Жертану Орал, 2018



бет2/45
Дата25.03.2022
өлшемі273,76 Kb.
#136817
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Факультатив Жертану
судың қасиеті, Қазақстан халқы, Саба жоспары Б лімі Атом рылысы, Саяси тәртіп, Assignments 3, 2 кесте
Пікір жазғандар:
Сергеева А.М.; Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің доценті, география ғылымдарының кандидаты.
Есенова Ж.Ж.; Шыңғырлау ОЖББ мектебінің география пәні мұғалімі.

Факультатив бағдарламасы күнтізбелік-тақырыптық жоспар бойынша құрылған. Авторлық бағдарлама орта мектеп мұғалімдеріне көмек ретінде ұсынылады. География пәні мұғалімдері 5 сыныптарға арналған факультативтік бағдарламаны көмекші құрал ретінде пайдалана алады.




Мазмұны:
1. Түсінік хат...............................................................................................3
2. Мазмұны..................................................................................................7
3. Күнтізбелік-тақырыптық жоспары.......................................................8
4. Сабақ жоспарлары................................................................................11
5. Пайдаланған әдебиеттер......................................................................66

Түсінік хат

Қазіргі кезде елдер арасында әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастар қарқынды дамуда. Сондықтан да мектеп оқушыларының дүние жүзі елдерінің табиғаты мен шаруашылығы жөнінде білім негіздерін қалыптастыратын пән ретінде географияның маңызы артады.


Қазіргі мектеп оқушылары өз елінің тарихы, табиғаты, экономикасы мен экологиясын біліп қана қоймай, дүние жүзі елдерінің тарихы мен табиғаты, экономикасы мен экологиясы, халықаралық байланыстары туралы да білулері керек, өйткені олар келешекте әлемнің көптеген елдерінде қызмет ететін болады.
Білімді, жан-жақты тәрбиелі, қабілетті жастар ұлтымыздың баға жетпес қазынасы, сондықтан жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде Жертанудың тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі зор.
Жертану бұл - адамзаттың ортақ үйі Жер ондағы түрлі табиғат кешендері: өзендер мен көлдер, таулар мен жанартаулар, мұхиттар мен теңіздер, шөлдер мен сарқырамалар, аралдар мен қалалар және олардағы тіршілік дүниесі мен шаруашылығы т.б туралы қызықты мәліметтермен таныстыратын курс болып табылады.
Курс халықаралық қатынас, әлемдік экономика, елтану, аймақтану, мәдениеттану, саясаттану, өнер, тарих сияқты мамандықтарды қалаған оқушыларға бағыт-бағдар, көмек береді.
Мақсаты: Жер беті табиғатының алуан түрлілігін, дүние жүзі табиғатында болып жатқан түрлі жаңалықтар мен құбылыстарды жан-жақты білуге, жас ұрпақтың бойында бала кезінен табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, оны қорғай білуге үйрету.
Ғалам, Күн жүйесі, Жер ғаламшары, оның қозғалысы, пішіні, беткі қабаты, магниттік қасиеттері жайлы, литосфера, гидросфера, атмосфера және оқушылардың өзі мекен еткен табиғи ортаның қадір-қасиетін жете түсіне білуге баулу, Жердің тірі қабаты туралы, қоршаған орта және адамның ондағы орны туралы білім қалыптастырады.


Міндеттері:

  • Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа жетелеу;

  • Оқушылардың танымдық және интеллектуалдық дағдыларын қалыптастыру;

  • Алған білімдерін дүние жүзінде болып жатқан ғаламдық экологиялық проблемалармен байланыстыра отырып, ол жөнінде өз ойларын, пікірлерін айта білуге үйрету

  • Өздік жұмыс жасауына ықпал жасау;

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын географияның бүгінгі таңдағы ғаламдық проблемалары мен түрлі табиғат құбылыстары мен табиғат кешендері туралы мәліметтер арқылы арттыру;

  • Географиялық карта, атластармен жұмыс жасай білуге, географиялық әдебиеттерден қажетті мәліметтерді жинай білуге дағдыландыру;





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет