Жедел шұғыл және жоспарлы операция



бет1/4
Дата25.09.2023
өлшемі31,08 Mb.
#182409
  1   2   3   4

Жедел шұғыл және жоспарлы операция

Операция алдындағы кезең-ол науқастың ауруханаға түскен мезгілінен,операция жасағанға шейінгі уақытты айтады

Операция жасауға арналған көрсеткіш ауру тарихында нақты көрсетіліп жасалуы тиіс.

Операция түрлері : 1-шұғыл операция. Науқас ауруханаға түссе саласымен, не біраз дайындықтан өткеннен соң, өміріне қауыпті болғандықтан тез арада жүргізілетін операция. Оларға жататын көрсеткіштер: 1.Жедел қан кетуде, 2.Қуыс мүшелердің тесілуінде, 3.Асфиксия болған жағдайларда.

2 -жедел операция Бұл операция науқас науқас ауруханаға түскеннен соң , ол адамға консервативті ем жəрдем бермесе, 24 пен 48 сағат арасында жасалатын операция.

Оларға жататын көрсеткіштер: 1-іш перденің қабыну белгісі болса, 2-жедел өт қабының қабынуында(холеоцистит) 3-жедел аппендецитте, 4-жедел панкреатитте, 5- ішек түйнегінің уыттану белгісі күшейгенде. Бұл кезде науқасқа: • қан сен сұйықтықтарды құйуға, • электролиттік жəне нəруызды теңгерімді түзетуге мүмкіншілік бар.

3.Жоспарлы операция

  • Бұл кезде науқасты толық тексеріп,дайындалған кезде жүргізілетін операция.
  • Олар:

    1.Аурудың түріне қарай,бір күннен бір апта ішінде жүргізіледі,

    2.Қосымша тексеру кеерек болса,керекті жағдайларда- жүрек пен өкпеге операция жасау кезінде дайындау уақыты ұзарады,

    3.Жоспарлы операцияға қарсы көрсеткіштерді анықтау.

Операция алдында:

  • 1 Новакаин,антибиотиктерге және де наркотикалық,заттар мен нәруызды препараттарға т.б. сезімталдығын анықтау.
  • 2 Бронхоспазм мен демікпеге бейімілігін анықтау.
  • 3 Науқастың температурасын күніне 2 рет өлшеу, ол көтерілсе, онда операцияны шегереді.
  • 4 Ауыз қуысы мен терісінде жұқпа ошағы жоқтығын анықтау.
  • 5 Етеккыр келгенде, және де етек кірдің келіуіне 2-3 күн қалғанда операция асалмайды.
  • 6 Науқастың психологиялық жағдайына көңіл бөлу.
  • 7 Барлық операция туралы бағдарлама, науқас пен туыстарына тек қана дәрігері мен хирург қана жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет