Жақсы ата-ана болуды үйренеміз айдан жасқа дейін қуан, СӘБИ!


МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ АТА-



Pdf көрінісі
бет17/229
Дата06.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#81640
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   229
Байланысты:
Публикация на каз

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЖӘНЕ АТА-
АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА ДАБЫЛ БЕЛГІЛЕРІ -
6 АЙЛЫҒЫНДА БАЛАНЫҢ КЕЛЕСІ ҚИ-
МЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ БОЛМАУЫ:
11
БІР ЖАС ІШІНДЕГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖҮЙКЕ-
ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ 
2


6-12 АЙЛЫҒЫНДА БАЛАНЫҢ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒА-
ЛЫСТЫҚ ДАМУЫ 
Бұл кезеңдегі балақайдың қимыл-қозғалыстағы белсен-
ділігі алдыңғы айлардағыға қарағанда әлдеқайда тез 
дамиды. 
6-7 айлық бала ұзақ уақыт бойы етбетінен, жазылған қос 
немесе бір қолына сүйеніп жата алады, бұл қалыпта қолдары 
босаңсыған, бала етбетінен жатып, ойыншықтарды және басқа 
да заттарды еркін басқара алады. Етбетінен жатқанда баланың 
денесі мен аяқтары жоғары қарай ашылған доға пішініне 
келеді. Бала шалқасынан етбетіне, етбетінен шалқасына еркін 
аударылады.
7 айлығында барлық дерлік (ересектер отырғызып қойған) 
балалар арқасын тік ұстап, қолдарын алдына сүйеніш ретінде 
тіреп, отыра алады; сүйеусіз бір минуттан бірнеше минутқа 
дейін отыра алады. Кейінірек, 8-9 айлығында балалар бір 
жағында жатқан затты алу үшін денесін бір бүйіріне қарай бұра 
алады, осы уақытта «бүйірлік қорғаныс реакциялары» пайда 
болады, яғни, бала денесін бір жаққа немесе артқа бұрғанда те-
пе-теңдікті сақтау үшін қолын сүйеу ретінде бір жағына тірейді. 
7-8 айлығынан бастап, бала бір білегіне, содан соң – жазылған 
қолына таянып, «бір жағына шынтақтап жатып» ойнай алады.
Еңбектеу де кезең-кезеңмен дамиды: алдымен бала етбетінен 
жатып, айнала аударылады (5,5-5,7 айлығында), ал кейін 
етбетінен артқа қарай, сосын етбетінен алға қарай еңбектейді. 
Балақайлардың көпшілігі төрт аяқтап еңбектеуге барлық 
алдыңғы кезеңдерді кезек-кезегімен игергеннен кейін көшеді
бірақ кейбір балалар етбетінен еңбектемей-ақ, бірден төрт 
аяқтап еңбектей бастайды. Әдетте, балалар 8,5-9 айлығынан 
бастап төрт аяқтап еңбектейді. Кей балалардың еңбектемеуі 
қалыпты жағдай емес. Баланың 
9-10 ай толғанда неге 
еңбектемейтінінің негізді себептерін анықтау қажет (жүйке 
жүйесінің сырқаттары, мешел ауруы (рахит), баланың қимыл-
қозғалыста тәжірибесінің жоқтығы, ата-ана тарапынан шамадан 
тыс қамқорлық көрсету).
8,5-9 ай толғанда балалардың көпшілігі өз бетінше отыра 
алады. Көбінесе, балалар алдымен етбетінен немесе төрт 
аяқтап тұрып отыруды үйренеді. Егер бала осы қалыптардан 
өз бетінше отыру қалпына көше алса, өз бетінше отырады деп 
саналады. «Шалқасынан жатқан» қалыптан өз бетінше отыруды 
бала 9-11 айлығында игере бастайды.
12


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   229




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет