Жасөспірімдік кезең психологиясы (16-17 жас). Өтпелі кезең


Жасөспірім шақтағы тұлғаның қалыптасу ерекшеліктері



бет2/2
Дата09.06.2022
өлшемі18,61 Kb.
#146244
1   2
Байланысты:
Дәріс Жасоспирим

Жасөспірім шақтағы тұлғаның қалыптасу ерекшеліктері.
Жасөспірімдердің ең маңызды психологиялық ерекшелігі-ол өзін ересек сезінуі. Бұл сезім жасөспірімнің талап ету дәрежесінің әлі жетпеген болашақтағы оның жағыдайынан басмы болуынан айқын көрінеді. Жасөспірім өзінің қарқынды дамып келе жатқан ересек саналу қажеттілігін дербестік аясын кеңейту арқылы қол жеткізуге тырысады. Алайда, бұл сатыда бала толықтай дербес бола алмайды. Өсіп қалған дербестік сезімі мен жасөспірімнің психологиялық мүмкіндіктері арасында пайда болатын қайшылықтар оның әрі қарай психикалық дамуына алып келеді.
Әдетте тұлғалық қатынастар біртіндеп қалыптасады, санасы өседі, өмірде бекиді және олар белгілі әрекеттерден көрінеді. Бұдан дербестікті қалыптастыру үшін дербес әрекеттерді орындау керек. Бірақ бір рет болсын дербес әрекет істеу үшін белгілі бір дәрежеде әлеуметтік ортадан тәуелсіз болу керек. Тұлға өзін-өзі реттеу механизмін иеленуі қажет. Бұл жабық шеңбер тәріздес және жасөспіірмнің мақсаты-осы шеңберді бұзып шығу. Басты мақсат өзінің ішкі сенімділігіне қол жеткізу, өзін-өзі анық танып білу, өзін құрметтей білу. Міне осы қасиеттер адамдар дербес әрекеттерге қабілетті ете алады.
Жасөспірімнің өзін-өзі құрметтей білуі мен танып білуінің қалыптасуының бірнеше жолы бар. Оның бірі-өзінің ересек адам тұлғасы сипаты мен кейпіне сәйкес тұлғалық дамуы, өйткені баланың ойынша ересек адам дербес тұлға болып табылады. Сондықтан, жасөспірім баланың ұмтылысы-ол өзінің бала емес екенін, ересектермен тең екенін үлкендерге көрсету. Жасөспірім бала ересектерден түсінушілік пен сенімді күтеді. Ал егер ересектер оны ересек деп санаспаса, ол өзінің қарсылығын дөрекілік, қиқарлық, қырсықтық, тыңдамау немесе үндемеу сияқты әр түрлі формада көрсетеді. Бұл мінездердің барлығы ересектердің бала іс-әрекетінің шынайы себебін елемеуінен келіп шығады, немесе оның іс-әрекетінің сыртқы нәтижесін ғана елеп, ең жаманы оның әрекетін басқаша түсінуінде. Бұндай жағдайда балада тәрбиеге деген ішкі қарама-қайшылық пайда болады; қанша дұрыс болса да ересектердің талабын қабылдамайды, өйткені бұл тадаптардың жасөспірім үшін еш мәні жоқ әрі ол қарама-қайшы мағынаға толы.
Жасөспірім бала өзінің ықыласын білдіруге қабілетсіз деген қате түсініктер баланы тәуелді жағдайда қалдырады әрі онымен ынтымақтасу мүмкіндігінен айырады. Жасөспірімдер үлкендердің өздерін бақылағанын, жазалағанын, өздерінің талап-тілектерімен санаспағанын жақтыртпайды. Өзінің қатарластарымен қарым-қаынас барысында жасөспірім бала өзінің қасиеттерін тану, бағалау, талап-ілектерін қанағаттандыру мүмкіндігін алады. Жасөспірімдік кезең тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды сатысы болып табылады, әрі ол бір уақыттық акт емес, әлеуметтік пісіп жетілу сипатының әр түрлі дәрежесімен ерекшеленетін тұлғалық дамудың күрделі процесі. Жасөспірім даму процесінің үш дәрежесін бөліп көрсетуге болады (Д.И.Фельдштейн бойынша):
-«локальді –ерке, қырсықтық» (10-12 жас)- баланың дербестікке ұмтылуы үлкендер тарапынан оның жекелеген тапсырмаларды шеше алу мүмкіндігі мен маңыздылығын мақұлдауды қажетсінуден көрінеді. Бұл процесте олардың есейгендігін мойындауын қалау эмоционалды түрде орын алады.
-«оң-мағыналы» (12-13 жас)- олардың бұл талабын қоғамда мақұлдауын қалау. Мұнда олар өз міндетін ұғынып қана қоймай, сонымен қатар, отбасындағы, қоғамдағы құқықтарын ұғына бастайды; ендігі жерде «мен қалаймын» деген ересектік дәрежеде емес «мен жасай аламын», «мен жасауым жасауым керек» деген дәрежеде ұмтылыстары қалыптаса бастайды.
-«мақұлдату-іскерлік» (14-15 жас)- ересектер әлемінде әрекет етуге дайындығы, ересектік тұрғыда қоғамда өзін-өзі көрсете білуі мен мүмкіндіктерін қолдануға тырысуы.
11 сыныпта жағдай неғұрлым шиеленіскен болады. Бұрынғы жылдары абстрактілі болған өмірлік таңдау шынайылыққа айналады. Өзіндік бағалаулары кейбіреулерді жоғары болады- және өмірінің барлық жағын қамтиды; кейбіреулерде өзіндік бағалауы төмен, өз-өзіне сенімсіз. Өзіндік бағалаудың өзгеруімен байланысты мазасыздану жоғарылайды. Өзіндік бағалау және мазасыздану деңгейіндегі бірнеше тербелістерге қарамастан тұлғаның тұрақтануы туралы айтуға болады. Бұл кезеңде өз-өзін реттеу қарқынды дамиды, өзінің мінез-құлқын, эмоциялық көрінісіне бақылау жоғарылайды. Көңіл-күйі тұрақтанады. 16-17 жаста балалар темпераментінен тәуелсіз неғұрлым ұстамды болады.
Осы кезде тұлғаның өнегелілік тұрақтылығы дамиды, өзінің мінез-құлқында жасөспірім өзінің көзқарастары, сенім-нанымдарына бағытталады.
Өзін-өзі анықтау, жасөспірім кезіндегі тұлғаның тұрақтануы дүниекөзқарасының өңделуімен байланысты. Осы кезде ол формалды-логикалық дамудың жоғарғы деңгейіне жетеді.
Өзіндік анықталумен байланысты тағы бір мезет- оқу мотивациясының өзгеруі. Жасөспірімдердің жетекші іс-әрекеті оқу-кәсіби, оқуды болашақ кәсіби іс-әрекет үшін қажетті база деп қарай бастайды. Оларды болашақта қажет деп санайтын сабақтар қызықтырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет