Жер негізгі 3 геосферадан тұрады



бет19/21
Дата29.07.2022
өлшемі103,87 Kb.
#147859
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
30 билет жауаптары. Жаратылыстану
2 тапсырма ЫқтималдылықТ, Күнделік кз кіру, Жаратылыстану 5-билет Меруерт, «ән шырқайық бәріміз», Жануарлардың морфологиясы мен физиологиясы. Жануарлар турлері жа-melimde.com, blank-rezume-konstr-2
Билет 26
1. Жердің өз білігінен айналуы және оның географиялық орны.
Әлемдік дене ретінде Жер өз білігін айналады. Сонымен бірге өз орбитасымн Күнді де айнала отырады. Ол бүкіл Күн жүйесінің құрамында Галактика ядросының төңірегінде айналады және бүкіл Галактикамен бірге әлемдік кеңістіктегі қозғалыска қатынасады. Осылардың ішәнде Жер бетіндегі түрлі құбылыстардың дамуында Жердің өз білігінен айналуы және орбита бойынша Күнді айнала қозғалуы басты орын алады. Егер Жер шарының солтүстік полюс жақтағы үстінен қарайтын болсақ , оның батчстан шығысқа қарай, сағат тілінің айналу бағытына қарама- қарсы бағытта, өз білігінен айналып тұрғанын көрер едік. Күнмен түннің ауысып отыруы нақ осы айналудың әсерінен болады.
2. Азимут. Азимут бойынша жол тауып жүру.
Қараңғы түнде , қалың тұман, ақ түтек боранда, сондай –ақ орман ішінде немесе тұлдыры жоқ жазық жерде жол тауып жүру қашан да қиын . Мұндай жағдайда алдын ала тағайындалған деректер бойынша бағдарды тұсбағармен белгілейді де, жүрген қашықтықты өлшеп отырады. Бұлай жол тауып жүруді азимут бойынша жүру дейді.
Азимут(арабша ас-сумут -жол) деп бақылаушы тұрған нүкте меридианының солтүстік басынан , діттеген бағытқа дейінгі аралықтагы бұрышты айтады. Азимут тұсбағардың магнит тілінің айналу бағыты бойынша 0 градустан 360 градусқа дейін есепелінеді.
Азимут бойынша жүру үшін қажетті белгілер алдын ала дайындалып алынады. Мұндағы алға қойылатын шарт – жергілікті жерде, қажетті бағытты таба білу, тұсбағардың көмегімен сол бағыттан айнымай жүріп отыру, соның нәтижесінде белгіленген жерден тура шығу. Бұл әдісте жол жүруші бір бағдардан екінші бағдарға дейін жетіп отырады. Қажетті деректер қолдан сызып алынған жол сызбанұсқасында белгіленеді.
3. 3-4 сыныптардағы бақылаулар.
3-4 сыныптарда дүниетануды оқыту стандартқа сай құрылған. Оқу материалы « Адам», « Табиғат», « Қоғам» блоктарына бөлінген. 3 сыныпта Адам блогында Адам табиғат перзенті деп берілсе , 4 сыныпта Адам қоғам перзенті деп берілген . 3 сынпта адамның дене құрылысыме нтанысатын болса , 4 сыныпта адамның шығу тегімен, пайда болуымен танысады. Бұл блогтағы материалдар сыныптан сыныпқа қарай күрделене береді. Табиғат блогы 3 сыныпта табиғатты зерттеу әдістерінен басталады, сол жұмыс 4 сыныпта жалғасады , табиғатты зерттеу әдістері күрделеніп , алуан түрлі болатыны жалғастырылады .
3 сыныпта Бақылау күнделіктеріне қосымша Адам ағзасы және денсаулықты сақтау деген тару берілген. Мұғалімдер бұл тараудағы материалды Адам блогымен байланыстырып, оқушыларды өз-өзін бақылауға үйретіп , қарапайым тапсырмаларды орындатуы қажет .4 сыныпта бақылау күнделігімен жұмыс өзбетімен жүргізіледі .Табиғат және еңбек күнтізбесіне мұғалім бақылау естелігін іліп қояды, оқушылар естеліктегі тапсырмаларды орындап , қорытындылар жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет