Жазадан босату бұл кінәлі адамды жазаның мазмұны болып табылатын құқықтық шектеулер мен құқықтарынан айыру шараларынан босату


Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату қолданылған адам, егер жазаның қалған өтелмеген бөлiгi iшiнде



бет5/8
Дата02.01.2022
өлшемі35,86 Kb.
#107988
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Документ ққ
№1 сабақ Санның бөлігін бөлігі бойынша санды табу, №1 сабақ Санның бөлігін бөлігі бойынша санды табу, БМ математика Булатова, ТЕСТ ФАРМ С ОТВ, Фармация тарихы 2 фарм, Презентация на тему Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату қолданылған адам, егер жазаның қалған өтелмеген бөлiгi iшiнде:

  1. екі және одан да көп әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасап, олар үшiн оған әкiмшiлiк жаза қолданылса немесе шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуды қолдану кезiнде өзiне жүктелген мiндеттердi орындаудан дәлелсіз себеппен екі реттен артық жалтарса не бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін таңдалған тұрғылықты жері бойынша тіркелу үшін бес жұмыс күні ішінде дәлелсіз себеппен келмесе, сот уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуы бойынша шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшін жою және жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн орындау туралы қаулы шығара алады;

  2. қылмысты абайсызда жасаса, сол сияқты жүктi әйел, жас балалары бар әйел, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркек, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйел, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркек, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедек қылмыстық теріс қылық, қасақана онша ауыр емес қылмыс жасаған жағдайларда, жаңа қылмыс үшін жаза тағайындау кезiнде шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күшiн жою не оны күшінде қалдыру туралы мәселені сот шешедi. Егер сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жойса, жаза үкімдердің жиынтығымен жаза тағайындау қағидалары бойынша тағайындалады;

  3. қылмысты қасақана жасаса, осы бөліктің 2) тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, сот оған үкімдердің жиынтығымен жаза тағайындау қағидалары бойынша жаза тағайындайды.

Жаңа Қылмыстық кодекс бойынша (72-бабының 8-ші тармағына сәйкес) шартты түрде мерзімінен бұрын босату өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамға, адамдардың қаза табуына әкеп соққан не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс үшін сотталған адамға, жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс үшін сотталған адамға қолданылмайды.

Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрімен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту тәртібі Қылмыстық кодекстің 73-бабында көрсетілген.

Аталған босату түрі жазаның мақсатына өтелмеген жазаны жеңіл жазаны қолдану арқылы жетуге болатындығы анық болған жағдайда қолданылады.

Онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, ол қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, сот жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыруы мүмкін. Бұл ретте адам, өмір бойына тағайындалған жазаларды қоспағанда, жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.

Жазаның өтелмеген бөлiгi, сотталған адам онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін жаза мерзiмiнiң кемінде төрттен бірін, ауыр қылмысы үшiн немесе бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден бұрын шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған және жазаның қалған өтелмеген бөлiгi кезеңiнде жаңа қылмыстар жасаған адам жаза мерзiмiнiң үштен бірін іс жүзінде өтегеннен кейiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.



Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру адамдардың қаза табуына әкеп соққан не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс, сондай-ақ қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс, жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы жасалған қылмыс үшін сотталған адамдарға қатысты қолданылмайды. Жазаның өтелмеген бөлiгiн ауыстыру кезінде сот бас бостандығынан айырудың төрт күніне бір айлық есептік көрсеткіш есебімен айыппұлды не бас бостандығынан айырудың бiр күніне бас бостандығын шектеудің бiр күні есебімен бас бостандығын шектеуді таңдауы мүмкін. Айыппұлға ауыстырудың шарты қылмыспен келтірілген залалды толық өтеу болып табылады.

Онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр қылмыстар немесе аса ауыр қылмыстар үшін бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, егер ол жазаны өтеу кезеңінде қылмыстық топ жасаған қылмыстарды ашуға және тергеп-тексеруге ықпал еткен не процесстік келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда, сот қалған өтелмеген жазасының жартысынан аспайтын бөлігін қысқарта алады.

Жазаның өтелмеген бөлігін ауыстыра отырып, сот Қылмыстық кодекстің 40-бабын басшылыққа алып, жазаның неғұрлым жеңіл түрін таңдап алуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет