Жер сілкінісіне байланысты зілзала апаттар


Қазақстандағы сейсмологиялық жағдайлар



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі22,11 Kb.
#95222
1   2   3   4
Байланысты:
Жер сілкінісіне байланысты зілзала апаттар

Қазақстандағы сейсмологиялық жағдайлар: Қазақстан сейсмологтары жер сілкінісіне дайындықта аса маңызды мәселелердің шешілмей отырғаны туралы алаңдаушылық білдірсе, экологтар беті аулақ, ондай жағдай бола қалса, соңының неге ұшырататыны туралы сақтандыруда. Өйткені, қалада жануардан берілетін аса қауіпті инфекция диагностикасының малдәрігерлік зертханасы орналасқан. Бұдан басқа да экологиялық қауіпсіздік, экологиялық ортаны жақсарту үшін қаланың бас жоспарына сәйкес қаладан көшіруге ұсынылған көптеген өндіріс нысандары бар. Мұнымен қоса жақын таулы алқаптарында көшкін қаупіне алып келетін құрылыстар белсенді жүргізілуде. Атап айтқанда, экологтардың айтуынша, Үлкен Алматы өзені, Медеу ауданындағы, Ақсай, Түрген шатқалдарындағы құрылыстар алда-жалда жер сілкінісі бола қалса, қосымша апатты жағдайлардың: сел мен көшкіннің қоса жүруіне алып келуі мүмкін екендігіне қатты алаңдаушылық білдірсе, оғана өте сергек қарамайынша болмайды. Қазақ «жұт – жеті ағайынды», деп бекерге айтпаса, қазіргі уақытта басқа елдердің тәжірибесі сабақ болса керек. Осыған байланысты Жапониядағы жадайды тағы да алға тартуға тура келеді. Сақ сол жапондардың өзі жер сілкінісімен қатар цунамидің, атом электр стансасының апаты болуы мүмкін екенін ойлап па еді? Осыған орай «Алматы қаласындағы азаматтық қорғанысты дамытудың перспективалары мен туындап отырған проблемалары турасында хабарлау қажет деп санаймын!» – деп, сенатор алматылық ретінде өзінің және барша алматылықтардың жанайқайын білдіргендей болған.
Айтар болсақ, Алматыда құрылыс нысандарын сейсмикалық нығайту мәселесі талай рет көтеріліп келгенмен, айтылған жерінде ескерусіз қалып жүр. Сенат депутаты да сауалында Алматыда екі жүзден астам мектеп, аурухана мен емхана сейсмокүшейтуге зәру екенін атап көрсетті. Атап айтқанда, қаладағы №5, 6, 15, 47, 52, 55, 57, 64, 68, 82 және 111-орта мектептерді жер сілкінісіне төтеп берердей етіп нығайтудың құжаттары толық дайын. Енді осы мәселені шешу үшін оларға жалпы көлемі 5,5 млрд. теңге қаржы керек. Сондай-ақ, қаладағы 4 емхана мен 1 аурухананың да сейсмикалық күшейтуге қажетті құжаттарының толық пакеті әзір, ол үшін қажетті қаржы – 1,2 млрд. теңге.
Екіншіден, сейсмикалық бақылау торабын жаңғырту бағытындағы ұсыныстар да әлі күнге іске асырылмай отыр. Жер сілкінісінің қысқа мерзімді болжамдарының тиімді әдістемесі әлі әзірленбесе, «сейсмикалық шағын аудандау картасы» жасалмаған. Үшіншіден, өртке қарсы қызметтің материалдық-техникалық жарақтандырылуы мүлдем қанағаттанғысыз. Қаладағы өртке қарсы деполардың барлығы да күрделі жөндеу жүргізуді қажет етеді. Қосымша 11 депо салмаса болмайды.
Алматы болмаса, басқа өңірлерде жер сілкінісі болуы ықтимал деп қауіптенудің реті жоқ, дегенді айта алмаймыз. Айтар болсақ, сейсмология иституты жылына Қазақстан бойынша 7 мыңнан астам жер сілкінісін тіркесе, екібалдық жер сілкінісі өте жиі кездеседі екен. Қалай болғанда да, мұндай жағдай сақтанбаса болмайтындығын көрсетеді. Олай болса, алдымен, сейсмикалық картаның қажет екені даусыз. Сейсмикалық кар­таның негізгі қызметі – сейсмикалық қауіпті аймақтарды айқындау. Ал елімізде жер сілкінісінің үдеу күші болатын жерлерді зерттеп жасалған карталар бар ма? Қазақстан бойынша оншақты жыл бұрын кеңестік әдіс-тәсілмен жасалған мұндай карта, қазіргі күні еурстандартқа сай келмей отыр. Салынып жатқан құрылыстар сейсмикалық тұрғыдан тиісті талаптарға жауап бермейді, деп кінә тағамыз. Проблема – талаптың орындалмай отырғанында ғана емес, орындалмау себебінде. Қолданыстағы карта қазіргі құрылыс жұмыстарының қоятын талабына жарамай қалды. Сондықтан жаңа картаны тезірек жасап, құрылыс жұмыстарын осындай сенімді картамен жүргізбесе болмайтынын сейсмолог ғалымдар атап айтуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет