Жер сілкінісіне байланысты зілзала апаттар


Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі22,11 Kb.
#95222
1   2   3   4
Байланысты:
Жер сілкінісіне байланысты зілзала апаттар

Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері:
Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас-қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалысы. Жер қыртысының траекториялық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің барысында үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар тоғандар мен басқа да ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесіне зиян келіп, байланыс бұзылыды. Тау жыныстарынан тау құлайды, адамдарды үрей билейді. 
Жер сілкінісінің жойқын күшінің әсерінен болатын апаттар көпшілікке мәлім. Өйткені Қазақстанның 450 мың шаршы километр аумағында жер сілкіну қаупі бар. Бұл аумақта 6 млн. халық тұрады. 27 қала, 400 ден астам елді мекен бар. Еліміздің қырық процентке жуық өндірістік потенциалы осы аумаққа шоғырланған.
Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Алматы қаласы сейсмо қауіпті аймақта тұр. Онда өнеркәсіптің негізгі қорының отыз проценті шоғырланып, тұрғын үй қорының отыз бестен аса проценті орналасқан. Республика халқының қырық проценті тұрады. Жер сілкінісі қауіпті аумақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық ғимараттар мен зиянды өндірісті өнеркәсіп орындары, жасанды су қоймалары, жарылыс қаупі бар және улы материалдар қоймасы орналасқан. Тұрғын үй алқабының бұзылуымен қатар тізбеленген обьектілердің кейбіреуінің бұзылуы оңалмайтын экологиялық өзгеріске алып келуі мүмкін.

Қорытынды:
Қорта та келгенде Қазастанның жер сілкінісі ең қауіпті аймағының көлемі 450 мың км². Онда өнеркәсіптің негізгі қорларының біразы жинақталған, тұрғын үй қорларының 35%-і орналасқан шамамен республика тұрғындарының 40% осы аймақтарда тұрады.Әлеуметтік –экономикалық зиянның ауқымы жөнінде жоғарыда айтылды.
Жер сілкінісі мүмкін болатын аймақтарда ірі қалалар мен елді мекендер, гидротехникалық құрылыстар мен зиянды өнімдермен жұмыс істейтін өндіріс орындары, улы және жарылғыштық қаупі бар материалдар қоймалары орналасқан.Қатынас және инженерлік желілердің жер сілкінісі кезіндегі бұзылуы да біраз қауіп төндіреді. Ғимараттардың құрал-жабдықтардың зақымдауынан келетін шығындар ғимараттардың өзінің шығынынан кей жағдайларда бірнеше рет асып түседі.
1993 жылы 30 желтоқсанда Алматы облысында, негізгі орталығы Текелі қаласының аймағында жер сілкінісі болды.Жер сілкінісінің нәтижесінде сілкініс жағдайына қолайсыз аландарға – шайынды топырақ үстіне орналасқан, жер сілкінісіне төтеп бере алатындай мүмкіндіктері қарастырылып салынбаған саманнан тұрғызылған үйлер мен қоқыс пен құм арасқан бетонды құрылытар үлкен зақымдауға ұшырады.300-ден астам отбасы баспанасыз қалды. Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелер, өзге де қоғамдық ғимараттар зақымдалды.

Пайдаланылган әдебиеттер:
1.Өмір – тіршілік қіуіпсізгі: С.Арпабеков. – Алматы, 2004.
2. «massaget.kz» порталы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет