Жастар саясатының 2014 жылға атқарылған жұмыстар бойынша есебі



бет3/19
Дата11.01.2017
өлшемі1,74 Mb.
#7262
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Cпорт - есірткіге қарсы" акциясы шеңберінде Текелі қаласының спорт сарайында стритболл және үстел теннисінен жас өспірімдер арасында қалалық жарыс өтті. Шараға қаламыздың барлық мектептер белсене қатысты. Стритболдан қыздар арасында 1 орынды №5 ОМ, 2 орын №8 ОМ, 3 орынды №6 ОМ иеленді. Стритболдан ұлдар арасында 1 орын №5 ОМ, 2 орын №1 ОМ, 3 орын №8 ОМ иеленді. Үстел теннисінен 1 орынды №7 ОМ ұлдары мен қыздары иеленсе, 2 орынды №8 ОМ иеленді, ал 3 орынды №5 ОМ спортшылары иеленді.

2014 жылдың 22-23 сәуір күндері «Ардагерлерді ардақтайық» атты жобасы аясында тыл еңбеккерлері үйлерінде сенбіліктер өткізілді. Текелі қ-сы, «Металлург» шағын ауданының Ш.Қалдаяқов көшесі, 32 үй тұрғыны, тыл еңбеккері Николай Иванович Бирюковтың тұрмыс жағдайына көмек көрсетіп, бақшасын қопарып жұмсартып, жазғы асханасының бөлмесі әктеу – сырлау және тағы басқа сол сияқты тазалық жұмыстары жүргізілді.
Текелі қ-сы, «Достық» шағын ауданының, С.Лазо көшесінің, 5 үй, 2 пәтер тұрғындары, тыл еңбеккерлері Жұмабек Бейсембаев пен жұбайы Гулбаршын Бейсембаева ауласында тазалық және бақшасына қопарысу жұмыстары жүргізілді.
Жобаның негізгі мақсаты қиын қыстау заманда еліміз үшін тер төккен ардагерлерімізге қол-қабыс беріп көмек көрсету.Қатысқандар: «Нұр Отан» партиясының Текелі қалалық филиалы және «Жас Отан» ЖҚ-ның Текелі қалалық филиалы, «Жасыл Ел» жасақшылары және Кәсіптік коледжінің 2-курс студенттерінен құралған қала еріктілері, БАҚ өкілдері.

Ағымдағы жылдың  9 сәуір күні "Алматы облысының жастар саясаты орталығы" КММ - филиалы "Текелі қаласының жастары","Нұр Отан" партиясы "Жас Отан" ЖҚ ұйымдастыруымен Текелі қаласының кәсіптік колледжінде "Дипломмен ауылға" бағдарламасын насихаттау және ақпараттық тарату мақсатында колледждің жоғарғы курс студенттерімен кездесу өткізілді. Шара барысында студенттеріміз өздеріне қажетті мағлұматтарын алып, өз ойларын ортаға салды.

2014 жылдың 4 сәуір күні Текелі қаласының, Рудничный ауылдық округіне «Дипломмен ауылға»  бағдарламасы бойынша мобильді топ «Нұр Отан» партиясымен, ММ «Жұмыспен қамту орталығы», КММ  «Текелі қаласының жастары»" «Жас Отан» ЖҚ «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ашық семинар өткізді.


Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> «Қазақ мұнайының а р дақтылары»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет