Желілік компьютерлер (желілік адаптермен қосылған)



бет2/12
Дата21.01.2020
өлшемі1,05 Mb.
#56261
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
смарт


Өткізгіш тамыр



(поливинилхлорид, те

Мыс сымнан жасалған қоршау

2.1- сурет. Коаксиал кабельдің құрылысы

Коаксиал кабельдің құны жағынан салыстырмалы түрде төмен, жеңіл, иілгіш және қолдануға ыңғайлы. Ол полимерлік оқшауландырғыш қабатпен жабылған орталық өткізгіштен (тұтас немесе көптамырлы) тұрады, оның сыртында басқа өткізгіш (экран) орналасқан. Экран оқшауландырғыштың сыртынан мыс сыммен қапталған орауды құрайды немесе оқшауландырғыштың сыртынан қапталған фольгадан тұрады. Жоғары сапалы кабельдерде оплетка мен фолга қатар қолданылады. Коаксиал кабель шиыршықталған жұпқа қарағанда кедергіге қарсы жоғары орнықтылықты қамтамасыз етеді, бірақ оның құны жоғары. Коаксиал кабельдердің түрлері көп. Желіні жүргізген кезде кабельдердің түрлері талаптарға сай нақты таңдалуы керек. Сигналдың кабель бойымен жылжу барысында мөлшерінің азаюын оның өшуі деп атайды. Коаксиал кабель шиыршықталған жұпқа қарағанда кедергіге қарсы жоғары орнықтылықты қамтамасыз ететіндіктен, онда сигналдың өшуі аз кездеседі.

Коаксиал кабельдердің түрлері. Желіге қойылатын нақты талаптарға сай коаксиал кабельдердің түрі таңдалады (3-кесте).
3-кесте

Жіңішке коаксиал кабель

Жуан коаксиал кабель

Диаметрі – 0,5 см. Қолдануға ыңғайлы және кез-келген желі үшін пайдаланылады. Желілік адаптердің тақшасына тікелей қосылады. Сигналды 180 м қашықтыққа дейін өзгеріссіз жеткізе алады. RG-58 тұқымдастарына жатады (кедергісі 50Ом). Негізгі айырмашылығы – мыс тамыр.

Диаметрі – 1см. Қиылысуындағы тамыр жуанырақ. Сигналды 500 м қашықтыққа дейін тасымалдай алады. Негізгі магистральді кабель ретінде қолданылады. Арнайы құрылғы трансивер арқылы қосылады. Трансивер коннектормен (вампирдің тісі) немесе DIX-коннектормен жабдықталған. Орнату күрделі. Жіңішке коаксиал кабельге қарағанда құны жоғары.

Кабельді қосуға арналған құрал - жабдықтар (2.2-, 2.3- суреттер):

а) BNC – коннектор кабельдің ұшына дәнекерленеді немесе қысылады.

б) BNC Е – коннектор желілік кабельді компьютердің желілік тақшасымен қосады.

в) BNC – баррел-коннектор жіңішке коаксиал кабельдің екі бөлігін біріктіру үшін қолданылады.

г) BNC-терминатор бос сигналдарды жұтады.



баррел-коннектор

2.2 - сурет. Жіңішке коаксиал кабельді компьютерге қосу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет