«жерасты суларын іздеу және барлау» пәнінен Практикалық сабақтарға арналған Әдістемелік нұсқау Шымкент, 2018



бет7/36
Дата25.12.2021
өлшемі1,36 Mb.
#104893
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36
Байланысты:
ОПИСЬ 22
Жер асты суларын пайдалану— жер асты суларын минералдылық дәрежесіне, химиялық қүрамына және физикалық қасиеттеріне қарай халық шаруашылығында пайдалану түрлері. Олар ауыз су ретінде және шаруашылық сулармен қамтамасыз ету үшін, жер суаруға, ауруларды емдеуге, су қүрамындағы кейбір бағалы құрам бөліктерді (NаСl, Na2SO4, Na2CO4 , Вг, J және т.б.) өндіріп алу үшін және жылу көзі ретінде пайдаланылады.

Жерасты суларының пайдаланылатын қорларының топтары

Жерасты суларының пайдаланылатын қорлары игерiлу жағдайларына, сондай-ақ шаруашылық және экономикалық маңызына қарай екi топқа бөлiнедi, олар жеке-жеке саналып (анықталып) есепке алынуға тиiс.

Баланстық қорлар. Оларды пайдалану қажеттiгi барлық геологиялық-экономикалық, технологиялық және тазалық-санитарлық факторларды ескере отырып, арнайы техникалық-экономикалық негiздеу деректерi бойынша анықталған, ал оларды пайдалану мүмкiншiлiгi табиғат қорғау мәселелерiн орнатылған заңды тәртiппен қарап, тексерiп отыратын республикалық және аймақтық органдар тарапынан расталған.

Ауызсуы, техникалық және минералдық сулардың баланстық қорларын айқындауға (бөлуге, ажыратуға) тұтыну, емдеу және емге iшу үшiн анықталған су қажеттiлiгi, олардың сапасы стандарттар мен тұтынушылар талаптарын қанағаттандыруы негiз болып табылады.

Баланстан тыс қорлар. Олар су қабылдағыш жобасымен тiкелей байланыспаған, техникалық-экономикалық, технологиялық және экологиялық себептермен бағалау кезiнде пайдалануы қажет деп танылмаған қорлар. (Жердi иелiктен ажырату мүмкiндiгi жоқ, күрделi кен-геологиялық жағдайлар, табиғат қорғау шектемелерi, суды алдын ала даярлау немесе пайдалы құраластарды өндiрiп алу технологиясының болмауы, социалдық-экономикалық жағдайдың (конъюнктураның) өзгеруi, беттiк ағымды реттеу қажеттiгi т.с.с.).

Баланстан тыс қорлар оларды кейiннен пайдалануға қосу мүмкiншiлiгi, мұның iшiнде олардың мөлшерi мен сапасының сақталу мүмкiндiгi дәлелденсе, сондай-ақ суды өндiру, өңдеу және алдын ала дайындау техникасы мен технологиясын жетiлдiру мүмкiншiлiгi анықталса ғана саналып есепке алынады. Баланстан тыс қорларды есептегенде олар баланстан тыс тобына жату себептерiне қарай бөлiнедi (ажыратылады).


          2. Жерасты суларының пайдаланылатын қорларын пайдалану (iске асыру) жағдайлары.

Жерасты суларының кен орындарын (телiмдерiн) өнеркәсiптiк тұрғыдан игеру А немесе В категориялары, ал кей жағдайда, 3.4 тармақтарына сәйкес, С1 категориялы қорлары негiзiнде жүзеге асырылады.

Қорларды есептеу жөнiндегi материалдар мемлекеттiк геологиялық сараптама тарапынан тиiстi оң шешiм қабылданғанда, рұқсат етiлген құжаттама болғанда және уәкiлдiгi бар мемлекеттiк органдармен келiсiлген жағдайда жерасты суларының кен орындары жер қойнауын геологиялық тұрғыдан онан әрі зерделеу (зерттеу) немесе игеру үшiн берiледi.

Мемлекеттiк геологиялық сараптама мынадай жағдайларда қайтадан жүргiзiледi;
      - геологиялық барлау жұмыстарын немесе пайдалану нәтижесiнде алынған деректер бойынша қорлар бiр категориядан екiншi категорияға ауыстырылғанда және су тұтынудың есептiк мерзiмi аяқталғанда;
      - кен орнын барлау және пайдалану барысында оның өндiрiстiк тұрғыдан бағалануына елеулi әсер ететiн және лицензия берiлу шарттарын бұзатын қосымша табиғи, экономиялық немесе экологиялық факторлардың айқындалуы, сондай-ақ қорларды есептегенде уақытта орын алған су шаруашылық, санитарлық және экологиялық жай-күйдiң өзгеруi;
      - баланстан тыс қорлардың баланстық қорларға ауыстырылуы;
      - сараптама тарапынан бұрын қабылданған қорлардың растанбауы;
      - пайдаланудағы кен орындарынан алынған су көлемi бекiтiлген қорлардың қосынды шамасынан 20%-тен астам артуы;
      - жерасты суларының сапасы жөнiнде қажеттi сапалық көрсеткiштердiң (кондициялардың), стандарттар мен техникалық шарттар талаптарының қайта қаралуы, оларды пайдалану мақсатының өзгеруi, сондай-ақ пайдалы құраластарды бөлiп алу технологиясының түбегейлi өзгерiстерге ұшырауы.

Өнеркәсiптiк игеруге қосылған жерасты суларының кен орындарында (телiмдерiне) олардың жай-күйi туралы мониторинг жүргiзiлуi тиiс.


Бақылау сұрақтары:

1. Жер асты су кен орындары қандай типтерге бөлінеді?

2. Гидоргеологиялық шартарға байланысты жер асты су кен орындары қандай топтарға бөлінеді?

3. Игерiлген кен орындарына қандай кен орындар жатады?

4. Барланған кен орындарына қандай кен орындар жатады?

5. Бағаланған кен орындарына қандай кен орындар жатады?

6. Жерасты суларының пайдаланылатын қорлары деген не?

7. Жерасты суларының пайдаланылатын қорларының топтары?

8. Жерасты суларының пайдаланылатын қорлары қалай іске асады?

9. Баланстан тыс қорлар дегеніміз қандай қорлар?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   36




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет