Жердің даму тарихында апат туғызатын (катастро фалық) табиғи құбылыстардың бірі жер сілкіну. Оның жойқын күшін адамзат тарихындағы белгілі басқа қатерлі оқиғалардың еш қайсысымен салыстыруға болмайды


Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер



бет3/3
Дата01.12.2022
өлшемі24,13 Kb.
#160829
1   2   3
Байланысты:
дәріс 11 (1)

Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер
Жер сілкінген сәтте сіздің ой-әрекетіңіз бен іс-қимылыңызға 5-10 секунд қанауақытыңыз бар. Осы сәтте үрейге еркіндік беріп, абдырып-сасып қателессеңіз, арты бақытсыздыққа әкелуі ықтимал. Өзіңізді де, өзгелерді де үрейлендірмеңіз.
Үйдің ішінде:
Сілкініс кезінде далаға жүгіріп шығуда немесе жер сілкінісінің яғни үйдің ішінде кетуді пәтердің қай қабатта орналасуына байланысты шешуге тиіссіз. Егер сіз көп қабатты үйдің бірінші немесе екінші қабатында тұратын болсаңыз, далаға шығуға мүмкіндігіңіз бар. Далаға қашып шыққаннан кейін үйден аулақ тұрған жөн. Үшінші және одан жоғары қабаттардан қашып шығу қауіпті екенін естен шығармаңыз.
Сілкініс басталысымен үй ішіндегі қауіпсіз деген орындарға тез жетуге тырысыңыз. Ішкі қабырғаның қауіпсіз тұсында үйдің ішкі бұрышында, есік жақтауларының ортасында, тіреуіш ашалардың жанына тұрасыз (шкаф іші кереует). Терезелер мен ауыр жиһаздардан алыс тұрыңыз. – лифтті пайдаланбаңыз. – есіктен далаға шыққан уақытта жан таласып, бір- біріңізге кедергі жасамауға тырысыңыздар. – үйлерден электрбағаналардан аулақ тұрыңыз, электрсымына жақындамаңыз. – сілкініс кезінде үйге кірмеңіз.
Ең алдымен балаларға,қарттарға және мүгедек адамдарға қауіпсіз жерге жетуге немесе мүмкіндік болса далаға шығуға көмектесіңіз.Көпқабатты үйлердің берілген аймақтың сейсмологиялық деңгейін есепке ала отырып тұрғызылатындығын етсен шығармаңыз, сондықтан үрейге еркіндік беріп,сасқалақтамаңыз.
Далада:
Сілкініс кезінде ғимараттардың ішіне кірмеңіз,оларға жақын тұрмаңыз.Мейілінше ашық жерде,ғимараттардын қашықта болғаныңыз жөн.Дегенімен ғимараттқа жақын жерде қалып қалсаңыз есік жақтауына тұрыңыз.
Автомобиль ішінде:
Сілкініс басталған сәтте жүріп келе жатқан автомобильді ашық жерге тоқтатқан дұрыс. – жолаушылар асып-саспай байыпты түрде транспорт ішінде отырып, жер сілкінісінің басылуын күткен жөн. Келешекте болуы ықтимал күшті сілкіністердің құпияларымен жеке таныс болған жөн. Жер асты дүмпуінің болу себептерін, анық қай жерде болып, қалай таралатындығының қандай қосымша әрекеттерінің өзі де көптеген мәліметтер оқып –білу қажет. Екіншіден, тұрған халықтың апаттан сақтану дайындығы дәрежесі жоғары болуы тиіс. Тек осы шарттар орындалған жағдайда ғана зілзала апаттар адам өмірі мен халық байлығына айтарлықтай шығын келтірмейді.
Жер сілкінісі кезіндегі жазатайым оқиғалардың негізгі себептері:
-кірпіштердің, түтін құбырларының, ернеулердің, балкондардың, жапсырма әшекейлердің, қаптау плиталарының, рамалардың, жарықтандыру қондырғыларының құлауы, ғимарат бөліктерінің құлауы;
-сынған шынылардың құлауы (әсіресе жоғарғы қабаттардан);
- көшенің жүру бөлігіне үзілген электр сымдарының құлауы
-пәтерде ауыр заттардың құлауы;
- зақымдалған құбырлардан газдың ағуынан және электр желілерінің тұйықталуынан туындаған өрттер;
- үрей салдарынан адамдардың бақыланбайтын әрекеттері және т. б.
Жер сілкінісінің салдарын жою барысында екі негізгі кезеңді бөлуге болады:
- авариялық-құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстар;
- апат аймағының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін қалпына келтіру.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет