Жұбайлар шаттығЫ



Pdf көрінісі
бет164/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

ҚОРЫТЫНДЫ 
Негізінде, ғұламалардың айтқанындай, кітап жазу ісі – оңай 
шаруа емес. Егер ол жеке, арнайы тақырыптар жөнінде болса 
тіпті де қиын. Адамзат өз жаратылысында әртүрлі болып келеді. 
Олардың арасында түсінiгi барлары да, надандары да бар. Білімді 
адам еңбегiңдi бағалап, қолдау көрсетеді. Ал надан немесе 
күншіл адам сынау мен ескерту жасаудан аспайды. Бірақ көкірек 
көзі жабықтардың сынағынан жасқанып, ғылыми еңбек жазудан 
бас тарту үлкен қателіктің басы болар еді. Бұл сияқты жасанды 
кедергілер мен аздаған қиындықтардан сақтанып, көпшілік 
қауымға аса қажетті шариғат үкімдерін баяндауды тоқтатпаған 
абзал. Керісінше, пайдасы мол дiни және дүниеуи істердi адамдар 
санасына түсінікті тілмен жеткізіп, білмегендерін үйретіп, 
білгендерін нақтылап ұғындыруды парызымыз деп білдік. 
Бұл кітапты жазғандағы біздің көздеген мақсатымыз: Ислам 
дұшпандарының ерлі-зайыптылардың хақтарына байланысты 
шариғат үкiмдерiне қарсы жасап жатқан iстерiн әшкерелеу, 
олардың мұсылмандарды адастыру, бүлдіру және дiнiмiздi 
жағымсыз етіп көрсету үшiн жүргізіп отырған саясатын ашып 
көрсету едi. Бұл – Ислам қоғамына және мұсылман отбасының 
бақытына қауіп төндіретін, барлық іске рұқсат ете беретін 
ағымдарға қарсы жазылған еңбек. 
Құрметті оқырман! Осы бір кітапта ашық айтылған кейбiр 
оқиғалар – күнделікті өмірден алынған шындықтар. Сондай-ақ 
ерлі-зайыптыларға қажетті әрі олардың өмірлерінде кездесетін 
мәселелер жөніндегі шариғат үкімін баяндау да бiздiң 
мақсатымыздың бір ұшқыны болды. 
Бiрақ «Жұбайлар шаттығы» атты бір ғана кітап аталмыш 
мәселеге қатысты iстiң барлығын толық қамтыды деп айта 
алмаймыз. Кітапта Исламдағы ерлі-зайыптылық өмірдің дұрыс 
белгілерін көрсетуге зор талпыныс жасалды. 
Аллаһ тағаладан бұл еңбекті мұсылмандарға пайдалы етуін, ал 
бізге бұл дүниеде де, Ақыретте де кешірім мен есендік беруін 
сұраймыз. 


137 
Өткендердің де, соңғылардың да ұлысы – Пайғамбарымыз 
Мұхаммедке (с.а.с.), оның отбасына және бүкіл сахабаларына 
Аллаһ тағаланың мейірім-шапағаты болсын! 
Бейрут, жұма. 30/1/1412 һ. -1991м. 
Мұхаммед ибн Ахмад Канған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   164




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет