Жерді жасыл планета деп атайды. Бұндай атау өсімдіктерге байланысты берілген. Өсімдіктер әлемі адамға байлық ретінде емдік өсімдіктерді сыйлаған



бет1/4
Дата08.02.2022
өлшемі23,55 Kb.
#98776
  1   2   3   4
Байланысты:
ТҮЙМЕДАҚ
саңырауқұлақ


Кіріспе 

Жерді жасыл планета деп атайды. Бұндай атау өсімдіктерге байланысты берілген. Өсімдіктер әлемі адамға байлық ретінде емдік өсімдіктерді сыйлаған. Олар әр уақытта өмірдің негізі, яғни тағамдық және емдік қасиетімен белгілі. Халықтық фитотерапияның тарихы жалпы адамзат тарихымен тығыз байланысты. Кейбір мемлекеттерде қазіргі кезде де фитотерапия емдеудің негізгі әдісі ретінде қолданылуда. Мысалы, Африка елдерінде, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің тұрғылықты халқы тек қана өсімдіктермен емделеді. Өсімдіктердің емдік қасиеттері туралы мәліметтер ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде тапсырылған.


Бір өсімдіктің құрамында химиялық қосылыстардың әртүрлі класы – флавоноидтар, иілік заттар, витаминдер, органикалық қышқылдар болғандықтан белгілі бір ауруға байланысты қасиетін анықтау қиын болған. Химиялық қосылыстардың әр класына сай емдік эффект байқалады, олар қосылып жаңа активті түрге ие бола алады [1].

«Өсімдік өмір кепілі» деген қағиданы ұстана отырып өсімдіктердің емдік қасиеттерін зерттеуге бел будым. Менің бұл тақырыпты таңдауыма сынып жетекшім мен анам ықпал етті. Өзім бала күнімнен бөлме өсімдіктерін өсіріп, күтіп, баптауды ұнататынмын. Ес білгеннен бері оқыған-түйгенімнің арқасында тек бөлме өсімдіктері ғана емес, жалпы өсімдік атауының адам өміріне, олардың денсаулығына тигізетін пайдасы, қасиеттері қызықтыра бастады. Қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Соның ішінде дәрілік өсімдіктердің адам өміріне тигізетін маңызы зор екеніне ешкім күмән келтіре алмас. Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. 

Өсімдіктердің емдік қасиеттерін білу үшін көп еңбек етуге тура келді. Мектеп және аудан кітапханаларында болып осы төңіректе көптеген мәліметтер, деректер жинақтадым. Көп ізденіп, көп оқыдым. Өз бөлімше дәрігерім, рррр апаймен кездесіп, емдік өсімдіктердің түрлерін, қолданылуын білдім. Көп ізденіп зерттеу барысында өсімдіктердің емдік қасиеттері туралы деректер жинала бастады.

Жаз айларында өзіміздің бақшамызда өсетін аскөкті, меруертгүлді, бақбақты, сонымен қатар даланың кез келген жерінде өсетін түймедақ, өгейшөп, жусан өсімдіктерін теріп, кептіріп емдік мақсатта пайдаланамын. Қазіргі технология қарқындаған заманда ауаның түрлі себептермен ластануына байланысты адамдарда көптеген ауру түрлері көбейіп отырған жайы бар. Сол ауруларды өсімдіктермен емдеу жолдарын білген әрбір адамға тиімді болар еді. Өкінішке орай аяғымыздың астында өсіп тұрған емдік қасиеті жоғары өсімдікті тани бермейміз. Егер әрбір саналы, сауатты Қазақстан азаматы, азаматшасы өз елінің табиғат сыйлаған сыйын танып, қолдана білсе, салауатты өмір кепілі болмас па еді. Олай дейтінім ерінбей бар затты пайдалану керек. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демей ме атам қазақ. 

Сондықтан табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін алға қойған басты мақсат деп білемін. 

Қоғам бар жерде адам бар. Адам бар жерде түрлі аурулар бар. Бірақ,сол мәселені шешу жолдарын іздестіру қазіргі таңда әр адамның саналы қорғанысында. 

Дәрілік өсімдіктер дегеніміз – медицинада әртүрлі ауруларды емдеу және олардың алдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер. Дәрілік өсімдіктерден керекті дәрі алумен қатар құрамында әр түрлі витаминдер: белок, май, соның ішінде эфир майы болуына байланысты оларды тағамдыққа және басқада халық қажетіне пайдаланады. Бұлардың ішінен көбіне шөп түрлерін тағамдыққа пайдалану жағы басым. Әдетте өсімдіктердің осындай заттар көп жиналған бөліктері дәрі ретінде қолданылады. 
Cоның бірі – түймедақ гүлі. Түймедақ гүлімен қабынуға қарсы, антисептиктік қасиеттердің жиынтығын кездестіруге болады. Тек гүлді көлік жүрмейтін, ауылдар мен қалалардан алыс шалғындар мен алаңқайлардан жинау керек. Оның алғашқы гүлдеген кезі пайдалы 

осы кезеңде емдік қасиеті де күшті болады. Түймедақ өттің айдалуына, тәбеттің ашылуына ықпал етіп, аллергиялық компоненттерінің арқасында аллергияға қарсы қолдануға болады.


Қазақстан әртүрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дәрілік өсімдіктердің алатын орны ерекше. Кейінгі кездерде дәрілік өсімдіктерге деген талап та біршама өсті.
Табиғатта дәрілік өсімдіктердің қорын көптеп сақтау үшін, оларды дұрыс пайдалана білу керек, ол үшін өсімдіктердің тек сыртқы түрін ғана емес, сонымен бірге олардың өсу жағдайларын, емдік қасиеттерін, қолданылуын, ең бастысы дұрыс жинау ережелері мен мерзімін білу қажет. Қазіргі кезде емдік қасиеті жағынан кеңінен қолдау тапқан түймедақ гүлінің құрамын зерттеу.
Түймедақ гүлі – көпшіліктің ең сүйікті гүлдерінің бірі. Тіпті гүл өсіруге енді ғана бетбұрыс жасаған гүлпаздың өзі көгалдандыруды түймедақтан бастары анық. Жаз мезгілінің жаршысы болып есептелетін түймедақ еліміздің барлық аймағында өседі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет