Жасанды тамақтандырудың әдістері. Емдік диеталар. Науқастарды тамақтандыру


НАУҚАСТЫ ГАСТРОСТОМА АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ



бет9/13
Дата30.05.2023
өлшемі67,53 Kb.
#178010
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Жасанды тамақтандырыудың әдістері 8
62298, 62298, ТП каз (2), 12-14, байланыстыра, Титулки-Тесты, 1444200650275, Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары, Отбасы және қазіргі заман, Смайлы А3, Смайлы А3, Смайлики Кері байланыс, шапка ктп, 12 101945 1 90173, силлабус ҚМТҚ Жәниет Н.Б.
НАУҚАСТЫ ГАСТРОСТОМА АРҚЫЛЫ ТАМАҚТАНДЫРУ
Мақсаты: науқасты тамақтандыру.
Қолдану көрсетілімдері: ас қорыту жолының ауыз қуыс-асқазан учаскесінін өткізгіштігінің бұзылуының барлық жағдайлары; жак-бет операциясы және жарақаты; ауыз қуыс, жұтқыншақ және өңештің жарақаттануы; бас-ми, жарақатында қатерлі ісіктерде зақымдануында жұтынудың бұзылуы; өңештің күйгінде.
Дайындаңыз: залалсыздандырылган: шыны құйгыны, резеңке түтікті, сүрткілерді (500 мл көлеміндегі) ыдысты сүйық тамақпен 35-45°С дейін жылытылган, қысқышты, жабысқыш пластырьді.
Іс-әрекет алгортмі
1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
2. Науқасты алда болатын тамақтандыруга дайындаңыз.
3. 35-45°С дейін жылытылган жартылай сүйық тамақты даярлаңыз.
4. Науқасқа жогарғы Фаулер қалпын беріңіз.
5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолгапты киіңіз.
6. Резеңке түтіктен кіретін тесікті жабатын салфетканы жэне қысқышты алыңыз.
7. Резеңке түтікке шыны қүйгыны жалгастырыңыз.
8. Қүйгыны сәл қырына науқасқа қарай еңкейте отыра, жогары көтеріңіз.
9. Даярланган тамақты аз порциямен асқазанга қүйғы арқылы енгізіңіз.
10. Шайді ішкізіп болған соң қүйгыны жэне резеңке түтікті жуыңыз.
11. Қүйгыны алып, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз.
12. Резеңке түтіктін шетіне залалсыздандырылган сүрткіні салыңыз, қысқышпен қысыңыз.
13.Гастростомагакүтімді жүргізіңіз (гастростоманы күту стандартын қараңыз).
14.Қолыңыздыжуып, кептіріңіз.






Парентеральды немесе қоректік заттарды қан тамыры арқылы жіберу
Асқазанға жасалған операциядан кейін, ісік болғанда ас қорыту жүйесіндегі аурулар кезінде парентералдық тамақтандыруды белгілейді. Бұл үшін 5% глюкоза ерітіндісі, белокты препараттарды, дәрумендерді, минеральды тұздарды, жүйе /система/ арқылы тамшы күйінде жібереді. Қоректік заттарды қанға құяр алдында 37-38˚C –қа дейін жылыту керек. Қоректік ерітінділерді қанға тамшылатып жібергенде оның тамшылар жылдамдығына мұқият қараған жөн. Мысалы, гидролизин, гидролизат казеин ақуызы, фибринсол, полиаминдерді алғашқы 30 минут ішінде минутына 10-20 тамшы жылдамдықпен тамызу керек, осы аралықта науқас тарапынан ешқандай өзгеріс байқалмаса, онда минутына 40-60 тамшы жылдамдықпен тамызуға болады.
Полиамин ерітіндісін алғашқы 30 мин ішінде минутына 10-20 тамшы, содан соң 1 минутта 25-35 тамшыдан тамызады. Липофундин S /10% ерітінді/ алғашқы 10-15 минут ішінде минутына 15-20 тамшыдан тамызылады, ал науқас тарапынан ешқандай өзгеріс болмаса, бірте-бірте тамшы жылдамдығын көбейтеміз, минутына 60 тамшыға дейін жіберуге болады. Мысалы, 500мл ерітіндіні құю 3-5 сағатқа созылады.
Ақуызды препараттар қанға жылдам кетсе, онда науқастың екі беті қызарып, денесі ысып, тынысы тарылады. Сол себепті қоректік заттарды қан тамыры арқылы жібергенде өте мұқият болған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет