Жауабы: сызғыш 40 тг арзан



бет8/8
Дата07.02.2022
өлшемі42,06 Kb.
#93966
1   2   3   4   5   6   7   8
«Жұмбақ есептер»
Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)
6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)
Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)


11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)
Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)
100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)


Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (60 алма)
Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бес ешкі.
Екі қоян, үш түлкі,
Таба алмасаң бос күлкі. (28)
Тал басында,
Тізіліп,
10 жапырақ тұр еді.
Жел соқты да,
Үзіліп,
Ұшып кетті 1-еуі
Ізінше оның
Жұлынып,
Түсті тағы 5-еуі
Тұр әлі де ілініп,
Жапырақтың нешеуі? (4)

Логикалық тест 2 сынып


1. Қоңыздың үш жұп аяғы бар.Қоңыздың барлығы неше аяғы бар?
А) 3 б) 4 в) 9 г) 6

2 Келесі сан қайсысы? 6,5,7,6


А) 7 б) 5 в)8 г) 9

3 х+2<10-3 теңсіздігінің қандай мәнінде х дұрыс болады?


А) х = 5 б) х =3 в) х = 8 г)х= 10

4 3 санына алдымен 3-ті қосты,сосын тағы соншама қосты.Қосынды қанша болды?


А) 3 б)6 в) 9 г) 7
5 Жанна бір сан ойлады. Егер одан 30-ды азайтса, 50 шығады.Жанна қандай сан ойлады?
А) 20 б) 80 в) 70 г) 10
6. 7ондық және 8 бірліктен тұратын санды тап.

А) 78 ә) 87 б) 70 в) 15


7. 45 санында неше ондық бар?


А) 5 ә) 40 б) 9 в) 4

8 . Нұржан мен Асхаттың 16 дәптері бар. Нұржан Асхатқа 4 дәптер бергенде,олардың дәптер саны бірдей болды. Бұған дейін олардың қайсысында қанша дәптер болған еді?


А) 12 және 4 Б) 12 және 8 В) 8 және 8 Г) 20 және 4


9. Үстелдің 4 бұрышы бар.Егер оның бір бұрышын кесіп тастаса,бұрыш саны нешеу болады?


А) 5 б) 3 в) 2 г) 6

10 . Қабырғалары 6 м және 3 м болатын тіктөртбұрыштың периметрін тап


А) 9м ә) 3 м б) 12 м в) 18 м


11 Теңдеуді шеш: 37+х = 54


А) 17 ә) 91 б) 15 в) 20


12 Асхат 2 дәптерді 8 теңгеден, альбомды 40 теңгеден сатып алды. Асхат барлығы қанша ақша жұмсады?


А) 50 тг ә) 56 тг б) 48 тг в) 44 тг

13 . Қаптан 38 кг бидай алғаннан соң, онда 8 кг бидай қалды. Қапта барлығы қанша кг бидай болған?


А) 46 кг ә) 30 кг б) 16 кг в) 47 кг

14 Бір парақ қағазды ортасынан бүктеп, одан кейін ортасынан тағы бір бүктеді. Парақтың бүктелген сызықтары бойынша қағазды қиып тастаса,қанша парақ қағаз шығады?


А) 2 б) 3 в) 6 г) 4

15 Қай екі орынды саннан мәні 4 болуы үшін 8-ді азайтуға болады?


А) 4 б) 10 в) 14 г) 12

Логикалық тапсырмалар 3 сынып
1.Дәптер қаламсаптан арзан,бірақ сызғыштан қымбат.Қайсысы арзан.Сызғыш па әлде қаламсап па?
2. 2 пиала мен 2 құмыраның салмағы 14 тарелкенің салмағына тең.Бір құмыраның салмағы бір пиала мен 7 тарелкенің салмағына тең болса ,қалған тарелкенің салмағы неше пиала мен құмыраның салмағына тең болады?
3.Бір үйде 100 пәтер бар. Үй нөмірі жазылған тақтайшада 9 цифры неше рет кездеседі?

4.Алмұрт алмаға қарағанда ауыр,бірақ апельсиннен жеңіл.Алма шабдалыдан ауыр ,апельсин ананастан жеңіл.Ең жеңіл және ең ауыр жемісті тап.



5.Немересі атасынан жасы нешеде екенін сұрады.Атасы былай деп жауап берді. «Егер мен осы өмір сүрген жасымның жартысын және тағы бір жылды қоссам ,мен 100 жасқа келемін».Атаның жасы нешеде?
6.Сайрауық сиырқұйрық құс ұясынан 4 метр алысқа ұшып шықты.Сосын қарама-қарсы бағытқа қарай 6 метр ұшты.Енді ол ұясынан неше метр алыста?
7. 5 сәбіз бен 3 қияр 84 теңге тұрады. Ал 2 қияр мен 3 сәбіз 39 теңге тұрады.Демек бір қияр мен сәбіз қанша тұрады деп ойлайсың?


8. егер бұл сандарда цифрлар қайталанатын болса ,2,7,9 цифрларын пайдаланып,үш таңбалы саннан әртүрлі неше сан жазуға болады?

Логикалық тапсырмалар 4-сынып
1.14 пышақ және 7 шанышқы сатып алынды.Осылардың ішінен 8 зат қонаққа арнап жайылған дастарқанға қойылды.Дастарқанға қойылған заттардың ішінде пышақ бар ма?

2.Үш дос бала үстелде жатқан қарындаштарды қалай бөлісуді ойластырды.Болат айтты «Егер әрқайсымыз 8 қарындаштан алсақ,екі қарындаш қалады, ал егер 9 қарындаштан алсақ ,бір қарындаш жетпей қалады» Үстелдің үстінде неше қарындаш бар?


.
3.Екі бөлмеде 56 адам бар.Бірінші бөлмеге тағы12 адам, екінші бөлмеге 8 адам келгенде, екі бөлмедегі адамдар саны теңелді.Бастапқыда әр бөлмеде неше адамнан болды?
4.Шөлейт жердің қиыр шетінде құмжегіштер қаптап кетті. 2 құмжегіш
2 сағат ішінде 2 тонна құмды қылғытып салады. 6 құмжегіш мұндай тәбетпен 6 сағат ішінде неше тонна құм жейді?
5.Бір қауынның массасы және дәл осындай қауынның тағы бір жартысы 15 кг тартады.Бүтін қауынның массасын тап.

6.Ержан бір сан жасырды,оны 9 есе арттырды,одан 16-ны азайтып,19-ға кемітті,нәтижені 4 есе кемітті,оған 38-ді қосқанда 63 шықты.Ержан қандай сан жасырды?


7.Әли әкесімен тирге барды.Келісім былай болды :Әли 5 мәрте тир атады,нысанаға әрбір дәл тигізгені үшін тағы екі рет ату құқығына ие болады.Әли барлығы 17 рет атты.Ол нысанаға неше рет дәл тигізді?
8.Эстафетаға қатысу үшін Ұлан, Марат, Берік, Серік, және Олжас сап түзеп тұрды.Ұлан эстафетада Мараттан бұрын,бірақ Олжастан кейін жүгіреді. Берік пен Олжас қатар тұрған жоқ. Серік Олжастың да, Ұланның да ,Беріктің де қасында тұрған жоқ. Кім кімнен кейін тұр?

9 Ілияс ақшасын санап отырып ,мынадай ойға кетті: «Егер ақшама бар ақшамның жартысын қосса ,тағы 20 теңге қосса,менде 110 теңге болар еді» Ілияста қанша ақша болған?


10 .Екі таңбалы сандардың айырмасы екі ондыққа тең.Ал азайғыш сан айырмадан 4 есе үлкен. Ол қандай сан екенін тап.

Логикалық тапсырма 2 сынып


1.Жануардың екі оң аяғы, екі сол аяғы,екі алдыңғы аяғы,екі артқы аяқтары бар. Жануарда неше аяқ бар?

2 Арманға түскі тамаққа күнделікті 50 теңге беріліп отырды.Ал ол 30 теңге ғана жұмсады. Сонда бір аптада Арман неше теңгені үнемдеді?


3.Бақтан алғашында 12 кг алмұрт әкелінді,екінші рет одан 4 кг кем әкелінген.Барлық әкелінген алмұрттарды әр пакет қалтаға 2 кг-нан салғанда неше пакет қалта қажет болды?
4.Орманнан 9 бөрене әкелу керек. Машинаға 4-тен артық бөрене сыймайды.Барлық бөренені әкелу үшін орманға неше рет бару қажет?
5.Назымның 4 қарындашы бар,ал Оспанда осынша қарындаш және тағы да сонша және тағы да соншаның жартысындай қарындаш бар.Оспанда қанша қарындаш бар екенін тап.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет