Желілік Абай мектептері арасында ғылыми-танымдық конференция ұйымдастыру (офлайн/онлайн); Ұсынылатын тақырыптар



Дата11.09.2022
өлшемі22,03 Kb.
#149208
Байланысты:
10 тамыз – Абай күні-1
іс жүргізу МБЖ тест 100 сұрақ19- БР-2, іс жүргізу МБЖ тест 100 сұрақ19- БР-2, іс жүргізу МБЖ тест 100 сұрақ19- БР-2, 11 КМЖ ГЕОГРАФИЯ, 1-òî?ñàí áîéûíøà æèûíòû? áà?àëàó òàïñûðìàëàðû

ҰСЫНЫМДАР

(10 ТАМЫЗ ҰЛЫ АҚЫН АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІНДЕ ӨТКІЗІЛЕТІН ІС-ШАРАЛАР)


10 тамыз – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысының толықтырылуымен «Абай күні» ретінде 2020 жылы белгіленген дәстүрлі мереке. «Абай күнін» атап өту хакім, ойшыл Абай Құнанбайұлы мұрасын ұрпақ санасында жаңғыртуды, ақын ілімі негізінде азаматтық ұстанымын қалыптастыруды мақсат етеді.


Республикалық Абай атындағы РММИ және желілік Абай мектептері, жалпы білім беру ұйымдарын қамти отырып, мереке аясында шығармашылық кештер, байқаулар, конференциялар т.б. іс-шаралар ұйымдастырылады.
Белгілі абайтанушы, профессор М.Мырзахметұлы қазақ халқының ой-санасының, дүниетанымының шыңы Абайдың шығармаларында жатқандығын, «толық адам» ілімі негізінде құрылған тәрбие арқылы қазақ халқының жарқын болашағын қалыптастыру қажет екенін айтқан. Абай күнін атап өту білім алушыларды мектеп қабырғасынан бастап ұлтжандылыққа тәрбиелеп, ұлттық сана-сезімді бойларына сіңіру, қазақ халқының төл мәдениеті мен рухани мұрасын құндылық ретінде сақтап, бәсекеге қабілетті зияткер тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.


АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛЕТІН ІС-ШАРАЛАР



  1. Желілік Абай мектептері арасында ғылыми-танымдық конференция ұйымдастыру (офлайн/онлайн);

Ұсынылатын тақырыптар:
- «Абай және ұлттық код»;
- «Абай – замана шамшырағы»;
- «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.
Сонда толық боласың елден бөлек...»;

  • «Абайды білмек парыз ойлы жасқа...»

  1. Абай Құнанбайұлы өмірі, шығармашылығы, ұрпақтары жайында танымдық бейнежазба жариялау, тарату (онлайн);

Ұсынылатын тақырыптар:

  • «Бала Абай», «Шәкірт Абай», «Бала Абайдан дана Абайға дейін»;

  • «Абай жолы – халық жолы»;

  • «Абай мұрасы – ұрпаққа өнеге»;

  • «Абайдың ақын шәкірттері»;

  • «Абай және табиғат» т.б.

  1. Әр мектептің әлеуметтік парақшаларында, сайттарында пост, подкаст жариялау (онлайн);

  2. Оқушылар, мектеп ұстаздары арасында әлеуметтік желілерде Абай шығармашылығын жатқа оқу бойынша «Абайды оқы, таңырқа!» атты челлендж ұйымдастыру (онлайн);

  3. Шығармашыл оқушылар арасында «Абай ізімен» атты жас ақындар байқауы (офлайн/онлайн);

  4. «Абай және ұлттық тіл» тақырыбындағы үздік эссе, үздік шығармалар конкурсы (офлайн/онлайн);

  5. «Адамзат тудырған алып тұлға» атты танымдық дәріс (офлайн/онлайн);

  6. Мектеп оқушылары арасында Абай күйлері мен әндерін насихаттау мақсатында іс-шаралар (офлайн, онлайн);

  7. «Абай және рухани кемелділік» тақырыбында белгілі абайтанушылармен онлайн сұхбат (онлайн);

  8. Абай мұрасын сыни талдауға арналған эстафеталар (офлайн/онлайн);

  9. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясын талдау жұмыстары (офлайн/онлайн);

  10. Абайтанушылардың қатысуымен конференциялар (офлайн/онлайн);

  11. Абай өлеңдерінің мазмұны бойынша жас суретшілер байқауларын ұйымдастыру (офлайн/онлайн);

  12. Өткізілген іс-шаралар және оның қорытындысы БАҚ, мектеп-интернат сайтында, әлеуметтік желілерде жариялау.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет