Жастар саясатының 2014 жылға атқарылған жұмыстар бойынша есебі



бет2/19
Дата11.01.2017
өлшемі1,74 Mb.
#7262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ»  деп сенімді түрде айтты.

4 шілде күні КММ "«Текелі қаласының жастары» ұйымдастыруымен гитара сайысы болып өтті. Шара барысында жастар белгілі әншілер ақындардың әндерін орындады. Көрермендер сүйсіне тыңдап жастарға қосылып әндетіп отырды. Бұндай шаралар әр тоқсан сайын ұйымдастырылуын жоспарлап отыр.

20 маусым күні "Текелі қаласының жастары" ұйымдастыруымен "Жастар кадрлық резерві" партиялық жобасын ақпараттық тарату негізінде қаламыздағы мекеме, кәсіпорындарда құрылған Жастар ісі жөніндегі комитет төрағаларымен кездесу өткізілді. Шара барысында жоба жан - жақты түсіндіріп, талқыланды.

Ағымдағы жылдың 12 маусым күні «Текелі қаласының жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» Мемлекеттік мекемесі, және «Алматы облысының жастар саясаты орталығы» КММ филиалы – «Текелі қаласының жастары» орталығы, «Текелі қаласының ішкі істер бөлімі» ұйымдастыруымен "Жасыл Ел" жасақшылары қатысуымен, қаламыздың орталық алаңында «Жүргізуші жолда абай бол!» атты акция өтті. Қазіргі уақытта қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі - жол-көлік оқиғасынан болатын әртүрлі деңгейдегі жарақаттар болып табылады және бұл проблема балалар мен 29 жасқа дейінгі жастардың арасында орын алып келеді, деп қысқаша «Текелі қаласының жастар орталығы»жетекшісі Байганусова Алия Болатқалиқызы айтып өтті. Қаламыздың жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Қызылбаев Ғалым Төлегенұлы - Конституциямыздың басты құндылығы адам болса, сол құндылықты сақтай білейік деп өз ойын ортаға салды!

10 маусым күні Текелі қаласының № 4 орта мектебінде «Жастар кадрлық резерві» партиялық жобасы шеңберінде қаламыздың 55 жуық жас мамандарымен кездесу ұйымдастырылды. Аталмыш шараның негізгі мақсаты «Жастар кадрлық резерві» жобасын жастар арасында кең ауқымда тарату, аталмыш жобаға жастарды қызықтырып, тарту болып табылады. Жастар кадрлық резерві – бұл қызметтік өсуге ынталы, кәсіби дағдылар мен басқару біліктіліктерінің жоғары деңгейіне ие мамандардың республикалық деректер базасы. Жобаның негізгі мақсаты – заманауи және тиімді басқарушылар шоғырын қалыптастыру. Жоба жасы 25 пен 35 аралығындағы, жұмыс тәжірибесі бар, оқып-үйренуге бейім, сараптамалық ақыл қабілеті және айқын көрінетін көшбасшылық сипатқа ие жастарға арналған. Кездесу барысында «Алматы облысының жастар саясаты орталығы» КММ филиалы – «Текелі қаласының жастары» жетекшісі Алия Байганусова және бас кеңесші Айдос Жұматаев жастарға жобаны екі тілде ақпараттық таратып, насихаттады. 

1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күніне орай сейсенбі күні №3 балабақшасында Текелі қаласының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Балапан» бүлдіршіндер сайысы болып өтті. Сайысқа балабақшаның тәрбиешілерімен бірге балабақша директоры Жақсыбекова Эльмира Ануарбекқызыда қатысып, жүректен шыққан жылы лебіздерін білдіріп жатты. Бүлдіршіндерге күлкі сыйлаған бұл іс-шара 3 кезеңнен тұрды. «Бұл шараның негізгі мақсаты - бүлдіршіндерді жан-жақты физикалық, логикалық тұрғыдан дамыту». Соңында бүлдіршіндерге түрлі сыйлықтар таратылып, сайыс ата-аналар мен тәрбиешілердің көңілінен шықты.

21 мамыр күні қаламыздағы "Спорт сарайында" Жеңістің 69 жылдығына орай жастар арасында достық баскетбол спорт ойыны өтті. Жастар арасынан "Медвежья лапа"," Қыздар", "Текелі арулары", "Тигр" құрама командалары өздерін белсенді көрсетті. Алдағы уақытта жастарды баскетбол ойынына қызықтыру ретінде, жастарға баскетболдық формалармен алғыс хаттар марапатталды! Жарайсыңдар!

28 сәуір күні Текелі қаласының №5 орта мектебінде «Алматы облысының жастар саясаты орталығы» КММ филиалы – «Текелі қаласының жастары» орталығы және «Текелі қаласының білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен облыстық «Брейн - ринг» зияткерлік ойынына іріктеу жүргізу негізінде қалалық «Брейн - ринг» ойыны қазақ тілінде өткізілді. Осы ойынға № 1 ОМ командасы «ЖасStar», № 5 ОМ командасы «Дарын», № 4 командасы «Болашақ». Бірінші орынға ие болған № 1 ОМ командасы «ЖасStar» командасы бағалы сыйлықтармен марпатталды.

25 сәуір күні "
Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет