Жеке карточка


СӘБИ ҮШІН ЕМШЕК ЕМУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ



Pdf көрінісі
бет8/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

СӘБИ ҮШІН ЕМШЕК ЕМУДІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:
• баланың анасымен арасындағы жақсы өзара қарым-қатынас (анасы
-
мен тығыз қарым-қатынас балаға қорғаныш сезімін бере отырып, бала-
ны тыныштандырады, емізген кездегі анасымен қарым-қатынас баланың 
эмоционалдық, әлеуметтік және физикалық дамуын арттырады);
• организмге 
толыққанды 
нәрлі 
заттардың, 
микроэлементтердің, 
дәрумендердің, ферменттердің түсуін қамтамасыз етеді;
• асқазан-ішек жолының қызметін реттейді (диспепсиялық аурулардың жиілігі 
мен созылып кетуін азайтады); 
• иммунологиялық қорғаныс туғызады (емшек еміп жүрген балалар жасан
-
ды тамақ ішетін балаларға қарағанда 2,5 есе аз ауырады және олардың 
ішінде 6 айлық балалардың диареядан өлу ықтималдығы 25 есе аз бола
-
ды, респираторлық инфекциялардан қорғауды қамтамасыз етеді, құлақтың 
қабынуы және оның қайталану жиілігі азаяды);
• нәрестелерді некротиялық энтероколиттен, бактериемиядан, менингиттен, 
ботулизмнен және несеп шығару жолдарының инфекциясынан қорғауы 
мүмкін; 
ЖАСЫ – 1 АЙ
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ


14
• I типті қант диабеті және ас қорыту жолының қабынуы сияқты аутоиммундық 
аурулардың азаюы мүмкін; 
• дені сау баланың мезгілсіз шетінеу синдромы қаупінің азаюы мүмкін; 
• сиыр сүтіне аллергияның даму қаупі азаюы мүмкін; 
• неғұрлым өскен кезде семіздік қаупін төмендетуі, өскенде жүректің ишемия 
ауруының алдын алуы мүмкін; 
• IQ шкаласы бойынша ақыл-ой дамуының көрсеткіштері жоғарылайды;
• еңбек – тамақ стереотипін қалыптастырады; 
• тістердің түйісуін дұрыс қалыптастырады. 
АНА ҮШІН:
• бала туғаннан кейін бірден емшек емізу жатырдың тартылуына ықпал ете 
отырып, босанғаннан кейінгі қан кетуді азайтады, сол арқылы ана өлімін 
азайтады, сондай-ақ ананың гемоглобин қорын сақтайды; 
• балаға емшек беріп жүрген кезде, яғни 6 айға дейін қайтадан жүкті бо
-
лып қалудан сақтайды (сондай-ақ емізу аменореясы ана организмін темір 
жоғалтудан сақтайды);
• климактериялық кезең алдында кеуде және аналық бездер обыры қаупін 
азайтады; 
аналық сезімді дамыта отырып, баламен жақсы психологиялық байланыс 
орнатуға ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет