Жер құқық бұзушылықтар үшiн жауапкершiлiктiң түciнiгi. Жер заңдарын бұзғаны үшiн заңды жауапкершiлiктiң түрлері Жер құқық бұзушылық дегеніміз жер құқықтық тәртіпті



бет1/3
Дата21.11.2023
өлшемі2,29 Mb.
#192558
  1   2   3
Байланысты:
жер жауапкершилик
Beige and Grey Minimalist Product Catalog Presentation-1, Презентация (5), a.baytrsynovty-aza-tlne-osan-les, №9 әдістемелік нұсқаулық СДЗХТ

Жер құқық бұзушылықтар үшiн жауапкершiлiктiң түciнiгi. Жер заңдарын бұзғаны үшiн заңды жауапкершiлiктiң түрлері
Жер құқық бұзушылық дегеніміз - жер құқықтық тәртіпті жер меншік иелерінің жер пайдаланушылардың құқығымен заңды мүдделерін заңсыз кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік арқылы бұзу.
Жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік келесі түрлері көзделген:
әкімшілік;
тәртіптік;
қылмыстық;
• азаматтық.
Жер құқық бұзғаны үшін қолданылатын жауапкершіліктің кең тараған түрі және нақты жетілдірілген түрі әкімшілік жауапкершілік.
Жер құқық қатынастары аясында әкімшілік жауапкершілік келесідей
артықшылықтарға ие:
Қолдану процедура сының салыстырма лы түрде оңай болуы.
Әкімшілік теріс қылыққа жедел әсер етуі.
Қажетті деңгейдегі шығын орнын толтыру функциясының көрініс табуы.
Құқыққа қарсы әрекет зардаптардың туындауын күтпей-ақ құқық бұзушылықты алдын алу мүмкіндігі.
Теріс қылықпен нақты жаза арасындағы уақыттың салыстымалы қысқа болуы.
Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік жер құқық бұзушылық құрамына келесідей диспозициялар бар:
337-бап. Жердi бүлдiру
1. Топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу топырақтың құнарлы қабатының бiржола жоғалуын болғызбау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, топырақтың құнарлы қабатын, оның ішінде басқа тұлғаларға сату немесе беру мақсатында жою немесе заңсыз сыдырып алу –
жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
338-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердi ұтымсыз пайдалану немесе пайдаланбау –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет