Құжат тақырыбы



бет1/4
Дата20.10.2023
өлшемі386 Kb.
#187136
  1   2   3   4
Байланысты:
gipertekstk-zhattardy-zhasau-tl-html

14-тәжірибелік жұмыс. «Гипертекстік құжаттарды жасау тілі – HTML. Тексті пішімдеу тегтері. Суретттер кірістіру, гиперсілтеме жасау. Тізімдер. Кестелер»




Мақсаты: Гипертекстік құжаттарды жасау тілі – HTML-ді қолданып, Web-бет жасаумен, тексті пішімдеу тегтерімен, HTML-құжатқа суретттерді, тізімдерді, кестелерді кірістіру, гиперсілтеме жасаумен таныстыру.
Негізгі ұғымдар:
HyperText Markup Language (HTML) – WEB ортасында гипертекстік құжаттарды жасауға арналған стандартты тіл. HTML-құжат кез келген пішімделмейтін текстік редакторда көруге және редакциялауға болатын қарапайым текстік файл болып табылады.
HTML-құжаттарды WEB-броузерлердің түрлі типтері арқылы көруге болады. HTML қолдану шрифтерді, сызықтарды және түрлі графикалық элементтерді қолданып кез келген оны көру жүйесінде көрсету үшін құжаттарды пішімдеуге мүмкіндік береді. Көптеген құжаттар тақырып, параграф және тізімдер сияқты стандартты элементтерден тұрады.
HTML-дің тегтерін қолдана отырып сіз браузерге өз құжатыңызды экранда қалай көргіңіз келетіні жайлы ақпарат бересіз.
HTML тегтері шартты түрде екі категорияға бөлінеді:

  • Құжаттың денесі тұтастай WEB-броузер арқылы қалай көрсетілетінін анықтайтын тегтер;

  • Тақырып пен құжат авторы сияқты құжаттың жалпы қасиеттерін тегтер.

HTML-құжаттар қалай жасалынады?
HTML-құжаттарды кез келген текстік редактор немесе арнайы HTML-редакторлар мен конвертерлер арқылы жасауға болады. Біз Блокнот текстік редакторында жасап үйренеміз.
HTML-тегтер
Барлық HTML тегтері "<" символынан басталып, ">" символына аяқталады. Бастау (стартовый) тегі және аяқтау (завершающий) тегі болады.
Мысал ретінде бастау тегі мен аяқтау тегінің арасына орналасқан , құжат тақырыбын сипаттайтын тақырып тегін келтірейік:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет