Жұбайлар шаттығЫ


Кіндік асты түктерін алу немесе ұстара қолдану



Pdf көрінісі
бет159/164
Дата07.02.2022
өлшемі0,89 Mb.
#85771
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   164
Байланысты:
ЖҰБАЙЛАР ШАТТЫҒЫ

2. Кіндік асты түктерін алу немесе ұстара қолдану 
Еркектің де, әйелдің де алдыңғы және артқы жыныс 
мүшелерінің айналасындағы өскен түкті алып тастауы сүннет. 
Оны толық тазарту үшін ұстара қолдануға болады. 
3. Қолтық түктерін алу 
Барлық ғұламалардың келісімі бойынша, еркектің де, әйелдің 
де қолтық түктерін тазалауы сүннет амалына жатады. Қолтық 
түктерін жұлған абзал. Ауырсынар болса, қырқып немесе қырып 
тазалауға да болады. Бұл орын көп терлейтіндіктен, мұндағы 
түктерге кір жиналып, жағымсыз иіс шығады.
4. Мұрт басу 
Ғұламалар мұртты ұзын етіп өсірудің мәкруһ, еріннің 
айналасы көрініп тұратындай етіп қысқартудың сүннет екеніне 
келіскен. Ал мұртты қысқартудың өлшемі жөнінде ғұламалар 
әртүрлі пікірлер айтқан. Кейбіреулері «қатты қысқарту керек» 
десе, екiншiлері «сәл қысқартса жетеді» деген. Тіпті кейбіреулері 
«қырып тастау керек» дейдi. Қайткенмен де, мұрт қалыңдап, 
ұзарып, еріннен төмен түсіп тұратындай болмағаны жөн. Өйткені 
бұл кәпірлерге ұқсау болып табылады. 
5. Сақал қою 
Сақалды қырмай, толығымен қою – көптеген хадистер арқылы 
жеткізілген белгілі сүннет амалы. Мұны Аллаһтың елшісі (с.а.с.) 
сөзімен де, ісімен де баса ескерткен. 
6. Тырнақ алу 
Тырнақты алу – ерлерге де, әйелдерге де сүннет. Ал оны өсіру 
– сүннетке қайшы болғандықтан, мәкруһ. Қатты өскен тырнақ – 


133 
адам баласының денесінен шығарып тастайтын ластықтардың 
бірі. Адам баласы кіндік асты, қолтық асты түктерін кір 
жиналатындықтан, алып тастайтыны секілді тырнағын да алғаны 
жөн. Тырнақты ұзын етіп өсіру уақыты мен қаражатын осының 
жолында ысырап ететін әйелдердің ойлағанындай сәнділікке 
жатпайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   164




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет