Жбб-31. 12. 19 Кері және өзара кері есептер. Тапсырма орындалу уақыты



бет1/3
Дата04.01.2022
өлшемі23,93 Kb.
#109124
түріКонспект
  1   2   3
Байланысты:
25.03. 12.19 Кері және өзара кері есептер
12.20 Қозғалысқа берілген есептермен жұмыс, оларды шешу жолдары, 12.20 Қозғалысқа берілген есептермен жұмыс, оларды шешу жолдары, psihologiya no 12-2 bak

ЖББ-31. 12.19 Кері және өзара кері есептер. Тапсырма орындалу уақыты 29.03.2021 Теориялық сабақ.

Сәлеметсіздер ме, құрметті білімалушылар!

Тақырып: 12.19 Кері және өзара кері есептер

Сабақтың мақсаты: Кері және өзара кері есептерді шығаруға үйрету

Сабақтың міндеті: Кері және өзара кері есептермен жұмыс жасап білу

Тапсырма: Конспект



Тапсырма орындалу мерзімі: 29.03.2021

Жаңа сабақ

Бірінші сыныпта оқушылар салыстыру арқылы жай есептердің бірнеше түрлерімен танысады. Есептің әр түрін салыстыру барысында оқушылар олардың үқсастығын және айырмашылығын анықтайды. Оның үстіне олар есептердің кейбір түрлері бір-бірімен байланысты екендігін байқайды. Бұл есептің арифметикалық амалдармен шығарылатынына байланысты туыңдайды, ал амалдардың өзара байланысты, мысалы, қосу азайтумен, ал көбейту бөлумен байланысты екендігі белгілі. Осыған орай, «кері және өзара кері есептер» үғымдары пайда болады.



  1. Кері есептермен таныстыру.

«Кері есептер» үғымымен оқушылар бірінші сыныпта танысады («М-1», 74-бет).

Тапсырма: Салыстыр. Есептердің үқсастығы неде? Айырмашылығы неде?

«Ыдыста 6 қияр және одан 4-еуі артық қызанақ бар. Ыдыста неше қызанақ бар?»

[6] [4-еуі артық] 6+4=10 (қ.)

Жауабы: 10 қызанақ (санды бірнеше бірлікке арттыруға арналған есеп).

«Ыдыста 10 қызанақ және одан 4-еуі кем қияр бар. Ыдыста неше қияр бар?»

[?] [4-еуі кем] 10-4=6 (қ.)

Жауабы: 6 қияр. Бұлар — кері есептер.



Ұқсастығы: мазмұны (ыдыс, қияр мен қызанақ туралы); сандары: 6, 4, 10.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет