Желідегі компьютердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қосылуларды жалпы баптау басқаруларын пайдалану Жұмыстың мақсаты



бет5/9
Дата16.01.2022
өлшемі122 Kb.
#112203
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ОЖ 13-зертханалық жұмыс. Желідегі компьютердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Қауіпсіздік құралдары саясатының әр параметрі үшін саясат параметрлері кіретін және қауіпсіздік құралдарының қасиеттерін басқаратын келесі үдерістерді көрсете аласыз:

• Internet Explorer үдерістері;

• Үдерістер тізімі;

• Қай жерден іске қосылғанынан тәуелсіз барлық үдерістер.


URLды баптау бөлімінің параметрлері шолушының (браузердің) компьютерге зиян тигізуге қабілетті, мысалы, Java апплетін немесе ActiveX басқару элементін іске қосу сияқты, әрекеттерін бақылауға мүмкіндік береді. URL параметрлерін баптау бөлімі берілген URL-мекенжайға сәйкес келетін қауіпсіздік аймағындағы осы қасиеттерге арналған әрекеттерді анықтайтын тізілімдегі (реестрдегі) қауіпсіздік параметрлерімен байланысты. URLды баптау параметрлері Қосу, Ажырату, Сұраныс жасау (Enable, Disable, Prompt) мәндеріне ие және параметрден тәуелді қосымша мәндерді де қабылдай алады.

URL баптау параметрлерін басқару үшін Internet Explorerде Шолушыны басқару тақтасында жиналған Топтық саясаттың жаңа параметрлері қолданылады. Топтық саясат көмегімен URL баптауларын анықтап, Сіз ұйымдағы барлық тұтынушылар мен компьютерлер үшін Internet Explorer шолушысының стандартты конфигурациясын жасай аласыз.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Сіз барлық аймақтар үшін қауіпсіздік аймағы саясаттары шаблондары (үлгілері) көмегімен саясаттар қоса аласыз. Қауіпсіздік аймағының саясаттары шаблондарының әрқайсысы үшін Сіз келесі қауіпсіздік деңгейлерінің бірін көрсете аласыз:

Төменгі. Бұл деңгей әдетте құрамында сенімді веб-тораптары бар қауіпсіздік аймағы үшін қолданылады. Бұл – Сенімді тораптар аймағы үшін үнсіз келісім бойынша тағайындалатын деңгей.

Орташадан төменгі. Бұл деңгей сіздің компьютеріңізге қандайда бір ықтималдық үлесі бар зиян тигізуі мүмкін веб-тораптары кіретін қауіпсіздік аймағы үшін қолданыла алады. Бұл – Жергілікті интранет аймағы үшін үнсіз келісім бойынша тағайындалатын деңгей.

Орташа. Бұл деңгей сенімді де емес және шектеусіз де емес веб-тораптарды қамтитын қауіпсіздік аймағы үшін қолданыла алады. Бұл – Интернет аймағы үшін үнсіз келісім бойынша тағайындалатын деңгей.

Жоғары. Бұл деңгей Сіздің компьютеріңізге зиян келтіруі мүмкін веб-тораптары бар қауіпсіздік аймағы үшін қолданылады. Бұл – Шектеулі тораптар аймағы үшін үнсіз келісім бойынша тағайындалатын деңгей.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет