Жазадан босату бұл кінәлі адамды жазаның мазмұны болып табылатын құқықтық шектеулер мен құқықтарынан айыру шараларынан босату


Сот шарты-мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдамай тұрып сотталғанның түзелуі үшін тағайындалған жазаны толықтай өтеудің қажеті жоқтығына көз жеткізуі тиіс



бет4/8
Дата02.01.2022
өлшемі35,86 Kb.
#107988
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Документ ққ
№1 сабақ Санның бөлігін бөлігі бойынша санды табу, №1 сабақ Санның бөлігін бөлігі бойынша санды табу, БМ математика Булатова, ТЕСТ ФАРМ С ОТВ, Фармация тарихы 2 фарм, Презентация на тему Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Сот шарты-мерзімінен бұрын босату туралы шешім қабылдамай тұрып сотталғанның түзелуі үшін тағайындалған жазаны толықтай өтеудің қажеті жоқтығына көз жеткізуі тиіс. Сонымен бірге сот жазаның қосымша түрін атқарудан толық немесе бір бөлігінен босата алады.

Мерзімінен бұрын босату қолданудың шарттарының бірі тағайындалған жазаның занда бекітілген бөлігін өтеу болып табылады. Оның ұзақтығы қылмыс дәрежесіне тікелей байланысты. Мерзімінен бұрын шартты түрде босату сотталған адам тағайындалған жазаның мынадай бөлігін өтеген соң қолданылуына жол беріледі:

  1. онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен бiрiн;

  2. ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын;

  3. аса ауыр қылмыс үшiн тағайындалған жаза мерзiмiнiң кемiнде үштен екісiн іс жүзінде өтегеннен кейін, сондайақ егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатудың күші 72 баптың жетінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер бойынша жойылған болса;

  4. Қылмыстық кодекстің 120-бабы үшінші бөлігінің 3) және 5) тармақтарында, 121-бабы үшінші бөлігінің 3) және 5) тармақтарында көзделген қылмыстар үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен үшін іс жүзінде өтегеннен кейін, сондай-ақ егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші 72 баптың жетінші бөлігінің 3) тармағында көзделген негіздер бойынша жойылған болса;

  5. сотталған адам процесстік келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда, ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін не аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын іс жүзінде өтегеннен кейін ғана шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату қолданылуы мүмкін [2].

Сотталған адамның бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтеген мерзiмi алты айдан кем болмауы керек.

Жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан асқан әйелдерге, алпыс үш жастағы және ол жастан асқан еркектерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату:



  1. онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде төрттен бірін;

  2. ауыр қылмыс үшiн сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемінде үштен бiрiн;

  3. адам өміріне қол сұғу шылықпен ұштаспаған аса ауыр қылмыс үшін сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемiнде жартысын іс жүзінде өтегеннен кейін, сондайақ егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші 72 баптың жетінші бөлігінің 1) және 2) тармақтарында көзделген негіздер бойынша жойылған болса;

  4. адам өміріне қол сұғу шылықпен ұштасқан аса ауыр қылмыс не Қылмыстық кодекстің 120-бабы үшінші бөлігінің 3) және 5) тармақтарында, 121-бабы үшінші бөлігінің 3) және 5) тармақтарында көзделген қылмыстар үшін сот тағайындаған жаза мерзiмiнiң кемінде үштен екісін, сондай-ақ егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші осы баптың жетінші бөлігінің 3) тармағында көзделген негіз бойынша жойылған болса;

  5. сотталған адам процесстік келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда, ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен бірін не аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін іс жүзінде өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.

Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан сотталғандарды жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың ерекше тәртібі белгіленген.

Сот тағайындаған өмiр бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адам, егер сот оның бұл жазаны одан әрi өтеуін қажет етпейді деп таныса және ол бас бостандығынан айырудың кемiнде 25 жылын іс жүзінде өтесе, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкiн. Егер сот тағайындаған өмір бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адам процесстік келісімнің барлық талаптарын орындаса, ол бас бостандығынан айырудың кемінде 15 жылын іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.

Түзелу процесі жазадан босатылған соң да жүретін болғандықтан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамға белгілі бір міндеттемелер жүктелуі мүмкін: тұрғылықты мекен-жайын, қызметін, сотталғанның мінез-құлқына қадағалау жүргізуші арнайы мемлекеттік органның рұқсатынсыз ауыстырмау, белгілі бір орындарға бармауға, алкоголизм, наркомания, токсикомания, соз немесе ВИЧ, СПИД ауруларынан емдеу курсын өту, жанұясына материалдық көмек беріп тұру т.б..



Бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылған адамға жазасының қалған өтелмеген бөлiгi iшiнде сот Қылмыстық кодекстің 44-бабы екінші бөлігінің қағидалары бойынша пробациялық бақылауды белгілейді. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану кезінде адамға сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде көзделген міндеттер жүктеледі.

Сот тағайындаған өмiр бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адам, егер сот оның бұл жазаны одан әрi өтеуін қажет етпейді деп таныса және ол бас бостандығынан айырудың кемінде жиырма бес жылын іс жүзінде өтесе, шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатылуы мүмкін. Егер сот тағайындаған өмір бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адам процесстік келісімнің барлық талаптарын орындаса, ол бас бостандығынан айырудың кемінде он бес жылын іс жүзінде өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет