Жер дауы Қазыбек пен қОҢтажы



бет13/16
Дата18.02.2023
өлшемі66,37 Kb.
#169233
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Шешендік сөздер (1)
Ата Заңы кітабының, VIII-том, ШЕШЕНДІК СӨЗДЕР
ӨЛЕҢДІ ЖЕРДЕ ӨГІЗ СЕМІЗ

Тоқа ішінде Алтайдың ұрылары мал әкетіп, бітімге Атығай Арық би мен Тоқа Шоң би шығыпты. Шоң би ірі денелі адам болса керек те, Арық би күйкі кішкене, ажарсыз адам екен. Шоң сөз бастап «Арқаның арық биі сапарыңыз оң болсын, еліңіз жүдеп шыққан екен»,— депті.
Сонда Арық би: — Әлей болсын. Аққу құстың төресі, жеке жүріп оттамас. Аса ердің жақсысы, бұралқы сөзді бұттамас. Мен арық болсам, елімнің жоғын жоқтап жүдеп келген болармын. Өлеңді жерде өгіз семіз, ұрылы жердің биі семіз деген бар, семіз болатын ретіңіз бар ғой,— депті. Шоң би басқа сөзге келмей, жанындағы адамдарына, мына бидің малын беріңдер, қоса жолын беріңдер,— деп даусыз бітімін айтыпты.


ШАҚШАМ ШАҚША-АҚ ЕДІ (Бірінші турі)

Әлдеке деген шебердің бір қаралық күміспен нақыштаған келісті шақшасын бір би үйіне келіп отырып, тамыр болайық деп ат-түйедей қалап алады да, келесі жылы келіп қолқаңды ал деп шаңырып кетеді. Әлдеке шебер келесі жылы барса, би қолқа бермек түгіл «шақша даулай келдің бе?» — деп келеке қылады. Әлдеке шебер ханға жүгінеді. Хан: «Қолқа сұрағандай оның қандай шақша еді?» — дейді. Сонда Әлдеке шебер:
Шақшам шақша-ақ еді,
Шақша да болса жақсы-ақ еді.
Кер бұғының мүйізі — нақысы еді,
Бір қысырақ істеген ақысы еді-
Гауһар мен жақұттан салған көзі бар еді,
Қолқасын келесі жылы аларсың деген сөзі бар еді,— деген екен.
Хан: «Шақшасын қайырып бер, қайырмасаң қалағанын бер»,— деп кесім айтыпты.


НАУДЫҢ ЕШКІ ДАУЫ

Нау бір туысқанынан ешкі даулап Ақмырза бидің алдына келіпті.
— Бір ешкі үшін туысқаныңмен дауласып, би алдына келгенің не, Нау? — дейді Ақмырза. Сонда Нау:
— Ешкім саусам бұлақ еді,
Іші толған лақ еді.
Терісі бұтама қап еді,
Мүйізі пышағьіма сап еді.
Тоғыз қарын майы бар еді,
Тоқсан шақпақ құрты бар еді,—дейді. Сонда Ақмырза:
— Ешкіңнің мақтауын жеткіздің. Енді ағайыныңа ауысқан бір ешкіңнің билігін өзің айтшы! — дейді.
— Бидің билігіне бір ат, төрешіге түк жоқ. Ешкінің мойнына қосақ, артына тіркеу,— деп туысына қарап тағы былай дейді:
— Қу туысқан, өлетін қойдың көзіндей көзің бозарып кетіпті ғой, қайыр, қалғанын саған кештім! — депті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет