Жазудың қызметтері Маха Жазу



бет1/49
Дата25.12.2023
өлшемі1,02 Mb.
#199143
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49
Байланысты:
Латын сессия
П п дыбысы және әрпі, Психология управления В.С. Иванова Учебное пособие, Серікбай Ұлмира, foods-09-00058-v2, Дәріс 10, 428373, Оқу жоспары – оқу орындарында оқу пәндерінің құрамын, оқу жылы бойынша өту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу пәніне берілетін уақыт мөлш

  1. Жазудың қызметтері Маха



Жазу – адамзаттың ұлы мәдени құндылықтарының қатары-на жататын, өркениет дамуының құрамдас бөлігі. Адамзат мәдениетінің өркениетке аяқ басуы дыбыстық жазу Типінің пайда болуынан басталса, өркениеттің әлемиетке ұласуы жазба коммуникацияның, жазба тілдің жоғары даму сатысына жеткені- нен хабар береді.
Жазудың мынадай қызметтері бар:
1) аргументтік қызмет (әлеуметтік қызмет);
2) тілжүйелеушілік қызмет;
3) ойжасамдық қызмет;
4) ойды жарыққа шығару қызметі;
5) жады қызметі;
6) тілтанымдық қызмет;
7) тілді нормалаушылық қызмет;
8) кумулятивтік қызмет (мәдениетті сақтайтын, жеткізетін қызмет);
9) коммуникативтік қызмет.
Адамның қоғамдағы мәні өз ойын сыртқа білдіру қабілеті және өзгелермен қатынас жасай алу қасиеті арқылы өлшенеді. Мұның біріншісі – жеке-дара қасиет болса, екіншісі – әлеуметтік қасиет. Адам өз сезімін күлу, айқайлау, жылау, бақыру, өлең айту сияқты табиғи жолмен білдіре алады. Сондай-ақ, өлең шығару, сурет салу, әуендету, мүсін жасау сияқты қоғамдық ортақ шарт-ты құбылыстар арқылы да шығарады. Тарих доңғалағы айналған сайын адам қоғамсыз өмір сүре алмағандықтан ортақ, қоғам болып бірлесіп қабылдаған бейнелер арқылы өз ойын сыртқа шығарудың жолдары көбейді.



  1. Жазу – тілді жаңғыртудың, бекітудің құралы дегенге көзқарасыңызды жазыңыз Ақниет

Жазу – тілді жаңғыртудың, бекітудің құралы. Жүйесi мен құрылымы бар тілдік таңба жазуға түсiп, денотаттық тұрпатқа ие болғаннан кейiн мәңгiлiк құндылыққа айналды. Өйткенi жазу ауызша сөзді таңбалап қана қоймайды, адамның тiл туралы түсiнiгiн кеңейтеді, тереңдетедi. Тiлдiң инвариантты, абстракті, күрделi құрылымдық деңгейге жетуiне әсер етеді. Соған сәйкес тілдегі синтаксистiк құрылымдар, күрделi фразалық тұтастықтар жазудың негізінде пайда болды. Тiлдiң (әдеби тiлдiң) стильдiк тармақтары сараланды, стиль нормаларының қалыптасуына әсер етті. Сөйтiп, жазу сөйлеуде елене бермейтiн тiлдiң барлық қалтарыстарын нақтылаудың негізінде тiлдiң сұрыпталып, нормаланған, електен өткен құрылымын ғана таңбалап, жазу нормасына сай сөйлемдер мен мәтiндердi тiлдiк жүйеге жатқызды. Сондықтан ауызша сөйлеудегi еркiндiк-тi тiлдiк қалыпқа салу, яғни жазуға түсiру кез келген сауатты адамның қолынан келмейдi. Адам күнделiктi қарым-қатынас тiлiмен бiреуге хат жазу мүмкіндігіне ие болғанмен, өзiнiң ойын жүйелi, толыққанды, мазмұнды етiп жазбаша жеткiзу-де қиындыққа тап болады. Сонымен, жазудың екінші қызметі тiлдiң жүйелi құрылымға айналуына әсер етуi болып табылады. Тiлдiң барлық потенциалды мүмкiндiктерiн ашып, пайдалануға әсерiн тигiзедi. Сондықтан да бүгінде жазылған дүниені сол 10 11 тілдің жүйесі мен құрылымы ретінде тануға, қабылдауға, тілдің “өзі” деп түсіндіруге, түсінуге күмән қалмайды.


жазу – адам ойының материалданып, жарыққа шығуының, дәлiрек айтқанда творчестволық әрекетiнiң құралы. “Көңiлдегi көрiктi ойдың сыртқа шыққанда өңi қашатын” болса, жазудың арқасында қағазға түскен шашыраңқы ойды жүйелеуге болады. Жазудағы стандарттық құрылымдар, сөйлем мүшелерiнiң нормативтi орын тәртiбi ақыр соңында сыртқа шыққан адам ойын өзгеше сипат алдырады. Оның үстiне жазылған мәтiндi қайталап оқып, толықтыруға, қысқартуға, нақтылауға, қайта құруға мүмкiндiк бар. Мәтінді араға уақыт са-лып қайта қарап, жетiлдiруге болады. Ой үстiне ой жалғауға бо-лады. Сөйтiп, жазу түптiң түбiнде адамның өз сөзiнiң бөгделенуi болып шығады. Жазудың арқасында сөз екiншi өмiрге, дербес өмiрге ие болады. Демек, жазу қарым-қатынас құралы емес, тiл-дiк жағдаят болмаса да адам өз ойын монологті түрде жарыққа шығаратын сананың материалдану құралы болады.
жазудың тіл тарихын сақтаушы, уәжін көрсетуші қызметі бар. Бұны жазудың тілтанымдық қызметі деп атай-мыз. Ауызша тіл үнемі өзгерісте болады, жаңарып, жаңғырып, үнемделіп отырады. Академик Л.В.Щерба ең бірінші өзгеретін сөйлеу тілі және зерттелмей жатқан сала да – сөйлеу тілі деген. Сондай-ақ жазу тіл бірліктерінің шығу тегін, уәжін, әсіресе түбір тұрпатын өзіне бейнелеп, тіл тарихы үшін аса құнды тарихи дерек жинап отырады. Сөйлеуде жаңаша дыбыстағанмен немесе сөйлегенмен, ол бірліктердің инвариантты тұлғасын жазу ғана сақтай алады. Енді жазудың келесі қызметін осы айтылғаннан шығара отырып, тілді нормалаушылық деп атаймыз. Ауызша тіл бiр нәрсеге табан тiреуді керек етеді. Сонда ол “тiреу” көп өзгерудi “ұната” қоймайтын консервативтi жүйе – жазу болып табылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет