеу болса да жыпылық қағады. Жымиятын да сияқты. Ендігісін уақыт – төре шешпек.
Жігіттер аллея бойымен ұзақ жүрді. Ғарышкерлер қалашығы бұл түні де тыныш емес еді. Ғарышқа ұшқалы жатқан, ғарыштан келіп қонып жатқан кемелер қаншама. Бір кездері аңызға бергісіз болып ел арасында айтылатын ұшатын беймәлім табақтарға ұқсайтындары да жеткілікті олардың. Әсірісе, түн мезгілінде неше түрлі пішінді кемелердің түрлі түсті шамдары, олардың жиі-жиі жыпылық қағуы адамға ерекше бөлек әсер етеді. Бұл арада ғарышкерлерден басқа адам баласы болса, оларды неше саққа жүгірткен болар да еді ендігі. Ал жігіттерге тек кемелер ғана смес, аспандағы әрбір жылт еткен жұлдыз жақсы таныс. Олар өздерінің қай мамандықтың иесі екендеріне қарамастан жұлдызнама ғылымымен шыңдап айналысқан. Онсыз ұзақ жолды жұлдызаралық сапарға аттануға болмайды. Олар физиканың да небір күрделі заңдылықтарын жақсы білуге тиісті. Жұлдызды аспанды тап өзіндей етіп көрсететін планетарийдің жетілдірілген түрі де бар кемеде. Ал Күн жүйеміздегі ғаламшарларға сапар шегуден тәжірибелері бар болғандықтан қай қайсысы да білікті. Жерден ғарышқа қалай сәтті аттануды да жақсы біледі бұлар.
Өздері кемеге отырып, қалықтай көтеріліп, биіктеп, жылдамдық артқан сайын Жер де өздерінің төңірегінде шыр айналып қалып бара жатқандай болады әлі. Содан кейін ол бірте-бірте алыстап, ақыр соңында кіп-кішкентай ғана бір көгілдір, уысқа қысып жібергенде шытынап сынып кететіндей бір денеге айналады. Содан соң-ақ өздері мінген кеме ғаламат үлкен бір орынға айналып шыға келгендей де сезіліп кетеді. Жер де, ел де үй де сол кеменің әзі ғана болмақ. Әркімнің көкейінде өз арманы бар. Іштегі жоспар болса да әлдеқашан жасалған. Алтауы дос-сырлас болғандықтан көп жағдайда іштерінде анау-мынау сырын жасыра бермейді. Ал ғарыш кеңістігне ұшып шыққан соң бір біріне деген жанашырлық бұдан да арта түседі бәрі де бір отбасының адамдарындай болып жақындасып та кетеді. Күні кеше ғана әрқайсысы өздерінің туыстарымен, достарымен сүйген қыздарымен қоштасты. Сол қоштасудың әсері ұшатын уақыт таяп келе жатқан сайын жүректерін сыздатуда. Мына түнде ол сағыныш еселепе түсетін де сияқты. Алыс жұлдызаралық сапарға ұшардан бірнеше күн бұрын қоштасу рәсімін жасаудың мәнін де ғарышкерлер енді түсінді. Бұл психологиялық зерттеудің нәтижесі екен. Бұлай етпейінше тағы да болмайды.
Алты жігіт жұлдызды қалашықтың аллеясында асықпай-саспай біршама уақыт осылай серуен құрып, шамалы әңгімелескеннен кейін көңілдері көтеріліп жатын орындарына қарай жүрген. Қай қайсысы да іштегі ой-армандарын орындағандай болып, кәдімгідей марқайып та қалған. Ерекше бір қиял сезіміне де бөленген. Енді қай қайсысы да алда тұрған ұзақ сапардың тезірек басталуын асыға күтетіндей бір күйге де көшкен.Олай етпей қайтсін, бұл сапар елге жария етілсе, алдарында ел тапсырмасы тұрса. Оны орындап қайтудың өзі де өздеріне үлкен бақыт емес пе. Алтауы аллея бойымен келе жатып тағы да аспанға кез тастады. Егіздер шоқжұлдызы шынымен-ақ өзіне шақырғандай жыпылықтап, менмұндалап тұр. Бұлар енді жас балаша қолдарын көтеріп, ол шоқжұлдызға «Сәлем!» дегендеи белгі беріп жатын орындарына жетті, тып-тыныш қана жүріп өзді-өзді бөлмелеріне енді.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет