Лекция тақырыбы: Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері. Лекцияның оқыту нәтижелері: Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктерін базалық



бет1/8
Дата16.10.2023
өлшемі49,12 Kb.
#185821
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
IAWDRSELDHJN15102023224431
Мұратбек Арайлым.БӨЖ мәдениеттану, 11 сынып Қазақстан тарихы билеттері

№3 Лекция тақырыбы: Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері.


Лекцияның оқыту нәтижелері:

  1. Тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктерін базалық ілім жүйелерінде біріктіру үдерістерінің ӛнімі ретінде қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын түсінеді.

  2. Тұлғаның мән мәтінінің ӛзара әрекеттесу нәтижесінде ғылыми әдістер мен зерттеу тәсілдерін пайдалана білуді меңгереді.

  3. Тақырыптың аясында ғылыми ой мен теория мазмұны негізінде әр түрлі саладағы әлеуметтік қарым-қатынастың жағдайын түсінеді;

  4. Әлеуметтік және тұлғаралық қатынастар, тіл, мәдениет, саяси бағдарламалар, тұлғаның даралық-типологиялық ерекшеліктері туралы әр түрлі кезеңде дамуы туралы ақпаратты нақтыланып және негізделеді.

  5. Қазақстандық қоғамдағы тұлғаның этикалық және құқықтық нормалар, қоғамдық, іскерлік, мәдени құндылықтар жүйесіне тең келетін түрлі қарым- қатынастағы әр түрлі жағдайларды сарапталады.



Лекция мазмұны: Темперамент, мінез және қабілет. Темперамент анықтамасы. Жүйке жүйесінің қасиеттері темпераменттің негізі ретінде. Темпераменттің анықтамасы. Темперамент типтері: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик. Темперамент пен мінездің ара қатынасы. Мінездің анықтамасы. Мінез акцентуациясы және тәрбие. «Ұлттық мінез» ұғымы. Тұлғаның қабілеті және нышандары.

Темперамент жӛнiнде түсiнiк


Адамдар арасындағы кӛптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдiгi, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы-қозғалғыштығы - бәрi осы темперамент табиғатымен түсiндiрiледi. Дегенмен, осы күнге дейiн темперамент мәселесiнiң шешiлмеген, таластартысты қырлары баршылық. Бiрақ проблемаға байланысты кӛзқарастардың кӛптiгiне қарамай, ғалымдардың бәрiнiң мойындайтыны: темперамент - жеке адамның әлеуметтiк тұлға ретiнде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи iрге тасы. Темперамент кӛбiне адамға тума берiлген әрекет-қылығының ұдайы қозғалыстағы (динамика) сипатын бейнелейдi. Сондықтан, темпераменттiк қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, ӛзгерiске келе бермейдi. Назар аударарлықтай ерекшелiк, темпераменттiң әрқилы қасиеттерi бiр-бiрiмен кездейсоқ қосылмай, заңдылықтар негiзiнде түрлi темпераменттiң белгiлi құрылымын түзедi.
Сонымен, темперамент - адамның психикалық әрекетiнiң нақты динамикасын айқын-дайтын психиканың дара қасиеттерiнiң жиынтығы. Бұл психикалық ерекшелiктер адамның барша iс-әрекетiнде оның мазмұны, мақсаты және сеп-түрткiлерiне тәуелсiз бiрқалыпты кӛрiнедi, есейген шақта да ӛзгерiске түспей, ӛзара байланыста темперамент кейпiн ӛрнектейдi.
Темперамент түрлерiнiң жақсы не жаманы болмайды. Олардың әрқайсысы ӛзiнiң ұнамды тараптарына ие, сондықтан басты назар темпераменттi реттеп, түзетуге қаратылмай, нақты iс-әрекетте оның тиiмдi

жақтарын саналы әрi ӛз орнымен пайдаланудың жолдарын табуға ба- ғытталғаны жӛн. Адам ежелден-ақ әрқилы тұлғалардың психикалық бiтiстерiн айыра танумен, олардың барлығын жалпыланған аз санды саналық бейнелер тобына бiрiктiруге тырысқан. Мұндай жалпыланған бейнелер бiрiгiмiн психология тарихында алғашқыдан темперамент типтерi деп атаған. Темпераменттердiң бұл бiрiгiмдiк (типологиялық) жүйесi ӛмiрлiк iс- әрекет тұрғысынан ӛте тиiмдi, себебi оны пайдалана отырып, нақты тұрмыстық жағдайларда белгiлi темперамент типiне жататын адамның болашақ әрекет-қылығын күнi iлгерi пайымдауға әбден болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет