Желілік технологиясының мақсаты мен міндеттері Компьютерлік желі



Дата07.02.2022
өлшемі80,4 Kb.
#84304
Байланысты:
13.10.20.АҚТ.БУХАРБАЕВА НАЗЕРКЕ 33Б


Желілік технологиясының мақсаты мен міндеттері
Компьютерлік желі
ресуростарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді.
Жергілікті желі
Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, компьютерді біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті желіден кейінгі орынды масштабы бойынша корпоративті есептеуіш желілер алады. Бұл желілерді ірі мекемелерді, банктер мен олардың филиалдары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады.
Аймақтық есептеуіш желі
Егер желі елдегі аймақтық масштабтағы компьютерлерді біріктіретін болса, аймақтық есептеуіш желісі деп атайды. Мұндай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі қолданылады. Егер қашықтағы компьютерлерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет б
Модем
таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үздіктелген аналогтық сигналдарға айналдруды қамтамасыз ететін қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы. Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық және коммерциялық желілерге, Интернетке қосылады. Сондай – электрондық поштаны пайдаланады, конференцияларға қатыса алады. Үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш желілері деп аталады. Телекоммуникациялық желілер – ақпарат алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан жергілікті желілерден құралады.
Интернет
Интернет – (ағылшынша Internet – желіаралық байланыс) бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы. Өзара байланыстырлыған миллиондаған компьтерден құралған, біртұтас ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды. Әр түрлі масштабтағы желілердің өзара біріктірілуі мүмкін.
Жергілікті желі – саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады. Компьютерлерді желіге қосу үшін компьютерден басқа құрылғылар:желілік адаптер, кабель, концентратор (HUB) немесе коммутатор (SWICH) қажет. Желілік адаптер – компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін құрылғы. Коммутатор мен концентратор ақпарат алмасу сапасын жақсартады және деректерді таратудың әртүрлі стандартын қолданатын желінің әртүрлі бөліктерін біріктіреді. Сонымен, жергілікті желі дегеніміз – бір – бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер (бір бөлмеден немесе бір ғимаратта, қатар орналсқан компьютерлер).
Жергілікті желінің екітүрі бар: клиент – сервер және бір деңгейлі (біррангілі), яғни тең дәрежелі желі. Сервер – ортақ пайдалануғ арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютерлер. Ортақ ресуростарды пайдалануүшін сервер қосулы болуы қажет. Бірдеңгейлі желілердің маңызды ерекшелігі – онымен жұмыс істеу үшін арнайы программалық жабдықтың қажеті жоқ. Жергілікті желідегі компьютерлердің бір – бірімен геометриялы қбайланысу тәсілі топология деп аталады.
Байланыстыру топологиясының бірнеше түрі бар
1.Шина – барлық компьютерлер тізбекті түрде бір кабельге жалғанады. 2.Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер тұйық сақина түріндегі кабельге жалғанады. 3.Файлдық серверлерге негізделген желіде компьютерлер бір – бірімен жұлдыз схемасы түріндежалғанады. 4.Егер мекеме көпқабатты үйде орналасса, онда оның әрқабатындағы жеке серверін байланыстыратын бүкіл мекемеге ортақ бір сервер беріліп, оны ақшақар (снежинка) схемасы депатайды, көбінесе осы топологияны пайдаланған тиімді.
Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет