ЖӘне материалтану механика мамандықтары бойынша сырттай оқитын студенттер үшін бақылау жұмысын орындауға арналған бағдарлама, әдістемелік нұсқаулар және тапсырмалар ­­ Өскемен 2011



бет2/3
Дата28.01.2018
өлшемі0,7 Mb.
#34700
1   2   3

1 Нұсқа

1. Металдың тұтқыр бұзылуының табиғатын түсіндір.

2. Қорғасын-сурьма жүйесіндегі диаграмманы салып, диаграмманың барлық ауданындағы құрылым құраушыларын көрсет; фазалар ережесін қолданып 5% сурьма үшін қыздыру графигін сыз. Қорытпаның қыздыру кездегі өзгеруін және бөлме температурасындағы құрылымын жазып сипатта.

3. У12 және 40 болаттарды 750 және 850оС температураларында шынықтырғаннан кейінгі құрылымы мен қасиеттерін сипатта (темір-темір карбиді диаграммасын қолданып түсіндіру керек).

4. Жауапты сырғанау мойынтірегінің жапсырмасын жасайтын материал ретінде Б83 қорытпасы қолданылған: а) құрамын ажыратып, осы қорытпаның қолдануы бойынша қандай топқа жататынын анықта.; б) қорытпаның құрылымын салып микроқұрылымын сипатта; в) баббиттерге қойылатын негізгі талаптарды көрсет.

5. Кедергі реостатының элементі үшін никелин қорытпасы алынған: а) құрамын ажыратып, осы қорытпаның қолдануы бойынша қандай топқа жататынын анықта; б) никелиннің құрылымы мен электртехникалық сипаттамаларын жаз.



2 Нұсқа

1. Дислокация және металдардың механикалық қасиетіне оның тигізер әсері.

2. Қорғасын-сурьма жүйесіндегі диаграмманы салып, диаграмманың барлық ауданындағы құрылымдар құраушыларын көрсет; фазалар ережесін қолданып 40% сурьма үшін қыздыру графигін сыз.

3. Көміртекті 30 болатты шынықтырғаннан кейінгі құрылымында қалдық аустенит байқалмайды. Көміртекті У10 болатты шынықтырғаннан кейінгі құрылымында 30% қалдық аустенит байқалады. Бұл құбылыстардың себебін осы болаттардың мартенситтік өзгеру сызығы тұрғысынан түсіндір. Қалдық аустенитті қандай өңдеу арқылы жоюға болады?

4. Күрделі пішінді құйманы құюға БрОФ7-0,2 қола қолданылады: а) қорытпаның құрамын ажыратып, микроқұрылымын сипатта; б) құю кезінде туындаған ішкі кернеулерді жою үшін қолданатын термиялық өңдеуді көрсет; в) осы қоланың механикалық қасиетін сипатта.

5. Кейбір тетіктер үшін (барабандардың жақтары, ұсақтағыш диірменнің шарлары және т.б.) Г13 болаты пайдаланылады: а) осы қорытпаның құрамын ажырат және қолдануы бойынша қандай топқа жататынын анықта; б) термиялық өңдеу режімін тағайындап оны негізде; в) болаттың құрылымын сипатта және оның тозуға төзімділігінің себебін көрсет.



3 Нұсқа

1. Полиморфтық құбылысты темірді мысалға алып көрсет. Темірдің әрбір модификациядағы кристалдық торының құрылысы мен негізгі сипаттамаларын (параметрлерін, координаттық санын, атомдарының орналасу тығыздығын) көрсет.

2. У8 болат үшін аустениттің изотермиялық өзгеру диаграммасын сал. Осы диаграмманың үстіне қаттылығы HRC55 теңелетін изотермиялық өңдеу сызығын сал. Осы жағдайдағы өңдеудің атын көрсетіп, өзгерудің мәнін және онда құрылатын құрылымның сипаттамасын бер.

3. Темір-карбид темір диаграммасына сүйеніп У12 болатты қалыптау, жасыту және шынықтыру температураларын белгіле. Осындай термиялық өңдеу түрлерін сипаттап, олардан өнетін құрылымдар мен қасиеттеріне қысқаша түсініктемесін бер.

4. Тетіктерді тереңдетіп кермелеу әдісімен өңдеу үшін Л68 жез қолданылады: а) қорытпаның құрамын ажыратып, құрылымына сипаттама бер; б) әрбір кермелеу операцияларының арасында қолданылатын термиялық өңдеу режімін сайла және оларды негізде; в) қорытпаның механикалық қасиеттеріне жалпы сипаттама бер.

5. Үйкелістік металды керамика материалдарының сипаттамасы. Құрамын, қасиетін, машина жасау саласында қолдануын көрсет.



4 Нұсқа

1. Кристалдық құрылыстың сызықтық ақауларын сипатта. Металдың және қорытпалардың қасиетіне олардың тигізер әсері қандай?

2. 40 болат 750 және 840оС температураларында шынықтырылды. Осы шынықтыру режімінде өтетін өзгерулерді, атап айтқанда қалыптасатын құрылымдарды атап, олардың пайда болу себептерін түсіндір. Шынықтыру режімін тағайында.

3. Көміртекті 40 болатқа НВ350 қаттылығын қамтамасыз ету үшін темір-көміртегі диаграммасы мен босату температурасына байланысты қаттылықтың өзгеруін қолданып термиялық өңдеу режімін тағайында. Шынықтыру және босату процестері кезіндегі болатта жүретін өзгерулерге және термиялық өңдеуден кейінгі қалыптасқан құрылымдарға түсініктеме бер.

4. Эвтектоидқа дейінгі көміртекті болатты асыра қыздыру кезінде ірі түйіршікті құрылым түзіледі. Осындай құрылымды түзету үшін қандай термиялық өңдеу түрі қолданылады? Темір-цементит диаграммасына кез-келген эвтектоидқа дейінгі болаттың ординатасын салып, оның құрылымында жүретін өзгерулерді және осы термиялық өңдеу кездегі құрылым өзгерістерін түсіндір.

5. Термопластикалық және термореактивтік полимерлерге сипаттама беріп, олдардың ерекшеліктерін көрсет.



5 Нұсқа

1. Металдың тазалығы және қорытпаның құрамындағы кірме қосылымдар кристалдану процесіне қалай әсерін тигізеді?

2. У10 және У12 құрал-жабдықтық болатардың қасиетіне цементиттік тор не себепті теріс әсерін тигізеді? Қандай термиялық өңдеу түрімен оны жоюға болады? Таңдаған термиялық өңдеу түрін негізде.

3. Көміртекті 40 болатқа НВ400 қаттылығын беру үшін темір-көміртегі диаграммасын пайдаланып және босату температурасын еске ала отырып термиялық өңдеу режімін тағайында. Шынықтыру және босату процестері кезіндегі өзгерулерге және термиялық өңдеуден кейінгі қалыптасатын құрылымдарға түсініктеме бер.

4. Дәлдік аспаптардың кейбір тетіктерін жасауға элинвар қорытпасы таңдалған: а) құрамын ажыратып, осы қорытпаның қолдануы бойынша қандай топқа жататынын анықта; б) қорытпаның негізгі сипаттамаларына легірлеуші элементтердің әсерін көрсет және құрамын құраушыларға сипаттама бер.

5. Пласттмассалар. Құрамы және құрылысы. Құю өндірісінде пластмассаны қолдану.




6 Нұсқа

1. Серіппелі және пластикалық деформациялардың айырмашылығы неде?

2. У10 және 45 болаттардың құрылымы мен қасиеті 750 және 850оС шынықтырылғаннан кейін қалай өзгереді? Темір-карбид темір диаграммасын қолданып түсіндір.

3. 35 және У8 көміртекті болаттар шынықтырылып және босатқаннан кейінгі құрылымы босату мартенситінен тұрады және қаттылығы келесідей: біріншісі HRC50, екіншісі HRC60. Темір-карбид темір диаграммасына сүйеніп және осы қорытпаларды босату кезінде жүретін өзгерістерді ескере отырып, болаттың әрқайсысына шынықтыру және босату температураларын тағайында. Осы болаттарды шынықтыру және босату процестерінде жүретін өзгерістерді сипаттап, не себепті У8 болаттың қаттылығы 35 болаттан жоғары болуын түсіндір.

4. Ток өткізгіш серіппелі элементтерді жасау үшін БрБНТ1,7 қола таңдалынып алынды. Қорытпаның химиялық құрамын, термиялық өңдеу режімін және материалдың механикалық қасиетін көрсет.

5. Никель негізді қорытпалардың құрамына, термиялық өңделуіне және құрылған құрылымына байланысты қызуға төзгіштік жайын түсіндір.




7 Нұсқа

1. Металдардың электр және жылу өткізгіштігінің жоғары болуының себебін түсіндір.

2. Темір-карбид темір диаграммасына сүйеніп 40 болатты толық және толық емес жасыту және қалыптау температураларын анықтап, термиялық өңдеудің әрбір түрлерінің әрқайсысынан кейінгі түзілетін микроқұрылымы мен қасиетін сипатта.

3. Көміртекті болатты межелі жылдамдықпен суытып шынықтырғаннан кейін феррит пен мартенситтен тұратын құрылым түзілді. Темір-карбид темір диаграммасына берілген болаттың құрамына сәйкес ордината жүргізіп, аталған жағдайда шынықтыру үшін қыздыру температурасын белгілеп, болатты қыздыру және суыту кезінде жүретін өзгерістерді сипатта. Шынықтырудың осындай түрі қалай аталады?

4. Тетіктерді дайындау үшін ЛО70-1 жез пайдаланылған: а) қорытпаның құрамын ажырат және құрылымына сипаттама бер; б) әрбір кермелеу операцияларының арасындағы қолданылатын термиялық өңдеу режімін сайла және оларды негізде; в) қорытпаның механикалық қасиеттеріне жалпы сипаттама бер.

5. Қорғаушы полимерлік жабындарды қолданылуы бойынша класқа бөл. Оларға қойылатын негізгі талаптар мен машина жасау салаларында пайдалануы.


8 Нұсқа

1. Пластикалық деформация қандай кернеулерден туындайды және бұл кезде металдың құрылымы мен қасиеті қалай өзгереді?

2. Темір-карбид темір диаграммасы бойынша 45 болат үшін толық және толық емес шынықтыру температураларын анықтау және термиялық өңдеудің әрбір түрінен кейінгі болаттың құрылымы мен қасиетіне қысқаша сипаттама беру.

3. У8 болат үшін аустениттің изотермиялық өзгеру диаграммасын сызып, оның үстіне НВ 450 қаттылығын қамтамасыз ететін изотермиялық өңдеу режімді сызығын сал. Осы режімнің атын атап, өзгерістің мәнін және осындай жағдайда түзілетін құрылымды сипатта.

4. Арматура тетіктері үшін БрОЦС4-4-2,5 қоласы таңдалып алынды: а) қорытпаның құрамын ажырат және құрылымына сипаттама бер; б) легірлеуші элементтердің тағайындалуын түсіндіріп, қорытпаның механикалық қасиеттерін көрсет.

5. Текстолиттер. Мақта, шыны, асбест маталарының пластмассаның қасиетіне көрсетер әсері. Машина жасауда текстолиттерді пайдалану саласын көрсет.


9 Нұсқа

1.Кристалданған металдың түйіршіктерінің өлшемі не нәрсеге байланысты?

2. Темір-карбид темір диаграммасысына сүйеніп У12 болатты шынықтыру температурасын тағайында, осы болатты шынықтыру процесі кезінде жүретін өзгерістерді және қалыптасатын құрылымды сипатта. Шынықтырылған У12 болаттағы қалдық аустенитті жою үшін қосымша қандай өңдеу қолдану керек.

3. 20 болаттан дайындалған бұйымның беткі қабатының беріктігін нығайту керек. Өңдеу түрін тағайында, технологиясы мен болаттағы жүретін өзгерістерді, құрылымын және қасиетін сипатта.

4. Ұшақтың тетіктерін жасауға АМц қорытпасы таңдалып алынған: а) қорытпаның құрамын ажыратып, осы қорытпаның беріктігін нығайту тәсілін көрсетіп және нығаю табиғатына түсініктеме бер; б) қорытпаның механикалых қасиеттерінің сипаттамаларын көрсет. Металды пластикалық деформациялау кезінде дислокация тығыздығы қалай өзгереді?

5. Резеңкенің құрамы, кластарға бөлінуі, физикалық-механикалық қасиеттері және машина жасауда пайдалану саласы.


10 Нұсқа

1. Салқын және ыстық пластикалық деформацияларды ажырататын температура қандай және оның себебі неде?

2. 40 болаттан жасалған соғылманың құрылысы ірі түйіршікті. Ұсақ түйіршікті құрылым алу үшін термиялық өңдеу режімін тағайында, тағайындалған режім не себепті болаттың құрылысын ұсақ құрылымды етеді?

3. У8 болатты үздіксіз суыту кезінде трооститті-мартенситті құрылым түзіледі. Аустениттің изотермиялық өзгеру диаграммасының үстіне осы құрылымның алынуын көрсетеін суыту сызығын сал. Өзгеру температуралар аралығын көрсет және әрқайсысының арасындағы өзгерістерді сипатта.

4. Арматура тетіктері үшін БрОФ10-1 қоласы таңдалып алынды: а) қорытпаның құрамын ажырат және құрылымына сипаттама бер; б) легірлеуші элементтердің тағайындалуын түсіндіріп, қорытпаның механикалық қасиеттерін көрсет.

5. Қызуға берік керамика материалдары. Құрамы, қасиеттері және машина жасауда пайдаланылатын жағдайы.

ӘДЕБИЕТТЕР
Негізгі

1 Смағұлов Д.Ұ. Металлография. – Алматы, 2007. - 375 б.

2. Түленденова Н.Қ. – Материалтану, Лекциялар конспектісі – Өскемен, 2013. – 117 б.

3. Түленденова Н.Қ. Материалтану. Электрондық оқулық, Өскемен, ШҚМТУ, 2009.

Қосымша


4. Самохоцкий А.И.,Кунявский М.Н. Лабораторные работы по

материаловедению и термической обработке металлов, –М. Машиностроение, 1981г.

5.Фетисов Г.П., Гарифуллин Ф.А.Материаловедение и технология металлов. – 2008.-617с

6. Лахтин Ю.М., Леонтьева В.П. Материаловедение. – М.: Машиностроение, 1990.- 527 с.

7. Геллер Ю. А. Материаловедение /Ю.А.Геллер, А.Г. Рахштадт. -М:

Металлургия, 1989. 455 с.

8. Оханов Е.Л.,Самсаев М.Б. Материалтану және конструкциялық

материалдар технологиясы. Алматы, 2009, 229б.

9. Фридман Я.Б. Механические свойства металлов. - Оборонгиз, 1980

10. Никифоров В.М. Технология металлов и других конструкционных

материалов. -Санкт- Петербург: Политехника, 2003г.-383с.

11. Шадричев Е.В., Сивенков А.В., Горшкова Т.П. Материаловедение и технология конструкционных материалов, изд-во СЗТУ, 2008.

12. Орысша - қазақша сөздік. -1,2 т. Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы / Жалпы редакциясын басқарған Ғ.Ғ.Мұсабаев. – Алматы, 1978, 1 т. -575 б., 2 т. – 588 б.

13. Казахско-русский - русско-казахский терминологический

словарь.Машиностроение, т.7; Горное дело, т. 19. - М.: Респуб. гос. изд-во

Рауан.- Алматы, 2000.

14. Седов Ю.Е., Справочник молодого термиста / Ю.Е.Седов, А.М.Адаскин. М.: Высшая школа, 1986. - 238 с.

15. Брандон Д., Каплан У., Мир материалов и технологий. Микростуктура материалов. Методы исследования и контроля, - М: Техносфера, 2006, 375с.

16. Металловедение и термическая обработка стали и чугуна. Справочник под редакцией А.Г. Рахштадта – М.: «Интермет Инжиниринг», т.3, 2007.- 919с

Қосымша А






Каталог: files -> MethodBook
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандықтар: 5В070900 «Металлургия»
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандық : В05072900 «Құрылыс» Өскемен Усть-Каменогорск 2014
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет