Жазғы мектеп аясында «Математика» пәні бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау»



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата23.01.2020
өлшемі0,81 Mb.
#56365
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 МАН МатематикаЖазғыМектеп
1 МАН МатематикаЖазғыМектеп

Сенімділікті анықтау әдістемесі  

    Әдіс 

Үдеріс 

Тестілеу/ 

қайта 

тестілеу 

Белгілі  бір  тест  немесе  дәл  сол  тестінің  балама  нұсқасы  бір  топтағы  оқушыларға 

әртүрлі  уақытта  қолданылады.  Содан  соң  екі  нәтиженің  жиынтығы  сенімділік 

коэффициентін  есептеу  үшін  салыстырылады.  Бұл  әдіс  уақытқа  қатысты 

нәтижелермен  немесе  сол  тестінің  балама  нұсқасы  арасындағы  нәтижелермен 

қаншалықты сәйкес екендігі туралы ұсыныс береді. 



Ішкі келісім 

 

Түрлі  тапсырмалар  бойынша  нәтижелер  немесе  бөлімдер  бойынша  нәтижелердің 

бағалары қаншалықты жақсы және қаншалықты байланысты екендігі салыстырылады. 

Тест  тапсырмаларын  екі  бөлікке  бөлу  және  әр  бөліктегі  нәтижелерді  салыстыруды 

қамтитын  (сплитхаф  әдісі  –  тең  бөлу)  әртүрлі  бірнеше  әдістерді  қолдануға  болады. 

Осындай  сенімділік  коэффициенті  түріндегі  басқа  мысалдар  барынша  күрделі 

статистикалық  әдістерден  тұрады.  Тест  тапсырмалары  бар  оқулықтардан  көбіне 

Альфа-Кронбах  деп  аталатын  немесе  Кудер  Ричардсонның  20  немесе  

21-формулаларының  қолданылуын  көреміз.  Мұндай  сенімділік  коэффициентін 

есептеу  элементтердің  реттілігі  қандай  екендігін  немесе  бағалау  аясындағы 

тапсырмалар сол нәтижелерге себеп болатындығы туралы ұсынысты береді. 

 

Бағалаулар 



арасындағы 

нақтылық

 

Түрлі  бағалаушылардың  нәтижелерін  келісім  деңгейін  анықтаумен  салыстыруға 

болады. Бұл әдіс екі немесе одан да көп бағалаушылардың бір тапсырманы орындауы 

қаншалықты  дәйекті  екенін  көрсету  үшін  қолданылады,  бұл  біліктілік  үшін 

мәнмәтіндік бағалауда қолданылған кезде ұстамдылық деп аталады.  

 


33 

 

Сыныптағы бағалаудың сенімділігі 

Мұғалімдердің  өздері  құрастыратын  тестілеу  не  бағалау  тапсырмаларының 

сенімділік  коэффициентін  есептеуге  немесе  өлшеудегі  стандартты  қателіктерге 

сипаттама  беруге  уақытын  бөлуі  екіталай.  Алайда  бұл  сенімділік  мәселесі  сыныптағы 

бағалауға қатысы жоқ  дегенді  білдірмейді, оқушыларды бағалауға қатысты шешімдер 

мен  тұжырымдардың  сенімді  бағалау  нәтижелеріне  негізделуі  аса  маңызды  болып 

табылады.  Сонымен  мұғалім  өзінің  сыныптағы  бағалауының  сенімді  екендігіне  қалай 

көзін  жеткізе  алады?  Джеффри  Смиттің  (2003)  пікірінше,  сыныптағы  бағалауға 

сенімділіктің балама (альтернативті) анықтамасы көбірек келеді деп тұжырымдайды. Ол 

«ақпараттың  жеткіліктілігі»  идеясын  ұсынады.  Смиттің  айтуы  бойынша,  сыныптағы 

бағалаудың нақтылығы туралы пайымдау:  «Осы оқуға қатысты  әр оқушының үлгерім 

деңгейін айқындау үшін бұл бағалау қажетті ақпараттарды ұсына ала ма?» деген мәселе 

төңірегінде құрылуы тиіс (Смит, 2003).  

Тейлор  және  Нолан  (1996)  да  осы  көзқарасты  қолдайды.  Олардың  айтуынша, 

«бағалаудың  кең  ауқымдылығы  ұзақ  мерзімді  бағалау  мақсатына  қызмет  ете  алады  – 

ақпараттар  мен  нақтылық  дәлелдерінің  дереккөздері  көп  болған  сайын,  анағұрлым 

сенімді шешім қабылдауға болады».  

Мұндай  анықтама:  «Қанша  ақпарат  жеткілікті?»  деген  сұрақты  туындатады. 

«Жеткілікті  ақпарат»  пен  мүлдем  ұзақ  мерзімді  бағалау  арасында  айырмашылық  бар.  

Әрине, бұл сұраққа жауап беру оңайға соқпайды, ақырында барлығы түптеп келгенде, 

бұл  кәсіби  пайымдауға  саяды.  Дегенмен  осы  сұраққа  қатысты  Энн  Дэвистің  бірқатар 

ұсыныстары болған (2000). Ол мұғалімдер триангуляция тұжырымдамасын сыныптағы 

бағалаудың сенімділігі мен негізділігін арттыру тәсілі ретінде қолданады деп санайды.  

Триангуляция  кез  келген  шешім  қабылдаудың  негізі  ретінде  бағалау 

дәлелдемелерінің үш түрлі дереккөзін қолдануды қамтиды. Энн Дэвистің тұжырымдауы 

бойынша,  бұл  салалар  –  оқушылардың  оқуын,  олар  іске  асыратын  өнімдерді  (оның 

ішінде  тест  нәтижелерін),  сондай-ақ  олардың  әңгімелесуін  бақылау.  Мұғалімдер  осы 

дереккөздердің әрқайсысының дәлелдерін қарастырған және жинақтаған жағдайда, тек 

бір  салаға  немесе  нәтижеге  сүйенгеннен  гөрі  оқушылардың  ілгерілеуі  туралы  сенімді 

және  анағұрлым  толыққанды  шешім  шығара  алады.  Сенімділікке  қатысты  проблема, 

шын  мәнінде,  бағалау  барысында  кездейсоқ  нұсқалар  орын  алуы  ықтималдығына 

байланысты. Бұл оқушыларды бағалау барысында, әсіресе бағалау нәтижелері жекелеген 

оқушыларға  қатысты  және/  немесе  олар  қатысатын  оқыту  бағдарламаларына  қатысты 

шешім қабылдау үшін қолданылатын кезде ескерілуі тиіс.  

Ескертпе:  сенімсіз нәтижелер  оқушылардың  үлгерімі  туралы  негізделген  дәйекті 

шешім  қабылдауға  мүмкіндік  бермейтінін  атап  өту  маңызды.  Дегенмен  бағалау 

нәтижелерінің сенімді болуы да біздің оқу мазмұнын дұрыс бағалайтынымызды білдіре 

бермейді.  Демек,  бағалаудың  сенімділігі  аса  қажетті,  бірақ  бағалаудың  валидтілігін  

білдіру үшін жеткіліксіз шарт болып табылады.   



 

Сілтеме:  

A hitchhiker’s guide to reliability. Charles Darr. 2005.  

https://www.nzcer.org.nz/nzcerpress/set/articles/hitchhikers-guide-reliabilit 

http://assessment.tki.org.nz/content/download/6109/62609/file/A+hitchhiker%27s+guid

e+to+reliability.pdf 

 

 



34 

Валидтілікті қамтамасыз етуге арналған нұсқаулық 

(Чарльз Дарр материалдарының негізінде, 2005) 



 

Валидтілік дегеніміз не және оның маңыздылығы неде?  

Бұған дейін валидтілік тестілеу құралдары немесе бағалаудың өлшемін бағалауды 

қажет  ететін  деңгей  ретінде  жиі  қарастырылды.  Дегенмен  соңғы  кезде  бағалау 

мамандары  валидтілікті  бағалау  құралының  белгіленген  қасиеті  ретінде  қарастырмау 

керек деген тұжырымды ұстанады. Олар оның орнына валидтілікті бағалау нәтижелері 

негізінде қабылданатын түсіндіру және шешім қабылдау сапасын бағалау ретінде түсінік 

беруді, яғни бағалау нәтижесі негізінде қаншалықты жақсы шешімдер (қорытындылар) 

мен  әрекеттер  жасалады  және  олар  қаншалықты  негізді  бола  алатыны  тұрғысынан 

қарауды ұсынады. Валидтілікті бағалаудағы негізгі мәселе ретінде қарастыруға болады.  

Егер  бағалау  қолданылатын  болса,  онда  бағалау  нәтижелері  негізінде  қабылданатын 

қорытындылар  мен  шешімдердің  негізді  болуы  аса  маңызды.  Сонымен  біз  валидтілік 

деңгейін қалай бағалай аламыз?  



Валидтілік деңгейін бағалау 

Валидтілік  деңгейін  бағалау  қарапайым  техникалық  рәсімдерге  дейін 

қысқартылмауы  тиіс.  Сондай-ақ  бағалау  валидтілігі  абсолютті  (сөзсіз)  шәкілмен  

өлшенбеуі керек. Бағалаудың валидтілігі белгілі бір оқушылар тобы үшін қабылданған 

нақты шешімдер мен қорытындыларға жатады.  

Сондықтан валидтілік анықтамасы осы түсініктемелер мен шешімдерді растайтын 

дәлелдер  жинақтауды  қамтиды.  Мұндай  дәлелдер  бізді  валидтіліктің  жоғары,  орта 

немесе  төмен  дәлелдеріне  алып  келеді.  Қандай  дәлелдер  жинақтайтынымыз  біздің 

қандай интерпретациялар мен шешімдер қабылдайтынымызға байланысты болады.  

Мұндай  валидтілікті  зерттеу  кейде  валидтіліктің  дәлелдерін  құрастыру  ретінде 

қолданылады.  Роберт  Линн  мен  Дэвид  Миллар  (2005)  сияқты  бағалау  бойынша 

сарапшылар  валидтілікке  қатысты  дәлелдерде  ескерілуі  тиіс  төрт  негізгі  түсінікті 

ұсынды. Оның үшеуі – мазмұнды түсінік, сындарлы түсінік және критерийлердің өзара 

байланысы  валидтіліктің  құрамдас  бөліктері  болып  табылады.  Кейіннен  қосылған 

төртінші маңызды түсінік логикалық тұрғыдан туындайтын аспект болып табылады.  

Валидтілік бағалауды жоспарлауда немесе бағалау бағдарламалары туралы шешім 

қабылдаған  кезде  әрдайым  назарда  болуы  тиіс.  Оқушылардың  оқудағы  ілгерілеуін 

оқушыларды  оң  нәтижелерге  жетелейтін,  сенімді  және  тиімді  бағалау  нәтижелері 

бойынша бағалау аса маңызды болып табылады.   

Мазмұндық аспектілері 

Біз  оқушыларды  бағалау  барысында  барлық  аспектілерді  қамти  алмаймыз. 

Сондықтан  бағаланатын  модельдің  қарастырылатын  оқу  саласына  қатысты  

материалдың  дұрыс  үлгісі  болуы  маңызды.  Бұл  біздің  оқу  мақсатын  өте  жақсы 

түсінуімізді  және  олардың  қолданылып  жүрген  тапсырмалар  мен  бағалау 

элементтерімен байланысын көрсетуге дайын болуымызды қажет етеді.   

Бағалау  тапсырмаларын  әзірлеу  барысында  мазмұнға  қатысты  мәселе  мұқият  

қарастырылуы тиіс. Кейде бұл бағалау тапсырмалары мен элементтерін әзірлеуге немесе 

таңдауға дейін контенттің спецификациясын (сипаттамасын)  жазу үшін біраз уақытты 

қажет  етуі  мүмкін.  Стандартталған  тест  тапсырмалары  мен  жоғары  деңгейлі  бағалау 

тапсырмаларын әзірлеу барысында тест құрастырушылар контент спецификациясы мен 

бағалау  элементтерінің  оқу  мазмұнына  сәйкестігін  тексеру  үшін  көп  жағдайда  пән 

мұғалімдерін  қатыстырады.  Бұл  әріптестер  мен  оқушылардың  талқылауын  қамтуы  да 

мүмкін.  Бағалау  құралдары  қарастырылатын  оқудың  объективті  сипатын  қамтамасыз 

ететін болса, оқу саласындағы жетістіктер туралы негізделген шешім шығару мүмкіндігі 

артады.  



35 

Сындарлылық аспектілері 

Бағалау  мақсаттарының  бірі  тұлғаның  қажетті  дағдылары  мен  біліктерінің 

қаншалықты  дамығанын  анықтау  болып  табылады,  мұны  айқындауда  сындарлылық 

аспектілері  көмектесуі  мүмкін.  Сындарлы  аспектілер  –  бұл  бағалау  барысында  назар 

аударылатын тұлғаның ерекше психологиялық қасиеттері немесе сипаттамалары, мысалы, 

ойлау  немесе  пайымдау.  Математикалық  тұрғыдан  бағалауда  бұл  «проблемаларды  шеше 

білу» немесе «математикалық пайымдау» болуы мүмкін. Оқылым дағдысын бағалауда бұл 

көбіне «түсіну» дегенді білдіреді. Сындарлылық аспектілерін валидтілік дәлелдемесі ретінде 

қарастырған кезде, біз бағалау нәтижесі белгілі бір дағдылар мен біліктердің қалыптасқаны 

туралы  шешім  шығару  үшін  қолданылатын  деңгейді  зерделейміз.  Әдетте  бағалау  нақты 

дағды  мен  біліктерді  меңгеру  сипаттамаларына  бағытталғандықтан,  шынайы  бағалауда  

көбіне  сындарлы  аспектілер  қарастырылады.  Бағалау  тапсырмаларында  сындарлы 

аспектілерді  қарастыра  отырып,  біз  сындарлы  аспект  дегеніміз  не  және  ол  қалай 

айқындалатынын  нақты  түсінуіміз  керек.  Виггинс  (1998)  сындарлы  аспектілер  жөнінде 

түсінік қалыптастыруға көмектесетін төмендегідей сұрақтарды ұсынады:   

• Оқушы бағалануы тиіс түсіну немесе қолдану дағдыларына қатысы жоқ себептерге 

байланысты тапсырманы жақсы орындауы мүмкін бе? 

• Оқушы бағалануы тиіс түсіну немесе қолдану дағдыларына қатысы жоқ себептерге 

байланысты тапсырманы нашар орындауы мүмкін бе?  

 

Критериалды аспектілер 

Кейде  валидтілікке  дәлелдер  құрастыру  біздің  бағалау  нәтижелеріміз  басқа  бағалау 

тапсырмалары  немесе  критерийлері  бойынша  нәтижелермен  салыстырмалы  түрде 

қаншалықты  байланысты  болатынын  қамтиды.  Бірдей  аспектілерді  бағалау  үшін 

құрастырылған  екі  түрлі  бағалау  нәтижелері  ұқсас  болған  жағдайда,  біз  бағалауымыздың 

«бір  бағытқа  бағытталғанының»  дәлелі  ретінде  пайдалана  аламыз.  Тест  құрастырушылар 

валидтілікке  қатысты  дәлелдер  келтіру  үшін  аталған  байланыстарды  қарастыратын  

корреляциялық (өзара байланысты) зерттеулерді жиі  жүргізеді. Сыныпта біз бағалау мен 

критерийлердің өзара байланысын тексеру үшін зерттеу жүргізуіміз екіталай. Дегенмен біз 

бірдей  аспектілерді  тексеру  үшін  белгіленген  бағалаудың  әртүрлі  құралдарын  қолдану 

нәтижелердің әртүрлі бағалануына алып келетініне назар аударуымыз қажет. Біз өзіміздің 

бағалауымыз сыныптағы оқудың табыстылығын қаншалықты дұрыс бағалайтыны және оны 

оқудағы алға ілгерілеу туралы дәлелді тұжырым жасау үшін қолдануға болатыны туралы өз 

деңгейімізде зерттеу жүргізе аламыз.  

Салдарлық аспектілер 

Бағалау  нәтижелерінің  мән-маңызы  олардың  оқыту  мен  оқуға  ықпалымен 

айқындалады. Бағалаудың кейде кері әсері болуы да мүмкін, әсіресе, қолданыстағы бағалау 

форматы «тестілеуге үйренуге» немесе оқушылардың ынтасының төмендеуіне  алып келуі 

мүмкін. Мысалы, қағаз түріндегі тексеру бағалаудың жалғыз формасы болған жағдайда бұл 

тестілеуге  үйренуге  қызықтыруы  және  сыныпта  меңгерілетін  білім  мен  тәжірибе  аясын 

шектеуі  мүмкін.  Шешім  қабылдау  немесе  оқушылардың  ілгерілеуі  туралы  ақпарат  беру 

мақсатында  бағалау  нәтижелерін  қолданудың  жалпы  білім  беру  мақсатына  кері  әсер  ету 

дәлелдері болған жағдайда бағалаудың валидтілігі күмән туғызуы тиіс.    

Валидтілікті тексеру 

Бағалау мәліметіне негізделген валидті, яғни негізделген түсініктемелер мен шешімдер 

қабылдау  қабілетімізге  көптеген  факторлар  әсер  етуі  мүмкін.  Бұл  факторлар  туралы  жан-

жақты  білу  білімді  шынайы  бағалауға  мүмкіндік  беретіндей  сұрақтар  құрастыруға 

көмектеседі. 

Сілтеме:  

A hitchhiker’s guide to validity. Charles Darr. 2005. 

http://assessment.tki.org.nz/content/download/6110/62612/file/A+hitchhikers+guide+to+va

lidity.pdf

 

 


36 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ 

 

1.  Алишев  Т.Б.,  Гильмутдинов  А.Х.  Опыт  Сингапура:  создание  образовательной 

системы  мирового  уровня  [Сингапур  тәжірибесі:  әлемдік  деңгейдегі  білім  беру  жүйесін 

құру]. // Журнал «Вопросы образования». - Выпуск № 4. 2010. 

2.  Аллан Дж. Уильямс, Сарбасов Н.С. Международный подход к системе оценивания 

(Великобритания,  США,  Сингапур  и  Новая  Зеландия).  [Халықаралық  бағалау  тәсілдері. 

Ұлыбритания,  АҚШ,  Сингапур,  Жаңа  Зеландия]  –  Астана:  «Назарбаев  Зияткерлік 

мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014. 

3.  «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңы  (27.07.2007ж.  №  319-  III, 

13.01.2015 жылғы өзерістер және толықтыруларымен). 

4.  Казакова И.А. Система оценивания знаний в историческом аспекте [Білімді бағалау 

жүйесінің тарихи аспектісі]. Высшее образование в России, №6, 2011, с 153-157. 

5.  Критериалды  бағалау  жүйесінің  кіріктірілген  моделі.  Әдістемелік  ұсыныстар– 

Астана. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ.  

6.  Ковалева Г.С., Краснянская К.А. Анализ систем оценки реализации образовательных 

программ в Сингапуре, Южной Корее и Китае [Сингапур, Оңтүстік Корея және Қытайдағы 

білім беру бағдарламаларын іске асыруды бағалау жүйелерін талдау]. Наука и школа №1, 

2016, https://cyberleninka.ru/article/n/analiz-sistem-otsenki-realizatsii-obrazovatelnyh-programm-

v-singapure-yuzhnoy-koree-i-kitae 

7.  Құракбаев  К.С.,  Омарбекова  А.К.  Совершенствование  национальной  системы 

оценивания  учебных  достижений  учащихся  в  контексте  системы  критериального 

оценивания [Критериалды бағалау контекстінде оқушылардың білімін бағалаудың  ұлттық 

жүйесін жетілдіру]// KazNU Bulletin. «Pedagogikal science» series № 1(44), 2015. 

8.  Негізгі  орта  және  жалпы  орта  білім  беретін  мектеп  мұғалімдеріне  арналған 

критериалды  бағалау  бойынша  нұсқаулық:  Оқу-әдістемелік  құрал  /«Назарбаев  Зияткерлік 

мектептері»  ДББҰ  /О.И.Можаева,  А.С.Шилибекова,  Д.Б.Зиеденованың  редакциясымен.  - 

Астана, 2016. - 55 б. 

9.  Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық 

және  оқу-әдістемелік  негіздері.  Әдістемелік  құрал.  –Астана:  Ы.  Алтынсарин  атындағы 

Ұлттық білім академиясы, 2015. – 58 б. 

10. Өңірлік  және  мектеп  үйлестірушілеріне  арналған  критериалды  бағалау  бойынша 

нұсқаулық:  Оқу-әдіст.  құрал  /«Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  ДББҰ  /О.И.Можаева, 

А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. - Астана, 2016. - 46 б. 

11. Пинская М.А., Оценивание для обучения [Оқу үшін бағалау]. Москва. Чистые пруды, 

2009. - 32 с. -(Библиотечка «Первого сентября». Серия «Управление школой»; вып. 28). 

12. Решетников  О.В.  Оценка  личностного  развития  ученика  [Оқушының  тұлғалық 

дамуын  бағалау]  //Проблемы  современного  развития  ученика  (Оқушыны  дамытудағы 

заманауи мәселелер). – 2011. – №5. – С. 2-27. 

13. «Тиімді оқыту мен оқу» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің 

біліктілігін арттыру бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Астана, 2016. -201б. 

14. Ұлттық білім беру саясатына шолу. Қазақстандағы орта білім беру. ЭЫДҰ, 2014ж. 

15. Ұлыбританиядағы 

бастауыш  және  орта  білім  беру.  Интернет  ресурс: 

http://www.studentinfo.net/faq84-secondary-school.  

16.  «PISA-2015  халықаралық  зерттеуінің  негізгі  нәтижелері»  Ұлттық  есебі,  2017  жыл, 

С.Ырсалиев,  А.Құлтуманова,  Е.Сабырұлы,  М.Аманғазы  –  Астана:  «Ақпараттық-талдау 

орталығы» АҚ, 2017 – 240 бет.  

17. American  Educational  Research  Association,  American  Psychological  Association  & 

National Council on Measurement in Educational (AERA, APA & NCME), (1999) The standards 

for  Educational  and  Psychological  Testing  [Білім  беру  және  психологиялық  тестілеу 

стандарттары]. Washington, D.C.: Author. 


37 

18. Airasian, P.W. (1999). Assessment in the Classroom: A Concise Approach  (Сыныптағы 

бағалау: қысқа тәсіл). New York: McGraw-Hill. 

19. Brown, Sally, Race Phil, Smith, Brenda. (2004). 500 Tips on Assessment [Бағалаудың 500 

түрі]. London: Kogan Page Limited. 

20. Charles Darr. (2005) A hitchhiker’s guide to reliability [Сенімділікті қамтамасыз етуге 

арналған 

нұсқаулық]. 

Электронды 

ресурс 


http://citeseerx.ist.psu.edu/viewdoc/download?doi=10.1.1.619.4574&rep=rep1&type=pdf 

21. Charles  Darr.  (2005).  A  hitchhiker’s  guide  to  validity  [Валидтілікті  қамтамасыз  етуге 

арналған нұсқаулық]. Электронды ресурс https://sue-smith.wikispaces.com/file/view/Validity+-

Hitchhikers+Guide-1.pdf 

22. Darling-Hammond, L.et al. (2013). Criteria for High-Quality Assessment [Жоғары сапалы 

бағалау критерийлері]. Стэнфорд, Калифорния шт: Білім беру саясаты жөніндегі Стэнфорд 

орталығы. 

23. Diana Ng Yee Ping, Tan Yap Kwang. (2014). How to use the Revised Bloom’s Taxonomy 

(RBT) to develop primary Science questions. [Бастауыш ғылымда сұрақ қоюды дамыту үшін 

қайта қаралған Блум таксономиясын (ҚБТ) пайдалану]. Assessment in Singapore. Perspectives 

for Classroom Practice. Singapore Examinations and Assessment Board. 

24. Garfield, J.B. (1994) Beyond Testing and Grading: Using Assessment to Improve Student 

Learning  [Бағалауды  студенттердің  оқуын  жетілдіру  үшін  қолдану]//  Journal  of  Statistics 

Education. 2 (1). – P. 1-12 

25. Gilbert, D.T., Pelham, B.W. &  Krull, D.S. (1988) On Cognitive Busyness. When person 

perceivers  meet  persons  perceived  [Танымдық  жаттығу:  адамдардың  жағымды  адамдарды 

қабылдауы].  Journal  of  Personality  and  Social  Psychology  [Жеке  тұлға  және  әлеуметтік 

психология журналы], 54(5), 733-740. 

26. Harlen,  W.,  Jemes,  M.  (1997).  Assesment  and  learning:  Differences  and  Relationships 

Between  Formative  and  Summative  Assesment  [Бағалау  және  оқу:  Қалыптастырушы  және 

жиынтық  бағалау  арасындағы  айырмашылық  пен  олардың  өзара  байланысы]//  Assesment 

Education, 4(3), 365-379. 

27. Hodson,  D.  (1990).  A  critical  look  at  practical  work  in  school  science  [Мектеп 

ғылымындағы  тәжірибелік  жұмысқа  сыни  көзқарас].  School  Science  Review  (Мектеп 

ғылымына шолу), 71 (256), 33-40. 

28. Hofstein A. and Lunetta V.N. (2004). The laboratory in science education: Foundations for 

the twenty‐first century [Ғылыми-ағарту зертханасы: XXI ғасыр негіздері]. Science Education, 

88 (1) 28-54. 

29. Johnson, M. and Green, S. (2006) On-line Mathematics Assessment: The Impact of Mode 

on  Performance  and  Question  Answering  Strategies  [Онлайн  математикалық  бағалау: 

сұрақтарға  жауап  беру  мен  өнімділікке  әсері].  The  Journal  of  Technology,  Learning  and 

Assessment, 4, 5 

30. Keiler, L.S., Woolnoug, B.E. (2002).  Practical work in school science: the dominance of 

assessment  [Мектеп  ғылымындағы  тәжірибелік  жұмыс:  бағлаудың  басымдығы].  School 



Science Review (Мектеп ғылымына шолу), 83 (304), 83-88. 

31. Kubiszyn,  T.,  Borich,  G.D.  (2007).  Educational  Testing  and  Measurement:  Classroom 

Application and Practice. [Білім беруді тестілеу және өлшеу: сыныпта қолдану және тәжірибе]. 

АҚШ: John Wiley & Sons, Inc. 

32. Leong See Cheng. (2014). What do we when we assess achievement? [Жетістікті бағалау 

кезінде біз не істейміз?] Assessment in Singapore. Perspectives for Classroom Practice. Singapore 

Examinations and Assessment Board. 

33. Leong See Cheng. (2014). What validsty is and isn’t? [Валидтілік деген нені білдіреді?] 

Assessment  in  Singapore.  Perspectives  for  Classroom  Practice.  Singapore  Examinations  and 

Assessment Board. 



38 

34. Leong  See  Cheng.  (2014).  How  to  judge  demands  in  test  items  [Тест  мазмұнына 

қойылатын талаптар қалай бағаланады?]. Assessment in Singapore. Perspectives for Classroom 

Practice. Singapore Examinations and Assessment Board. 

35. Lim Jih Koon Lyndon. (2014). How to make the reporting of test results more meaningful 

[Тест нәтижелерін  талдауды қалай маңыздырақ жасауға болады]. Assessment in Singapore. 

Perspectives for Classroom Practice. Singapore Examinations and Assessment Board 

36. Mislevy, R.J,  Steinberg, L.S, and Almond, R.G. (2002). Design and analysis in task-based 

language  assessment  [Тапсырмаларға  негізделген  тілді  бағалауды  жоспарлау  және  талдау]. 

«Language Testing 2002». 19(4), 477-498. http://lrc.cornell.edu/events/past/2004-5/mislevy.pdf. 

37. Newton,  P,  Baird,  J,  Goldstein,  H,  Patrick,  H  and  Tymms,  P.  (2007)  Techniques  for 

monitoring the comparability of examination standards [Емтихан стандарттарының сәйкестігін 

бақылау техникасы], London, QCA. 

38. Ow  Mun  Hoe.  (2014).  What  are  some  key  ideas  of  school-based  assessment  of  science 

practical  skills?  [Мектепте  ғылыми  дағдыларды  қолдануды  бағалауының  кейбір  негізгі 

идеялары  қандай?]  Assessment  in  Singapore.  Perspectives  for  Classroom  Practice.  Singapore 

Examinations and Assessment Board. 

39. Pollitt, A., Ahmed, A., and Crisp, V. (2007) The demands of examination syllabuses and 

question papers [Емтихан курсы мен емтихан билеттеріне қойылатын талаптар]. Techniques 

for  monitoring  the  comparability  of  examination  standards  [Емтихан  стандарттарының 

сәйкестігін бақылау техникасы], pp. 166-206. London, Qualifications and Curriculum Authority. 

40. Downing,  S.M.  (2003)  Validity:  on  the  meaningful  interpretation  of  assessment  data 

[Валидтілік:  бағалау  нәтижелерін  мазмұнды  түсіндіру  сұрақтары].  The  metric  of  medical 

education. 

«Medical 

Education», 

37, 

830-837. 



Эл. 

ресурс. 


http://msu.ac.zw/elearning/material/1317654993What%20is%20validity.pdf.  

41. Syed Mohamed. (2014). What should be considered in developing mark schemes? [Бағалау 

сұлбасын әзірлегенде нені ескеру керек?]. Assessment in Singapore. Perspectives for Classroom 

Practice. Singapore Examinations and Assessment Board. 

42. Tan  Soon  Cheng.  (2014).  How  to  set  open-ended  guestions  [Ашық  сұрақтарды  қалай 

құрастыруға болады]. Assessment in Singapore. Perspectives for Classroom Practice. Singapore 

Examinations and Assessment Board. 

43. Voogt, J., Roblin, N.P. (2012). A Comparative Analysis of International Frameworks for 

21st  Century  Competencies:  Implications  for  National  Curriculum  Policies  [21-ғасыр 

құзыреттілігінің  халықаралық  талаптарын  салыстырмалы  талдау].  Journal  of  Curriculum 

Studies 44(3):299-321. 

44. William,  D.  (2000).  Reliability,  validity,  and  all  that  jazz  [Сенімділік,  валидтілік  және 

басқа да сипаттамалар]. Education, 29(3), 9-13. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет