Жасөспірімдерде девиантты мінез-құлықтың пайда болуының əлеуметтік-педагогикалық себептері


В.М. Мясичев, Н.А. Коновалов девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің пайда болу себептерін үш топқа бөлген



бет2/2
Дата24.05.2020
өлшемі33,16 Kb.
#70895
1   2
Байланысты:
девиантты мінез

В.М. Мясичев, Н.А. Коновалов девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің пайда болу себептерін үш топқа бөлген:

  1. Əлеуметтік-педагогикалық ортаның жадайлар мен қоғамға ұйытқы болуы;

  2. Жүйке психикалық жай-күйлерінің нашарлауынан туындаған ;

  3. Құқықты ұстамаған қылмыскер, қатігез, жауапсыз, қаңғыбас балалардың ықпалы əсері.

Дж. Смелзер девиантты мінез -құлықты изоляцияға емделуге, қамауға алынған жəне басқада құқық бұзудың жазалауларына əкелетін топтық нормадан ауытқу деп санайды. В.И. Добреньков жəне А.Н. Кравченко «қоғамдық көзқараста мақұлданбайтын əрбір қылық» деп қарастырады.

Айта кететін жайт, шетел əлеуметтанушыларының қолданысы бойынша девиантты деп, қоғамда қабылданған болмашы нəрседен бастап күрделіге жеткізетін əлеуметтік нормаларды бұзу. Тар мағынада алатын болсақ қылмыстық кодекске əкелмейтін болмашы іс-əрекеттер.

Девиантты мінез-құлыққа сай келетін мəдени релятивизм: болып жатқан іс-əрекет қоғамда қалыпты деп есептелсе, енді басқа жерде əлеуметтік патология ретінде қарастырылады.

Көптеген зерттеуші ғалымдардың тұжырымдамаларына жүгінсек девиантты мінез –құлықты жасөспірімдерге тəн ортақ қылық – ол ата-аналар мен ұстаздарға қыр көрсету, бір нəрсені өзінше жасау, үлкендердің тілін алмау, жағымсыз жандармға еліктеу, темекі тарту, біртіндеп ішкілікке үйрену, ұрлық жасау тағы сол сияқты болып табылады. Осындай жат қылықтарды елемеу – жасөспірімдерді теріс жолға түсіріп, қылмыс жасауға итермелейді, адамгершілік ардан аластатып, бара-бара қоғамға сүйкімсіз, жеккөрінішті жандар қатарына  қосары сөзсіз.

Л.В. Занков, М.С. Певзнер, В.Ф. Шмидт баланы девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің қатарына қосатын: отбасы, мектеп жəне көше жолдастары, яғни қоршаған ортасы болса, дұрыс жолға түсіретін мүмкүндіктер: оның алдын-алу, оқу-тəрбие жағдайында қоғамдық жұмыстарға тарту, оңды қасиеттерін сұрыптап алып, соның негізінде өзіндік сенімін арттырып, өзін-өзі тəрбиелеуге тарту немесе қылмыстық əрекеттер дəрежесіне орай арнаулы тəрбие мекемелеріне бөлуді жатқызған.

Девиантты мінез-құлықтың пайда болуына отбасы тəрбиесінің дұрыс ұйымдастырылмауы: Олар: əке-шешесінің теріс үлгісі, ата-ананың біреуінің болмауы, үй ішіндегі еңсені  басатын ауыр жағдай – отбасында өнебойы болып тұратын ұрыс, жанжал. Баланың табиғи психологиялық ерекшеліктерін ескермеу. Өкінішке орай отбасының теріс қылықтарын атап көрсету оңай, түзету қиын.

Мектептегі оқу-тəрбие жұмыстарын ұйымдастыруда кеткен кемшіліктер: жекелеген оқушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін, ынта-ықыласын, қызығушылығы мен талап-тілегін ескермеу.

Сонымен девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді əлеуметтік педагогикалық мінездемелері жағынан төрт топқа бөлеміз.

Бірінші топқа жататын девиантты мінез-құлықты   жасөспірімдердің    мінез-құлқында  дөрекілік,қатігездік, мейірімсіздік, үлкен-кішіні сыйламау сияқты əдет-дағдылар толық қалыптаспағанымен, олар іштей өз жүріс-тұрыстары мен іс-əрекеттеріне баға бере алмайды. Бірақ өз мінез-құлқын өзгертуге талаптанады.

Екінші топқа жататындар адамгершілік қадірқасиеттерді төмендей бастаған, əлеуметтік байдарлары қоғамға жат сыңаймен сипатталады. Бұлар қатігездік қылықтарымен қатар, ұрлық, тонау, зорлық-зомбылық жасау, темекі мен наша тарту, уытты сұйық заттарды иіскеу сияқты əдеттерге икемдене бастаған.

Бұл топқа тəртібі нашарлаған, құқық тəртібін бұзушы жасөспірімдер жатады, бірақ бұл балалар əлі бұзыла қоймаған, өз мінез -құлықтарын түзетуге мүмкүндік қабілеті бар, тек педагог тарапынан басқаруды талап етеді.

Үшінші топқа өз мінез-құлықтарын басқара алмай, өзін-өзі тəрбиелеуге бейімділіктері жоқ жасөспірімдердің шағын тобы жатады.  Қоғамға жат мінез-құлықтары қалыптаспағаны сонша, олар өздерінің теріс қылықтарына талдау бере алмайтын кəмелетке жасы толмаған қылмыскерлер. Бұл  топқа қатігездік, зорлық-зомбылық көрсетумен қатар ұрлық, тонау, ішімдік жəне наша тарту істеріне əбден машықтанған жасөспірімдер енеді.

Төртінші топқа жұйке ауруларына (невроз, неврастения, кісіні мезі қылатын əдет) шалдыға бастаған балаларды жатқызамыз. Мұндай жасөспірімдерге педагогтар мен дəрігерлер тарапынан дербес қарым-қатынас, ілтипат, сый–құрмет, жылы лебіз қажет. Енді девиантты мінез-құлықты жасөспірімдердің пайда болуына себепші объективті жəне субъективті факторларға назар аударайық. Ғалымдар жасөспірімдердің қалыптасуына əлеуметтік орта мен күнделікті жағдай себеп  болады деп дəлелдеген [9].

Əлеуметтік жағдай негізінде (қоғамдағы ікономикалық қарым-қатынас, қоғамдық сана, тап жəне ұлттар қатынасы т.б). Жеке адамдардың қалыптасуына объективтік мүмкіндік туғызып, жастардың əлеуметтік белгілерді сақтап, құқық тəртібін бұзуға жол бермейді. Ал, жасөспірімдердің заң нормаларын мойындамауы, қоғамдық орындарда тəртіп сақтамауы, үлкен-кішіні сыйламауы сияқты қылықтар ұжымда, топта, отбасында, жора-жолдастарының арасында т.б шағын ортада ғана қалыптасады. Өйткені баланың алғашқы қадамы отбасында, мектепте, жора-жолдастары мен ата-анасының арасында жасалады.



Жасөспірімдерге қоршаған адамдардың немқұрайлылығы, зейін қоймауы негізінде дамитын əлеуметтік-педагогикалық бақылаусыз қалу бұл тізбектегі ерекше роль мен мағынаға ие. Нəтижесінде жалғыздық, қараусыз қалғандық, қажетсіздік, қорғансыздық сезімдері пайда болды. Үлкендерге деген қарсылық, жатырқаушылық, жек көру  сезімдері, баланың пікірінің, тағдырының, қызығушылықтары мен икемділіктерінің өз бетінше ұйымға, кооперацияға, өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылуына алып келеді.

Жағымды əлеуметтік тəжірибенің жеткіліксіздігі, өмірдегі көзқарасының, құндылықтар жүйесінің, əдет қалыптары мен эстетикалық талғамдарының жетілмегендігі жəне қалыптаспағандығы жасөспірімдердің өз белсенділігін жағымсыз, құқыққа қайшы жұмсауын таңдауға ықпал етеді, бұл олардың мінез-құлқынан, тұлғаның қалыптасуынан, əлеуметтік бейнесінен көрініс береді. Бұл үдерістегі ауқымды рөл балалар мен жасөспірімдерге дер кезінде педагогикалық, психологиялық, əлеуметтік көмектің көрсетілмеуінде жатыр.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет