Жер сілкінісінің туындау қаупі және пайда болған тұрғындарды қорғау. Тж ошағында медициналық көмек ұйымдастыру



Дата25.01.2023
өлшемі86,96 Kb.
#166430
Байланысты:
Мансия 2
20.12 оқушылар 11 поток - Лист1

Жер сілкінісінің туындау қаупі және пайда болған тұрғындарды қорғау.ТЖ ошағында медициналық көмек ұйымдастыру
Орындаған: Фермебаева Мансия
Қабылдаған: Алтынбекова Жанна Ратбековна
Жер сілкінісінің алғашқы дүмпуі кезінде
Газды, су мен электр қуатын сөндіріңіз. Егер жер сілкінісінің күші аз болса, онда оны тұрған жеріңізде күткен абзал. Одан едәуір күштірек жер сілкінісі кезінде (дүмпу күші бес және одан да жоғары баллды құраса), егер сіз ғимараттың екінші және одан жоғарғы қабаттарында болсаңыз, ғимараттан шығыңыз. Ішкі қабырғаның, бұрыштың, есік жақтауының қауіпсіз жеріне тұрыңыз, ваннаға жата қалыңыз. Кереуеттің немесе стөлдің астына кіріңіз - олар сізді құлауы мүмкін заттардан және сынықтардан қорғайды. Терезе мен ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз. Лифтіні пайдаланбаңыз.
Егер сіз көшеде болсаңыз, ғимараттар мен электр беруші желіден ашық алаңға қарай алыстаңыз, үзілген электр сымдарына жақындамаңыз. Ғимарат жанынан жүгірмеңіз және оларға кірмеңіз.
Егер сіз автомобильде болсаңыз, дүмпулер тоқтағанға дейін автомобильден шықпай ашық алаңда қала беріңіз.
Есте сақтаңыз: жер сілкінісі кезінде адам өлімінің сирек кездесетін себебі болып жер қабатының қозғалысы табылады. Жер сілкінісі кезіндегі қайғылы оқиғалардың басты себептері болып табылатындар:
• ғимараттың жекелеген бөліктерінің сынуы; • сынған шынылардың құлауы; • үзілген электр сымдары; • пәтердегі ауыр заттардың құлауы; • өрт;
Жер сілкінісінен кейін:
Қажет жандарға медициналық көмек көрсетіңіз.
Қатерге шалдыққандарды қоқыстан арылтыңыз, егер ол үшін қосымша жасақтауды талап етпесе. Радиоқабылдағышты қосыңыз.
Мүмкіндігіңізше су құбыры мен газды тоқтатыңыз және энергия жабдықтаушыны сөндіріңіз. Ашық отты пайдаланбаңыз.
Жер сілкінісі кезінде өзіңіз болған ғимараттан шығар алдында абай болыңыз.
Радионы қосулы күйінде ұстаңыз, қызметтердің белгілерін тыңдаңыз.
Анық зардап шеккен ғимаратқа жақындамаңыз және оған кірмеңіз. Қайталама дүмпуге дайын болыңыз, мұндай жағдайларда едәуір қауіпті болып жер сілкінісінен кейінгі алғашқы екі-үш сағат табылады, дегенмен олар бірнеше тәулік, апта және тіпті ай өткеннен кейін де болуы мүмкін. Бірінші жер сілкінісінен көп уақыт өткен сайын, соғұрлым қайталану ықтималдығы аз.
Крэш-синдром деп аталатын ұзақ уақыттағы жанжу синдромы - ең қауіпті жарақаттардың бірі. Ауыр заттардың: құырылыс жиынтықтарының сынықтары, сынған ағаштардың діңгектері, массивті жиһаз бен сол тектес заттардың адамның қолы немесе аяғына ұзақ уақыт бойы жаншуы кезінде - аяқ-қолдардағы қан айналымы тоқтап қалады. Бұл адам ағзасындағы зат алмасуының бұзылуына әкеледі. Крэш-синдромның салдары ампутациямен көп жағдайда байланысты.
Зардап шеккен адамда ұзақ уақыттағы жаншу синдромы бар екенін анықтаған уақытта, зардап шеккенді қарап шығыңыз; ауруды басатын дәрмек беріңіз; жаншылған жерінен жоғары бұрау қойыңыз; кеңістікті босатып алып, оны жылытыңыз. Есте сақтаңыз, бір минутты да жоғалтпау керек. Адамды ауруханаға дереу жеткізіңіз.
Төтенше жағдайдағы алғашқы көмек көрсету негіздері
Алғашқы медициналық көмек қалай көрсетіледі?
Адам қайғылы жағдайға кез келген жерде: үйде, көшеде, жолда, көлік апаттары кезінде немесе т.б. ұшырауы мүмкін. Көбінесе адамдар алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі білімінің жоқтығынан жанындағы адамдарға, кейде тіпті туысы, танысы немесе досына көмек көрсете алмай жатады.
Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты – адам өмірін құтқару. Ең бастысы – алғашқы секундтарда дұрыс әрекет етуге үйрену, дәрігерлер келгенше апатқа ұшыраған адамның өмірін сақтап қалу. Келесі кеңестер өзіңізге, жолдасыңызға басқа да көмекті қажет ететін кез келген адамға алғашқы көмекті дұрыс көрсете алуға септігін тигізеді.
Ең алдымен адамды қайғылы жағдай болған жерден алып шығыңыз, оның өміріне қауіпті жағдайды (талып қалу, бастырылып немесе қысылып қалу, қан тоқтамау) жойыңыз; жарақатының қандай дәрежеде екенін, көлікпен немесе жаяу тасымалдауға келетін-келмейтінін көріңіз; қауіпсіз, медициналық көмек көрсетуге қолайлы жерге апарыңыз; алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.
Көз қарашығының жарық сезгіштігін анықтау тәртібі. Бас бармақпен үстіңгі қабақты көтеріп, қарашыққа қараңыз. Егер қарашық жарық түскеннен кейін де үлкен күйінде қалса, онда ол жарықты сезбейді деген сөз. Қараңғы кездерде қарашықтың жарық сезгіштігін электр қолшамының көмегімен байқауға болады.
Артериялық қанау кезінде артерияны қолмен басып тұрады, қан тоқтатушы жгут көмегімен немесе қолды не аяқты бүгу арқылы тоқтатады. Артерияны қолмен немесе жұдырықпен басқан кезде қан бірден шамамен 10-15 минутқа тоқтап қалады, содан соң қол шаршап, қысым әлсірей бастайды. Сондықтан артериядағы қан тоқтай салысымен қан тоқтатушы жгутты пайдаланыңыз. Жгутты жалаңаш денеге байлауға болмайды. Адам терісі қатпарланбай, тегіс болуы керек, жгут байланатын жерді орамалмен немесе дәкемен ораңыз. Жгутты аяқ немесе қолдың астынан алып, үстіне қарай байлаңыз, алғашқы екі байламды қатты етіп, үшіншісін тартпай сәл ғана байлаңыз. Егер қан тоқтамаса, жгутты алып, қайтадан одан да жоғарырақ жерден байлаңыз. Байлауыңыздың қаттылығы қанды тоқтатуға болатындай, бірақ мүлдем қан жүргізбей тастамайтындай болуы керек. Жгутты байлап болған соң жгут салынған уақыт, құтқарушының аты-жөні, лауазымы жазылған қағаз қыстырып қоюды ұмытпаңыз. Жгут әдетте 1,5 — 2 сағатқа ғана, ал суық күндері 0,5 — 1 сағатқа қойылады. Ал әрбір 30 — 60 минут сайын жгутты босатып отыру керек, яғни бірнеше минутқа босатып, сол кезде жгуттың жоғарғы жағынан саусақпен басып отыру керек, жгут тұрған жердегі ізге ақырын ғана массаж жасау керек. Жгутты 2 сағаттан артық ұстауға болмайды.
Фабрикалық жгут болмаған жағдайда оны қолда бар нәрсемен (резина түтік, галстук, белдік, белбеу, орамал, бинт және т.б.) алмастыруға болады, тек сым темірді қолданбаңыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет