Жеке тапсырма Тақырыбы: «Химиялық ыдыстар, олардың жіктелуі және сақтау ережелері» Орындаған: Жаркинбаева М. Тобы: еп-19-4к тексерген: Әлібекова М. Шымкент 2020 ж. Химиялық ыдыстар, олардың жіктелуі және сақтау ережелері



бет2/4
Дата18.06.2020
өлшемі145,79 Kb.
#73910
1   2   3   4
Байланысты:
тапсырма.практика
Пустой 17, ғзж.практика, Инструкция ПЗ НКТ рус, Инструкция ПЗ НКТ рус, Инструкция ПЗ НКТ рус, Инструкция ПЗ НКТ рус, Жаңа шаблон Қмж № 382 (2), Ж?матай Аружан, Сөж -5 Мариям.О (копия) (копия), Философия 3, Қан құю - Қазақша медицина
Жалпы қолданылатын ыдыстар.

Пробиркалар – мөлшері аз заттармен химиялық тәжірибелер жасағанда қолданылады. Оларды штативтерде сақтайды.

Штативтегі пробиркалар.

Пробиркалар әр түрлі өлшемді, әр түрлі шынылардан жасалады, олар жай (қарапайым), градуирленген және центрифугада қолданылатын (конус тәрізді) пробиркалар болып бөлінеді. Пробиркаларды ағаштан, пластмассадан, металдан жасалған штативтерде сақтайды.

Реакциялар жүргізу үшін пробирканың ¼ не 1/8 бөлігіне дейін ғана ерітінділер құю қажет.Пробиркалардағы ерітінділерді оның аузын саусақпен жауып араластыруға болмайды! Пробиркадағы ерітіндіні қыздыру үшін арнайы ұстағыштар қолданылады. Воронкалар . Әр түрлі пішінді және өлшемдері әр түрлі болады. Олардың қолданылуы да әр түрлі: конус тәріздес воронкалар арқылы сұйықтарды құюға, фильтрлеуге болады. Олардың жоғарғы диаметрі 35, 55, 70, 100, 150, 200 және 300мм өлшемді болады. Фильтрлеуге қолданылатын воронкалар бұрышы 600 (аналитикалық воронкалар) және ұзын ұшы қиғаш кесілген болады. Фильтрлеу үшін воронкаларды арнайы штативтерге орналастырады.

Тамшыланатын воронкалар реактивтердің аз мөлшерлерін құйғанда қолданылады.

Бөлгіш воронкалар өзара араласпайтын екі сұйықтарды (сұйықтықтарды) бөлу үшін қолданылады. Олар 50 мл-ден бірнеше литрге дейінгі сыйымдылықта болады.

Қорғағыш воронкалар сұйықтарды қыздырған кезде шашырап кетпес үшін қолданылады.Әр түрлі құралдарды, колбаларды, суытқыштарды т.б. бекіту үшін сақиналар және қысқыштар жиыны бар штативтер қолданылады.

Зертханалық стакандар  2 түрлі болады: жоғарғы жағы дөңгелек және созылыңқы («мұрыны бар» және «мұрынсыз»), әр түрлі сыйымдылықты: 25мл-ден 1л-ге дейін. Оларға құйылған ерітінділерді (сұйықтықтарды) тек асбест торы арқылы не су моншасына қойып қана қыздырады.

Колбалар . Әр түрлі пішінде және сыйымдылықтары да әр түрлі болады: түбі жазық, конус тәріздес, түбі домалақ, Вюрца колбасы, Бунзен колбасы, өлшегіш колбалар.Түбі жазық және түбі домалақ колбалардағы ерітінділерді ашық жалында қыздыруға болмайды, тек асбест тор арқылы қыздырады.



Кристаллизаторлар – сыйымдылығы мен диаметрі әр түрлі жұқа, жазық түпті шыны ыдыстар. Оларды заттарды қайта кристалдау үшін, кей кезде ерітінділерді сусыздандыру үшін қолданады. Оларды тек су моншасында ғана қыздыру қажет.

 

Зертханалық кристаллизаторлар.

Суытқыштар – суытуға және конденсациялауға қолданылады. Тура суытқыштар (Либих суытқышы) конденсат жинау үшін, кері суытқыштар конденсат қайта процеске қайтқан кезде қолданылады.

Суытқыштарға су муфтаның төменгі жағынан кіріп, жоғарғы жағынан шығып отыруы керек. Муфтада әр уақытта су толып тұруы қажет. Либих суытқышында айдалатын сұйықтың қайнау температурасы 1500-тан аспауы керек.



Кері суытқыштар көбінесе шарикті (Аллин суытқышы) және иректелген болады. Оларды вертикаль (тік) орналастырады.

Суытқыштар.

а – ауалы суытқыш; б – шарикті, ауалы суытқыш; в – Либих суытқышы; г – шарикті суытқыш; д – иректелген суытқыш; е – Штеделер суытқышы; ж – Димрот суытқыш; з – Либих және Димрот суытқыштары принципін үйлестіретін суытқыш; и – «суытатын саусақ» суытқышы.

Арнайы қолданылатын ыдыстар: дөңгелек түпті колбалар, Кьельдаль колбасы, Вюрца колбалары, Клайзен колбасы, Арбузов колбасы, аллонждар, эксикаторлар, Кипп аппараты, Тищенко шынысы, пикнометрлер, ареометрлер.



Кьельдаль колбасы алмұрт тәрізді, ұзын мойынды, оларды негізінен азотты анықтау үшін қолданады. Кьельдаль колбасын қиын балқитын, термотұрақты шыныдан (пирекс) жасайды.Сұйықтарды айдау үшін арнайы колбалар (Вюрца колбалары, Кляйзен колбасы, Арбузов колбасы) қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет