Және Ғылым министрлігі Е. А. Бӛкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік



бет5/65
Дата13.10.2023
өлшемі427,06 Kb.
#185252
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
Abdrahmanov
СРСП 12, 1 лекция. Каз., СРСП 12, СРСП 12, ашық сабақ, План урока3, жог матем поуроч, Ұлықбек Ернар(-Информационные системы и программная инженерия,05-703-18-05,IISBZ 12332551-3-Lab)-Лаб 1 6, тест, Қоршаған орта мониторингі УМКД 2019-2020, Химия УМКД 2019-2020, ВОУД Ақпартаттық-коммуникациялық технологиялар ИКТ (барлык мамандыққа) каз рус 249т Халикова Г.З.Опабекова А., 1. Бағдарламалау технологиясы 1 силлабус ИС, 4 куңрс расписание, 4 куңрс расписание
Көпсайыс. Көпсайыстың классикалық түрі: ерлерде онсайыс, әйелдерде жетісайыс. Онсайыстың құрамына: 100 м ұзындық, ядро,биіктік, 400 м, 110 м с/б, диск, сырықпен секіру, найза, 1500 м. Әйелдердің жетісайыс құрамына: 100 м к/ж, ядро,биіктік, 200 м, ұзындық, найза, 800 м. кіреді.
Ал көпсайыстың классикалық емес түрі: сегізсайыс ер балаларға (100 м, ұзындық, биіктік, 400 м, 110 м к/ж, диск,сырықпен секіру, , 1500 м.) қыздар үшін бессайыс (100 м к/ж, ядро,биіктік, ұзындық, 800 м.). Спорттық классификацияда анықталған: әйелдерде бессайыс, төртсайыс және үшсайыс, ал ерлерде тоғызсайыс, жетісайыс, алтысайыс, бессайыс, төртсайыс, үшсайыс. Төртсайыс бұрын «пионер сайысы» деп аталған. 11-13 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арнайы өткізіледі. Көпсайыстың құрамына кіретін спорт түрлері арнайы спорттық классификациямен анықталады.Басқа спорт түрімен алмастыруға болмайды.

Дене шынықтыру жүйесіндегі жеңіл атлетиканың орны


мен маңызы

Жер шарында жеңіл атлетикамен көптеген қарапайым адамдар айналысады.Спортшыларды дайындау үшін кез келген спорт түрінде жеңіл атлетикажаттығулары пайдаланылады. Жаттығулар мен жарыстар кезіндефизиология, биохимия, биомеханика, спорттық медицина, дене тәрбиесі мен спорт теориясы және т.б. ғылымдардың дамуына көмектесетін ғылыми зерттеулер жүргізіледі.


Жеңіл атлетикалық жаттығуларды ерте балалар бақшасынан бастап, орта мектептерде, жоғарғы оқу орындарына дейін ауқымды түрде қолданады. Жеңіл атлетиканың жаттығулары адамды сергітіп, адам ағзасының жақсаруына әкеледі, шыдамдылық деңгейін жоғарлатып, әр түрлі ауруларға қарсы тұрады. Жеңіл жаттығулар жоғары деңгейдегі спортшының дене, қимыл-қозғалыс сапасын жақсартады. Сонымен қатар жаңадан өсіп келе жатқан жастар мен әлсіз адамдардың, қарттардың да денсаулығына жақсы әсер етеді.


Жеңіл атлетиканың, көбінесе, әскер мен әскери қызметтегі адамдарға пайдасы зор.
Жаттығулардың оңай түрі қарапайым адамдарға жеңіл атлетиканың әр түрімен,қала мен ауылға қарамай, барлық жерде айналысуға мүмкіндік береді.
Жеңіл атлетикадағы спорттық жаттығулар мен жарыстар спортшының өз-өзін бағалауы мен алға қойған мақсатына жетуіне, мінезін қалыптастыруға, психологиялық бағытын жөндеуге көп көмек береді.
Жеңіл атлетиканы былай сипаттауға болады:
-спортшылардың барлық мүмкіндіктерін салып нәтиже көрсететін спорт түрі;

  • ағзаны қалпына келтіру және оңалту құралы;

  • келешек ұрпақты тәрбиелеу және дамыту құралы;

  • дене тәрбиесі мен спорт саласында маман қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу құралы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет