Жасуша қҰрылысы



Дата22.10.2022
өлшемі0,88 Mb.
#154538
Байланысты:
a6fe685a-c989-4f01-ab0c-b5e5dccca528
registration man ru, Енгізу және шығару, Экзаменционные вопросы Методика и технологии дистанционного обучения, Зертханалық жұмыс з

ЖАСУША ҚҰРЫЛЫСЫ

  • Неміс ботанигі Маттиас Шлейден және цитолог Теодар Шванн 1839 жылы жасуша теориясын жасады.
  • Ол теория бойынша барлық тірі организмдер жасушалардан тұрады және құрылысы мен биохимиялық қасиеттері ұқсас болады.
  • Жасушалар – тірі организмдердің негізгі құрылымдық және функциональдық бірлігі. Оларды көлеміне, пішініне, құрылысына және атқаратын қызметіне қарай ажыратады.
  • Тірі организмдердің жасуша құрылысының ұқсастығын ашу биология ғылымындағы ең іргелі ашылулардың бірі болды.

ӨСІМДІК ЖАСУШАСЫ

ЯДРО ЖӘНЕ ЯДРОШЫҚ

  • Ағылшын ботанигі Роберт Броун 1831 жасуша ядросын ашты.
  • Ядро жасушада жүретін барлық үрдістерді басқарады және оның тіршілігін қамтамасыз етеді.
  • Ядро қабықшадан, оның ішкі ортасын түзетін ортадан, хроматиннен және бір немесе бірнеше ядрошықтан тұрады.
  • Ядрошық хроматин мен рибосоманың синтезін бақылайды.

МИТОХОНДРИЯ

  • Жасушада бірнеше мыңға дейін митохондриялар болады.
  • Митохондриялар жасушаның энергетикалық көзі.
  • Мұнда тынысалу кезінде тотығу-тотықсыздану үрдісі жүреді, ол жасушаны энергиямен қамтамасыз етеді.
  • Митохондрия екі мембранадан тұратын қабықшамен қапталған.

ХЛОРОПЛАСТ

  • Пластидтер (хлоропласт, хромопласт, лейкопласт) тек өсімдік жасушасында ғана болады.
  • Хлоропластарда өсімдікке жасыл түс беретін пигмент - хлорофилл дәндері болады.

РИБОСОМА

  • Рибосомалар нәруыз синтезінің орталығыболып табылады.
  • Рибосомалар ядрода , митохондрияда, пластидтерде және өте көп мөлшерде цитоплазмада болады.
  • Рибосомалар жеке немесе топпен (полисома) орналасады. Жеке орналасқанда олар өзара РНҚ жіпшелері арқылы байланысады.

ЖАСУША ҚАБЫҚШАСЫ

  • Жасуша қабықшасы еріген заттарды таңідап өткізетін қабілеті бар плазмалық мембрана.
  • Қабықша үш қабатты және полисахаридтер – целлюлоза мен май заттарынан тұрады.
  • Қабықшаның ішкі мембранасы диктиосомалардың есебінен үнемі жаңарып отырады.

Жануар клеткасының,өсімдік клеткасынан айырмашылығы:

  • Жануар клеткасында:
  • 1) центриоль болады
  • 2) пластидтер болмайды
  • 3) жарғақша (қабықша) өте жұқа цитоплазма қабатының тығыздалуынан пайда болған. Сондықтан жануарлар пішінін өзгертіп, қозғалады.
  • 4) тек бір жасушалы қарапайым түрлерінде (асқорыту, жиырылғыш вакуольдер) ғана болады
  • Өсімдік клеткасында:
  • 1) центриоль болмайды.
  • 2) пластидтері арқылы ағзалық зат түзеді.
  • 3) қалың, тығыз, жасунықты (целлюлозалы) қабықша тек өсімдік жасушасында болады
  • 4) ірі вакуольдер (латынша «уасиш» - қуыс) өсімдіктерде болады

Назарларыңызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет