Жерді жасыл планета деп атайды. Бұндай атау өсімдіктерге байланысты берілген. Өсімдіктер әлемі адамға байлық ретінде емдік өсімдіктерді сыйлаған



бет2/4
Дата08.02.2022
өлшемі23,55 Kb.
#98776
1   2   3   4
Байланысты:
ТҮЙМЕДАҚ
саңырауқұлақ
Зерттеудің мақсаты: Түймедақ гүлінің өзіндік ерекшеліктерін таныта отырып, оның адам ағзасына тигізетін пайдалы жақтарына терең талдау жасау. Түймедақтан дайындалатын тұнбалар мен ем-домдардың жасалу жолдарына зерттеп танып-білу.

Міндеттері:
- Түймедақ гүліне сипаттама жасау;
- Түймедақ гүлінің ботаникалық және химиялық құрамына сипаттамасы беру;
- Түймедақтың қолданылуы мен емдік қасиеттерін анықтау;

- Түймедақтың фитохимиялық талдамасын жасау.


Негізгі бөлім
2. 1 Түймедақ гүліне сипаттама

Қазақ халқы түймедақ гүлі туралы да біраз мәліметтерге ие. Бұл гүлдің атын «түймедақ гүл» деп атауының да өзіндік ерекшелігі бар. Түймедақ гүлі маусым айының басынан шілде айының соңына дейін гүлдейді. Гүл шоғы әдемі де әсем жасалған түймеге ұқсайды. Гүл шоғының ортасында сары дағы бар, ақ түсті дөңгелек гүл. Сары дағының жан-жағына ақ көкшіл, әдемі, ұсақ жапырақтар жайып тұрады. Әбден толық гүл жарғанда әдемі түймеге ұқсап, гүлі даланы ару түске бөлеп тұрады. Қазақ бұл гүлдің осы бейнесіне қарап «түймедақ гүл», «түймедақ», «танагүл», «дала түймесі» деп әр алуан аттармен атаған.


Қазақ совет энциклопедиясында түймедақ гүлі туралы былай баяндалады: «Түймедағы – күрделі гүлдер тұқымдасына жататын біржылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Еуразия мен Африкада таралған 50-ге жуық түрі бар. Қазақстанда ең көп өсетін екі түрі кездеседі. Аптекалық түймегүлі, жалаңаш түйме гүлі Жерорта теңізі маңында, Иран, Ауғанстан, Еуропа бөлігінде, Кавказ, Орта Азия, Қазақстанда Іле, Жоңғар Алатауларында, Алтайда өседі. Биіктігі 10-35 сантиметр, сабағы тармақты, жапырағының ұзындығы 15-60 миллиметр, ені 5-15 миллиметр. Маусым, шілде айларында гүлдейді. Тамыз, қыркүйек айларында жеміс береді. Түймегүл медицинада ішек түйілуіне, метеоризмге қарсы және терлететін дәрі ретінде пайдаланылады. Түймегүл Ресей, Болгария, Румыния, Польшада қолдан өсіріледі».

Түймедақтың жалпы 350-ге тарта түрі бар. Олардың үштен бір бөлігі Ресей даласында кеңінен кездеседі. Сол түрлерінің ішіндегі ең кең таралғандары: римдік, неміс, далматтық, кавказдық, парсылық түймедақтар.Ежелгі Египетте түймедақ гүлі Күн құдайы Раға арналған. Түймедақ адам жүйкесін тыныштандырып, оған түскен ауыртпалықты қалпына келтіреді. Қан қысымын қалыпты жағдайға дейін түсіреді, тағдырдың кейде «сыйлайтын» оқыс жағдайларын жеңіл өткеруге әсер етеді. 


Қазақ халқы түймедақ гүлін ертеден танып, оны да әсем, ажарлы гүлдер тобына жатқызады. Ол кез-келген күн көзі толық әрі жақсы түсетін өңірлерде, құнарлы топырақты жерлерде өседі. Бұл гүлді үйге, аулаға егуге болады. Тұқымы немесе түбінен бөлу арқылы көбейтеді. Ең оңай жолы көктем мезгілінде түбінен бөлу жолымен көбейту, көшеттерінің арақашықтығы биіктігінің жартысындай деңгейде болуы шарт. Үнемі уақытында суарып, баптап отырғанда, ол масатыдай құлпырып, гүл-гүл жайнап шыға келеді. Гүлзарларға жеке не топтап отырғызса да болады.
Қазақтың әдеби тіл ажарынан да орасан орын алғанын байқауға болады. «Түймедақтай әдемі, түймедақ – түймедей ғана гүл еді, оны бүкіл қазақ баласы ауруға ем деп біледі», «түймедақ ішек түйілген ауруға таптырмас дәрі», «түймедақ түймедей ғана болғанымен, түйедей ауруды жазады» деген сияқты сөз тіркестері түймедақ гүлінің өзіне тән дара, хас қасиетіне қарай қолданылған қазақы сөздер болып табылады.
Қазақтың жаңа туылған балаларына Түймебай, Түймегүл, Түймедақ, Танабай, Танагүл деген тәрізді аттарды әдейі ырыммен қоюы осы түймегүлдей әдемі, сұлу, ажарлы, бай-бақытты болсын дегені.
Түймегүлің әп-әдемі түймедей,
Хан-патшаның қыз ұзатқан күймедей.
Ару дала, әсем гүлге оранып,
Түймегүлмен түймеленіп жатқандай.
Түймегүл – ару даланың әсем гүлдері арасынан түймедағы арқылы ерекше көзге түседі. Гүл шоғының ортасындағы сары түймесі арқылы басқа көп гүлдерден ерекшеленеді және парықталынады.
Қазақтар түймегүлін үзіп алып, балаларына тұмар ретінде тағады. Той-томалақ, топты жиылысқа барғанда, ұл бала болса, оның омырауына, қыз бала болса, оның шашына қадап қояды. Солай жасаса, басқалардың тіл мен көзі тимейді, сұғы өтпейді, «Түймегүл - тұмар гүл» деп ырым етеді. Жақсылық және әсемдік ретінде бағалайды.
Дәрілік түймедақ (Martricarіa recutita) жабық тұ қымдылар – Magnoliophita немесе Angiospermae бөліміне, күрделігүлділер Asteraceca тұқымдасына жатады.
Түрлік атауы – Martricarіa chanimilla (recutita) грек сөздерінен төменгі алма деген мағынаны білдіреді. Ең алғаш рет Martricarіa деген ботаникалық атауды неміс ботанигі ұсынған. Ресейде бұл өсімдік ХҮІІІ ғасырдан бастап белгілі бола бастаған.
Дәрілік түймедақ (ромашка аптечная) – бір жылдық аласа (35 см-ге дейін) шөптесін өсімдік.
Сабақтарының ұзындығы 10-60 см – ге дейін түп жағында және гүл шоғырларынды бұтақталатын сабақтарының іші қуыс, сайлары болып келеді. Түймедақ гүлі көгалдандыруда кеңінен қолданылатын көпжылдық шөптесін өсімдік. Гүлінің диаметрі 9 см-ге дейін жетеді. Дүние жүзіне таралған. Бақшаға еккен түймедақ жаз бойы молынан гүлдеп, ерекше көңіл күй сыйлайды.
Жапырақтары кезектесіп орналасқан, сопақша пішінді, ұзындығы 2-5 см және ені 0,5-1,8 см,отырмалы, негізінде азғана кеңейген, сызық тәрізді немесе жіп тәрізді бөліктерге екі жақты қауырсынды тілімделген ұшында қысқа үшкірі болады. Себеттерінің диаметрі 1,5 см-ге дейін қуыс жалаңаш гүлтұғырда орналасады, гүлдеудің бас кезеңінде жартылай шар тәрізді, ал кейінірек ұзынша конус тәрізді болады. Себетінің жалпы орамасы шатырша тәрізді. Ораманың жапырақшалары көп қатарлы, доғал сарғыш жасылдау болады. Шеткі аналық гүлдердің ұзындығы 8-14 мм, ені 2,5-3 мм ақ түсті тілшелік күлтелерден тұрады, олардың саны себетте 12-17-ге дейін болады. Ортаңғы гүлдер екі жынысты, сары, түтікті тостағаншалары болмайды, күлтелері бес тілшелі болады. Гүл табаны конус тәрізді, жалаңаш қабыршақсыз және тістесіз ішкі жағы қуыс. Құрғақ себеттердің диаметірі 5-8-ге тең болады. Жемісі – тұқымша ұзындығы 1-2 мм және 0,2-0,30 мм, жанынан сығылған болып келеді, түстері қоңырлау, жасыл түсті айдаршасыз немесе әлсіз білінетін тісшелі тәждер болады.
Дәрілік түймедақтың табиғи өсіп жетілуі иен далаларда адам қоныстанған пунктерде, бақтарда, бақшаларда, дәндік және мәдени егістерде кездеседі.
Топырақ құнарлығына аз талапшан, жеңіл құмдық топырақтарда жақсы өсіп өнеді, бірақ жарықтану режіміне өте талапшыл келеді, өсіп, өну мен дамуға оптималды орташа тәуліктік температура 19°с және 21°с аралығында болады.Түймедақтың өте үлкен тереторияларға кең таралуға мүмкіндігі бар.
Дәрілік түймедақ дизьюктивті ареалды голарктикалық түр. Ресейде бірнеше ареал үзінділері арқылы кең таралған, олардың ең үлкендеріне европалық бөлім аумағы жатады, солтүстік, тайгалық, тундралық және жартылай шөл далалы аудандарда ол кем кездеседі.
Көптеген басқа бір жылдық шөптесін өсімдіктер сияқты дәрілік түймедақ спорадикалық жолмен өз ареалын шектері жағынан пайда етіп тұрады.
Өсімдіктің табиғатта 200-ге жуық түрі белгілі. Түймедақтың сары түсі де бар, дегенмен, ақ күлтелі түрі көп таралған. Түймедақтың табиғи түрі дәрілік қасиетімен жоғары бағаланады. Дегенмен, көбісі түймедақтың пайдасын біліп, шипалық мақсатта қолданбайтыны өкінішті.
Өсімдіктің сұрыпталған түрлерінің гүлі ірі болып келеді. Бойы аласа, гүлпарлы түрлері де бар. Сұрыпталған түрлерінің гүлдеу мерзімі ұзағырақ болады. Сұрыпына қарай маусымнан шілде айының соңына дейін гүлдейді. Алғашқы гүлдері сола бастаған кезде гүлсидамын қырқып тастаса, жаздың соңына қарай қайтара гүлдейді. Әрине, гүлі алғашқыдан сиректеу болады.
Түймедақ гүлін флористикада композиция жасауда пайдаланады. Өсімдікті көгалдандыруда гүлзарға жеке немесе топтап отырғызады.
Түймедақ гүлі топырақ талғамайды, дегенмен де молынан гүлдеуі үшін топырағы құнарлы болғаны дұрыс. Арам шөбін жұлып, түбін қопсытып тұру керек. Күнді жақсы көреді, бірақ алакөлеңкеде ұзағырақ гүлдейді. Сәуір айынан бастап, жауынды күнді ескермегенде, күн ара суғарып тұрған жөн.
Аула ерте көктемнен күзге дейін тұрақты гүлдеп тұрсын десеңіз, сүмбілшаш, құртқашаш, алтыншар, бақытгүлі, қашқаргүл т.б. гүлдермен бірге араластырып қатар-қатар егуге болады. Нәтижесінде, ауладағы өсімдіктер маусымнан қазанға дейін кезек-кезек гүлдеп адам жанын қуанышқа бөлейді. Мектеп пен балабақшаны көгалдандыруда да аталған гүлдерді егуге болады. Түймедақтың түбін жыл сайын көбейтіп тұрмаса, гүлдеуі нашарлап, гүлінің көлемі кішірейіп кетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет