Жеке адамдар әлеуметтік тіршілік иелері ретінде эссе баяндама



Дата16.01.2022
өлшемі16,43 Kb.
#112238
Байланысты:
Документ


Жеке адамдар әлеуметтік тіршілік иелері ретінде эссе баяндама

Индивид- дүниеге келген адам қоғамның бір мүшесіне айналады және әлеуметтенуге тартылады, яғни тұлғаның қалыптасуы қоғамның талаптарын біртіндеп қабылдауынан, қоғамдық сана мен мінез құлықтың қалыптасуынан тұрады және ол  қоғаммен өзара қатынасты реттейді. Әлеуметтену үрдісі жанұяда, мектепте, жұмыста жүзеге асады. Сонымен қатар БАҚ-та әлеуметтенудің күшті құралы болып табылады. Әлеуметтену үрдісіне адамның әлеуметтік тәжірибесін ұрпаққа жалғастыру енеді. Тұлғаның әлеуметтенуі еңбекпен, қоғамдық –саяси және адамның танымдық әрекетіне тығыз байланысты болып келеді. Бұл сатылардың әрқайсысында қарама-қайшылық туындауы мүмкін. Мысалы, “әке мен бала” мәселесі.

Алғашқы әлеуметтену институты мен агентіне адамның жақын ортасы жатады, тұлғасының қалыптасуына күшті және маңызды әсер етеді, олар жанұя, достар, мұғалімдер.

Әлеуметтенудің екінші агенттеріне оқу орнының әкімшілігі, өндіріс орындары, полиция, әскер, мешіттер, мемлекет, БАҚ қызметкерлері жатады.



Алғашқы әлеуметтену үрдісі – тұлғаралық қатынастар сферасы, екінші үрдіс - әлеуметтік қатынастар сферасы болып табылады.

Біріншіден, әрбір іс  - әрекет түрлері мен оның әртүрінің арасындағы байланыстар жүйесінде бағдарлану. Ол әрбір жеке тұлға үшін маңызды іс -әрекет аспектілерін айқындаумен қатар, оны игеру арқылы іске асырылады, немесе мұндай бағдарлануды – іс - әрекеттің жеке тұлғалық атауы деп атауға болар еді.

Екінші – қарым – қатынас сферасыда іс - әрекетпен тығыз байланысты болғандықтан, оны кеңею және тереңдету бағытында қарастырады. Қарым – қатынастың кеңеюін, адамның басқалармен контактілерінің көбеюі, әрбір жас кезеңінде осы контактілер ерекшеліктері тұрғысынан түсіну қажет. Қарым – қатынастың тереңдеуін, ең алдымен монологтық қарым – қатынастан диалогтыққа көшу, партнерге бағытталуы, оны неғұрлым дәл қабылдауымен байланысты. Эксперименттік зерттеулердің міндеттері: біріншіден, қарым –қатынас байланыстарының көбеюі қандай жағдайларда және қалай іске асырылатынын, екіншіден, жеке адам осындай процесте қандай нәтижеге жететінін анықтау.

Әлеуметтенудің үшінші сферасы – жеке тұлғаның өзіндік сана – сезімінің дамуы. Бұл проблема жеке тұлғаның «Мен» - бейнесінің қалыптасуымен байланысты.
Көптеген эксперименттік зерттеулер көрсеткендей, адамның «мен» бейнесі бірден қалыптаспайды.  Өмір сүру барысында, әртүрлі әлеуметтік әсерлер негізінде қалыптасады.

Жеке адам — әлеуметтік қатынастармен санала іс — әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс, тәуелсіз өмір сүре алмайды. Өйткені тәні де, жаны да айналасындағылармен қарым – қатынас жасау үстінде, тек әлеуметтік әсер жағдайында ғана адам кісілік мән – мағынаға ие болады. Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен ( от басы, мектеп тағыда басқа ) тығыз байланыста. Әлеумет әсері тимейтін, әлеуметтік құрықтан шығып кететін ешбір адам болмақ емес. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін, ең алддымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның өкілі екендігіне, сондай – ақ оның қандай көзқарасы, наным – сенімі, бағыт – бағдары, білімі мен іс – тәжірибесі, икем –биімділігі, нақты кәсібі, білімі бар екендігіне назар аударуымыз қажет. Осы айтылғандар жөнінде мағлұмат алғанда ғана біз оның психологиясы жайлы азды – көпті пікір білдіруге мүмкіндік аламыз. Ер жетіп, ес білетін кісінің өмір жолын, ұстаған бағытын білдіретін мотивтер ( түрткі, себеп ) көп.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет