Жертану Орал, 2018



бет45/45
Дата25.03.2022
өлшемі273,76 Kb.
#136817
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Факультатив Жертану
судың қасиеті, Қазақстан халқы, Саба жоспары Б лімі Атом рылысы, Саяси тәртіп, Assignments 3, 2 кесте
ІV. Сабақтыты бекіту:
Ойын. «Гүлдер теру»
1.Өсімдік мүшелерін ата.(тамыр, сабақ, топырақ, гүл, жеміс)
2.Сабақ өсімдікке неге керек? (Өсімдікті көтеріп ұстап тұрады)
3.Жемістің ішінде не болады? (тұқым)
4.Құрғақ жемістерге мысал келтір.(жаңғақ, бидай, тары)
5.Шырынды жемістерге мысал келтір.(қызанақ, қияр, бүлдірген)
Сөзжұмбақ шешу:
1.Айт десе жүгірмес,
Су тисе сілкінбес.(шөп)
2.Басына үлпілдетіп таққан шашақ,
Бұралып тал шыбықтай тұрған жасап.(қамыс)
3.Асты тақта,
Үсті тақта.
Ортасы жасыл мақта.(пісте)
4.Аласа ғана бойы бар,
Тоғыз қабат тоны бар.(сарымсақ)
5.Қыналы бармақ,
Жез оймақ.(бүлдірген)
6.Аспай піскен,
Қайнамай түскен.(жеміс)
7.Алыстан көрсем ақ тас,
Жақыннан көрсем дәмді ас.(күріш)
8.Бала-бала.балалар,
Мүйізінен су ішіп.
Таяғынан балалар.(тары)
9.Бойы бір қарыс,
Сақалы екі қарыс.(жүгері)
10.Көк лағым көгенде тұрып секіреді.(қарбыз)






















ш

Ө

П






















қ

а

м

ы

С














































п

І

с

т

Е



















с

а

р

ы

М

с

а

Қ

























б

ү

л

Д

і

р

г

е

н










ж

е

м

І

С

















































К

ү

р

і

Ш































Т

а

р

Ы

























ж

ү

г

Е

р

І





































қ

а

Р

б

ы

з










V. Үйге тапсырма:
1. Өсімдіктер туралы мақал-мәтелдер жазып келу.
VІ. Рефлексия:
Бүгінгі сабақ бойынша ойларын стикерге жазады.
- Сабақ ұнады ма?
- Қандай тапсырма орындаған ұнады?
- Қандай тапсырманы орындауға қиындық келтірді? (пікірлерін жазу)


Сабақ: 21
Тақырыбы: Еліміздегі мәдени өсімдіктер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға еліміздегі мәдени өсімдіктер жайлы түсінік беру.
Дамытушылық:Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету.Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: АКТ.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс тәсілдер: сұрақ-жауап.


САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ:
Адамдар үшін мәдени өсімдіктердің маңызы шексіз. Бау-бақшадағы, егін алқабындағы өсіп тұрған өсімдіктер азық-түліктің, дәрі-дәрмектің, мал азығының негізгі көзі.
Республикамызда мәдени өсімдіктер көп түрлі. Олардың арасында негізгі орында астық тұқымдастар-бидай, қарабидай, сұлы, жүгері, күріш, тары, және арпа. Олар Қазақстанның көп жерлерінде өсіріледі.

Табиғатта

Адам өмірінде

1.Топырақтың құнарлылығын арттыруда қатынасады.


2.Өсіп тұрған және қураған ағаштарды шірітеді.
3.Тамақтану шеңберінің бір құрамдас бөлігі.

1.Адамдардағы ауруды қоздырушы.


2.Биологиялық активті заттарды қалыптастырады.
3.Тағам.
4. Дәрі-дәрмек.

ІІІ. Сабақтыты бекіту:
5 жолды өлең. «Өсімдік»
ІV. Үйге тапсырма:

  1. Еліміздегі мәдени өсімдіктер туралы мәнжазба дайындау.



Сабақ: 22
Тақырыбы: Сарамандық жұмыс №2 «Жануарлар арасындағы қарым-қатынас»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғаттағы барлық жануарлар қоршаған орта жағдайымен, бір-бірімен байланыста тіршілік ететіні жайлы түсінік беру.
Көрнекілік құралдар: АКТ.
Сабақ түрі: Сарамандық жұмыс.
САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Сарамандық жұмыстың орындалуы.

  1. Берілген жануарлар топтарына мысал келтір:
    Бунақденелілер
    Қосмекенділер
    Сүтқоректілер
    Жорғалаушылар
    Құстар
    Балықтар

  2. Семантикалық карта

Жануарлар

мекені



қорегі



су

орман

шөл

шал-ғын

өсім-дік

бунақдене-лер

жырт-қыш

Қолтырауын






















Түйе






















Жылан






















Бақа






















Құс






















аю






















ІІІ. Үйге тапсырма:

  1. «Жануарлардың пайдасы мен зияны» тақырыбында эссе жазу.



Сабақ: 23
Тақырыбы: Табиғи қоршаған орта
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Ғаламшарымыздағы табиғи орта мен ондағы ағзалардың бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүруін, таралуын түсіндіру.
Дамытушылық:Жаңа технологияны меңгерту және қосымша тапсырмалар беру негізінде, логикалық ой-өрісті дамыту, білім деңгейін тереңдету, техникалық құралдар арқылы қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік:Тіршілік ортасы туралы түсінік бере отырып, табиғи ортаның алуан түрлілігін түсіне білуге үйретіп, эстетикалық тәрбие беру, экологиялық сауаттылыққа баулу.
Көрнекілік құралдар: АКТ, ғаламтор мәліметтері.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс тәсілдер: «Мұратқа жету» әдісі, баяндау.


САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ:
Тіршілік ортасы дегеніміз-тірі ағзалардың бір-бірімен байланысып өмір сүретін табиғаттың бір бөлігі.Біздің ғаламшарымызда тірі ағзалар 4 түрлі тіршілік ортасына бейімделген.
Олар:
1. сулы орта
2. жер беті
3. ауа ортасы
4. тірі ағзалардың өзі паразиттер жайлаған дүние
Бәсекелестік жағдайда тіршілік етіп, ол жердің табиғат жағдайына және ортасына бейімделуін адаптация дейміз.
ІІІ. Сабақтыты бекіту:

  1. «Географиялық диктант» жазу

Барлық тіршілік иесі үшін - …, …, …, … маңызды рөл атқарады.
Ғаламшарымыздағы … … алуан түрлілігі тірі ағзалардың көп түрлілігінен кем түспейді.Сүт қоректілердің ыстық ауа мен күресуде … ерекше рөл атқарады.
2. «Мұратқа жету» әдісі
Бәрекелді!
Мұратыңа жет!
Қызыға біл!
Ұмтылыс жаса!
Ниет қыл!
Құштар бол!
1) Күн суытқанда ұйқыға кететін жануар?
2) Күн суытқанда жылы жаққа ұшып кететін құстар?
3) Күндіз ұйықтап, түнде жортуылға шығатын құстар ?
4) Қай жануарлар түрінің ыстық ауамен күресуде құлағы ерекше рөл атқарады?
5) Қай жануарлардың қорегін тауып жеуі үшін сыртқы пішіні өзгерген?
ІV. Үйге тапсырма:

  1. Табиғи қоршаған орта туралы 5 тест сұрақтарын құру.

Сабақ: 24
Тақырыбы: Табиғат байлығы
Сабақтың мақсаты:Адамның табиғаттағы алатын орны туралы білім бере отырып, оқушыларды экологиялық салауаттылық пен экономикалық сауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: АКТ, табиғат туралы суреттер.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс тәсілдер: Сұрақ-жауап, топтық, жеке жұмыс.
САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Табиғат туралы қиылған суреттерді құрастыру арқылы оқушылар топқа бөлінеді.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Сұрақ-жауап:

  1. Тіршілік ортасы деген не?

  2. Бейімделу дегенді түсіндір.

  3. Жануарлар мен өсімдіктер тіршілік ортасына қалай бейімделеді?

ІІІ. Жаңа сабақ:
Табиғаттың адам үшін маңызы қандай? Оқушылар топта ақылдасады, жауап береді. Топтық жұмыс, сыни ойлау.
Мағынаны тану: Әр топқа мәтіндегі тақырыптарды бөліп беру және қосымша мәліметтерді тарату.
1 топқа-Табиғаттың ғылымдық маңызы
2 топқа-Табиғаттың сауықтыру маңызы
3 топқа-Табиғаттың тәрбиелік маңызы
4 топқа-Табиғаттың эстетикалық маңызы
5 топқа-Табиғаттың өндірістік және экономикалық маңызы.
Әр топ өздеріне берілген тақырыпшалар мен және қосымша мәліметтермен танысып шығады да флипчартта бейнелейді.
ІV. Сабақтыты бекіту:
Оқушыларға 5 жолды өлең стратегиясы бойынша тапсырма беріледі. 5 жолды өлең стратегиясын қолдану арқылы оқушылар жеке жұмыс жасайды.
V. Үйге тапсырма:
1. Табиғат туралы бір шумақ өлең жазып келу.


Сабақ: 25
Тақырыбы: Қазақстанның қорықтары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Қазақстанның қорықтарын туралы білім беру.
Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастыра отырып, табиғатты қорғауға, аялауға, сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: АКТ, Қазақстанның физикалық картасы.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс тәсілдер: Сұрақ-жауап, баяндау, тест.
САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ:
Өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын тұтас табиғи аймақты- қорықтар деп атайды.
Қорық-ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Қорық аумағын шаруашылық мақсат үшін пайдалануға болмайды. Саны сиреп бара жатқан жануарлар мен қоры азайып кеткен өсімдік түрлерін қалпына келтіру мәселесі терең зерттеледі. Қорықтағы табиғи ресурстарды сақтаудың жолдары белгіленеді. Қазақстанда Ақсу-Жабағылы қорығы, Алматы қорығы, Барсакелмес қорығы, Қорғалжын қорығы, Марқакөл қорығы, Наурызым қорығы, Үстірт қорығы, Алакөл, Батыс-Алтай, Қаратау қорықтары бар.
Бұл қай қорық?
1. Маңғыстау облысында орналасқан қорық? (Үстірт)
2. «Ән салғыш құмдар» құмды төбесі бар қорық? (Алматы)
3. Екі өзеннің атауынан құрылған қорық? (Ақсу - Жабағалы )
4. Суда жүзетін құстарды қорғау мақсатында құрылған қорық?
(Қорғалжын)
5. «Аралий» дәрілік өсімдігі кездесетін қорық? (Марқакөл)
6. Шөлейтті аралда орналасқан қорық? (Барсакелмес)
7. Жаңа қорық? (Қаратау)
ІІІ. Сабақтыты бекіту:


Тест
1. Қазақстанда неше қорық бар?
А)8 Б)5 С)9 Д)10 Е)20
2. Қорғалжын қорығы қай жерде құрылған?
А) Астананың қасында Б)Алматының қасында С)Арал теңізінің қасында Д)Торғай облысында Е)Қаратаудың жанында
3. Барсакелмес қорығы қай жылы құрылды?
А)1930 Б)1935 С)1968 Д)1939 Е)2004
4. Алматы қорығы қай жерде құрылған?
А) Астана облысында Б)Алматы облысында С)Арал теңізінің қасында Д)Торғай облысында Е)Қаратаудың жанында
5. 1939 жыпы қандай қорық құрылды?
А)Алматы Б)Ақсу-Жабағалы С)Қорғалжын Д)Барсакелмес Е)Науырзым
6.Ақсу- жабағалы қорығы қай жылы құрылды?
А)1930 Б)1935 С)1926 Д)1939 Е)2004
7. 1992 жылы қай қорық құрылды?
А)Алматы Б)Ақсу-Жабағалы С)Қорғалжын Д)Батыс Алтай Е)Науырзым
8. Қорғалжын қорығы қай жерде құрылған?
А) Астана қаласынан 140 км жерде облысында Б)Алтайда С)Арал теңізінің қасында Д)Торғай облысында Е)Қаратаудың жанында
9. 1998 жылы қандай қорық құрылды?
А)Алакөл Б)Ақсу-Жабағалы С)Қорғалжын Д)Қаратау Е)Науырзым
10.Үстірт қорығы қай жерде құрылды?
А) Астана облысында Б)Алтайда С) Маңғыстау облысында Д)Торғай облысында Е) Қаратаудың жанында
ІV. Үйге тапсырма:

  1. Әр оқушыға Қазақстанның қорықтары туралы қосымша мәлімет әкелу тапсырылады.



Сабақ: 26
Тақырыбы: Қызыл кітап
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларға «Қызыл кітап» және оның рөлі жайында мағлұмат беру.
Дамытушылық:Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар бере отырып, қызығушылықтарын, ой-өрістерін, ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік:Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын білдіре алуға, алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білугетәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: АКТ, Қазақстанның физикалық картасы.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс тәсілдер: Баяндау, сұрақ-жауап.
САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ:
«Қазақстанның Қызыл кітабы»-Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 жылы жарық көрді. «Қазақстанның Қызыл кітабының» екінші бөлімі 1981 жылы өсімдіктерге арналып шығарылды.
Бірінші басылым
«Қазақстанның Қызыл кітабының» бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі категория бойынша: А категориясы-жойылып кету қаупі төнген түрлер;
Б категориясы-сирек кездесетін түрлер деп берілді. «Қазақстанның Қызыл кітабының» жануарларға арналған бірінші басылымында омыртқалы жануарлардың 87 түрі: балықтың 4, қосмекенділердің 1, бауырымен жорғалаушылардың 8, құстардың 43, сүтқоректілердің 31 түрі тіркелді. 1991 жылы.
Екінші басылым
«Қазақстанның Қызыл кітабының» толықтырылған екінші басылымы шықты. Кітаптың екінші басылымына омыртқалы жануарлардың 129 түрі мен түр тармақтары тіркелді. Онда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 10, құстардың 58, сүтқоректілердің 42 түрі мен түр тармақтары туралы мәліметтер берілген. «Қазақстанның Қызыл кітабының» екінші басылымында алғаш рет омыртқасыз жануарлардың 105 түрі берілді, онда жәндіктердің 96, шаян тәрізділердің 1, ұлулардың 6, құрттардың 2 түрі туралы деректер тіркелген. 1996 жылы.
Үшінші басылым
«Қазақстанның Қызыл кітабының» үшінші басылымы қайта өңделіп, әрі толықтырылып, қазақ тілінде шықты. Бұл үшінші басылымның бірінші томы «Жануарлар», оның бірінші бөлімі «Омыртқалылар» деп аталды. Онда омыртқалы жануарлардың 125 түрі мен түр тармағы туралы деректер берілген. «Қазақстанның Қызыл кітабының» үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша:
«Қазақстанның Қызыл кітабының» әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.
ІІІ. Сабақтыты бекіту:
«Ыстық орындық» әдісі.
ІV. Үйге тапсырма:

  1. «Қазақстанның Қызыл кітабы» туралы презентация дайындау.



Сабақ: 27
Тақырыбы: Біздің ауыл
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушыларды ауыл тұрмысының ерекшеліктерімен таныстырып, ауыл мекемелерінен хабардар ету.
Дамытушылық:Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар бере отырып, қызығушылықтарын, ой-өрістерін, ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік:Еңбексүйгіштікке баулу, өз елінің байлығын дұрыс пайдалануға үйрету.
Көрнекілік құралдар: АКТ, Қазақстанның физикалық картасы, Шыңғырлау ауданының картасы.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс тәсілдер: Баяндау, «Үш түрлі күнделік толтыру».
САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ:
Географиялық орны:
Шыңғырлау ауданы Батыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде орналасқан. Аумағы-7,2 мың шаршы шақырым. Аудан тұрғындарының саны 2014 жылдың 1 қаңтарында 15317 адамды құрайды. Орташа қоныстану тығыздығы-1 шаршы шақырымға 2,7 адам. Ауданнан бірнеше өзен ағып өтеді, олардың үлкендері Елек, Утва, Ащы, Шилі, Сарқырама өзендері жалпы ұзындығы 350 шақырымды құрайды. Сонымен қатар көлдерде бар, олар: Соркөл, Қонақай, Слукөл, Шанды. Сонымен қатар республикалық және халықаралық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілерінің, сондай-ақ республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған айрықша экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де құндылықты білдіретін Сарқырама және Аққұм жер қойнаулары бар.
Бүгінде Шыңғырлау ауданының жер көлемі 7,2 мың шаршы шақырымды алып жатыр, яғни 720 мың гектарды құрайды. Ол облысымыздың солтүстік-шығысында орналасқан және солтүстігінде Ресейдің Орынбор облысы, шығысында Ақтөбе облысы Қобда ауданымен, оңтүстігінде БҚО Қаратөбе, Сырым аудандары және батысында Бөрлі аудандарымен шектеседі.
Ауданның орталығы-Шыңғырлау селосы. Ауданда екі шекара өткізу бекеті орналасқан. Ауданның бір аумағы Ресей Федерациясымен шекараласқан. Елек өзенінің жалпақтығы 10 метр, ауданды Ресей Федерациясының, Орынбор облысының, Елек және Тұз-төбе аудандарын бөліп тұр. Аудан құрамына 8 әкімшілік-аумақтық бөлініс-Алмаз, Ақбұлақ, Ащысай, Белогор, Полтава, Лубен, Қарағаш, Шыңғырлау селолық округтері кіреді.
ІІІ. Сабақтыты бекіту:
«Үш түрлі күнделік толтыру»

Мәтіннен ерекше әсер еткен немесе ой салған дәйек сөз жазу

Жеке түсінік беру (ол сөздерді неге жаздың? Қандай ой тудырды)

Қандай нәтижеге келдің








ІV. Үйге тапсырма:

  1. «Шыңғырлауым-сәнді өлкем» эссе дайындау.



Сабақ: 28
Тақырыбы: Өлкенің табиғаты
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Шыңғырлау ауданының табиғаты туралы білім алады.
Көрнекілік құралдар: «Шырайлы Шыңғырлау» кітабы, видеоролик, слайд.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс тәсілдер: Баяндау, пікір айту, сұрақ-жауап.
САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу.
ІІ. Жаңа сабақ:
Ұлы байтақ даламыз Қазақстанның бір бөлігі-Жер Ана төсіне табан тіреген Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы.
Алыста жүрсем аңсарым менің
Шөліркей қалсам кәусарым менің
Кеудемде жүрек сағына жаздап,
Сүйемін сені, Шыңғырлауым менің!
Шыңғырлау ауылын Ресей мемлекетімен Елек өзені ғана бөліп жатыр. Ара қашықтығы 3 км болады.
Біздің өңіріміз көркімен көз суырар табиғатсұлулығына ие өлке. Әлем кереметінің саны жетеу болса, Шыңғырлау мекенінің кереметі де жетеу. Жеті санының киелілігі ме, әлде жердің киелілігінен бе, әйтеуір «Жеті керемет» бары баршаға аян.

  1. Тарихқа тұнған Торыатбас

  2. Көкке шаншылған Қыземшек

  3. Сағымдай шағылған Аққұм

  4. Еркелей ағатын Елек

  5. Күмістей жарқыраған Сарқырама

  6. Шоқтығы биік Шоқайтерек

  7. Тарихтан сыр шерткен мекенЕлекшар

ІІІ. Сабақтыты бекіту:
Ой қозғау.
«Ауылымның келешегі, менің болашағым»

  1. Сен ауылың үшін не істер едің?

  2. Сен ауыл дәрігері болсаң…

  3. Сен кәсіпкер болсаң…

ІV. Үйге тапсырма:

  1. Шыңғырлау ауданының тарихы туралы мәлімет әкелу.



Сабақ: 29
Тақырыбы: Туған жер шежіресі тарихына шолу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ауыл тұрмысының ерекшеліктерімен таныстырып, ауданымыздың тарихы туралы білім беру.
Көрнекілік құралдар: «Шырайлы Шыңғырлау» кітабы.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс тәсілдер: Баяндау, пікір айту, сұрақ-жауап.
САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгендеу.
ІІ. Жаңа сабақ:
Бүгінгі Шыңғырлау ауданы көлемінде нақты зерттелген, тұжырымдар жасалып, тарихи және мәдени мұра мәртебесі берілген 183 археологиялық ескерткіштер жиынтығы бар. Бұлардың барлығы арнайы қатталып, бірнеше тарихи басылымдарға шықты. Дегенмен біз өз оқырманымызға осы жәдігерлерді тарихи деректерге сүйене отырып, тағы бір сарапқа салып өтіп, өз өңіріміздің қазақ тарихындағы өзіне тиесілі орнын анықтап беру.
Тарихи терминде прохоровтық және щиповтық деген мәдени-хронологиялық кезеңдерге жататын ерте темір дәуірінің ескерткіш обалары да біздің өңіріміздің Лебедёвка ауылы мен Елекшар маңындағы қазбалардан табылып отыр. Оңтүстіктегі Егіндікөл ауылынан Лебедевкаға дейін құлаш жайған Есен-Амантау үстіртіндегі көшпелілер тұрғызған жүздеген обалар, осы үстірттің батысынан шығысқа қарай бір шақырымға созыла орналасқан оба-қорғандар тізбегі мен Лебедевка бейітінің тіктөртбұрышты сағана-ғибадатханалары жатыр.
ІІІ. Сабақтыты бекіту:
Б.Ү.Ү. кестесі

Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді










ІV. Үйге тапсырма:

  1. Шыңғырлау ауданынан шыққан тарихи тұлғалар туралы қосымша мәлімет әкелу.

Сабақ: 30
Тақырыбы: Шыңғырлау ауылының топонимикасы
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға Шыңғырлау ауылының топонимикасы туралы білім бере отырып, еңбексүйгіштікке баулу, өз елінің байлығын дұрыс пайдалануға үйрету.
Көрнекілік құралдар: «Шырайлы Шыңғырлау» кітабы, бейнефильм.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс тәсілдер: Баяндау, пікір айту, сұрақ-жауап.
САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ:
Топонимика-ономастиканыңжер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын,грамматикалық,фонетикалық пішінін, жазылуы мен екінші бір тілде берілуін зерттейтін құрамдас бөлігі. Бұл гректің «топос»-орын, жер, «онома»-атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз.
Ертеде бір хан болыпты. Оның көп уақыт балалары болмапты. Бір күні дүниеге қыз келеді. Ол қыз дүниеге күліп келгендіктен атын «Сыңғырла» қояды. Хан жалғыз қызын елге ер бала деп,қызды еркекше киіндіріп, ерекшора қылып өсіреді. Бір күні қыз далада қыдырып жүріп малшы жігітпен танысады. Сөйтіп олар бірін – бірі ұнатып, кездеіп жүреді. Бұны естіген ханның нөкерлері осы жағдайды ханға жеткізеді. Жігіттің кедей екенін білген хан оны биік жартастың жанындағы суға алып барып, басына қапшық орап,тас салып өлтіруді бұйырады. Жігітті өлтіргелі жатқанда қыз мұны көріп қалады. Бірақ ханның нөкерлері қызды тоқтатып, жігітті суға итеріп жібереді. Содан соң қыз күнде осы жерге келіп жылайтын болған. Жігітке деген махаббаты соншалық, күндердің бір күнінде өзі де дәл солай басына қапшық орап, ауыр тас салып, суға секіріп өледі. Қыз өлген соң сол өзен арнасына сыймай сыңғырлап барлық жаққа ағатын болған. Содан соң сол өзеңді қыздың есімімен атап кетеді. Яғни, «Сыңғырла» деп, заман өте келе «Сыңғырла» сөзі «Шыңғырлауға» айналған. Міне, «Шыңғырлау» өзенінің шығуы осылай болса керек
Негізінен, бұндағы көрікті жерлер жөнінде бірнеше аңыз бар. Сондай аңыздардың бірі: Заманында алдына қара салмаған, теңдесіз жүйрік ат болыпты. Бірде бәйгеге жүйрігін қоса келген атбегі,әрі сері жігіт сайгүлігіне бөлек отау тіктіріп, ішіне бір астау сүт, бір астау су қойыпты. Бәйгеден соң жүйрігін сонда кіргізіп, сыртынан күзет қойыпты. Десек те, қапысын тапқан бір әйел жабық астынан сығалап, жүйрік торының қанаттарының бірін суға, бірін сүтке батырып, жусап тұрғанын көреді. Шегін тартып таңданған әйелдің оғаш дауысынан шошынған тұлпар шыңғыра кісінеп, сол арада жан тапсырыпты. Бір рулы елдің маңдайына басқан сайгүлігі мерт болған, шыңғырып барып үзілген жер Шыңғырлау болса керек. Туған жеріне ел болып арулап,көнген жылқының орнында бүгінгі «Торыатбас» деген тау белгі болып қалған. Атының тас болып қатқанын көрген жігіт егіле жылайды. Көп ұзамай жігітте өледі. Жігіт өлген соң қыз жігіттің құрал-саймандарын бір жерге көмеді. Бұл жерде үлкен тау пайда болады. Бұл «Қылыштау» деп аталады.
Қыз жылай-жылай көзінің жасы көл болып ағады. «Шыңғырлау» өзені қыздың көз жасынан пайда болған деседі. Ал, қыздың шаршап-шалдығып барып көз жұмған жері «Қыземшек» деп аталады.
«Торыатбас», «Қылыштау», «Шыңғырлау», «Қыземшек» деген жер-су атаулары осы аңыздан қалған деседі.
ІІІ. Сабақтыты бекіту:
«Кішкентай адам»
1. Басымызды қандай білімдермен толықтырдық?
2. Жүрегімізге қалай қабылдадық?
3. Қолымызбен не істей аламыз?

ІV. Үйге тапсырма:

  1. «Торыатбас», «Қылыштау», «Шыңғырлау», «Қыземшек» туралы презентация дайындау.



Сабақ: 31
Тақырыбы: Өсімдігі мен жануарлар дүниесі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Шыңғырлау ауданындағы өсімдігі мен жануарлар дүниесі тіршілік ететіні жайлы түсінік беру.
Көрнекілік құралдар: «Шырайлы Шыңғырлау» кітабы, Шыңғырлау ауданының картасы.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс тәсілдер: Баяндау, «пицца» әдісі.
САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ:
Облысымыздың батыс бөлігінде созылып жатырған Шыңғырлау ауданы-қайталанбас табиғи ескерткіштерімен талай аңызға, ән-жырға арқау болған өңір.
Қараағаш мекені
Қараағаш мемлекеттік өндірістік аңшы шаруашылығы 1971 жылы құрылған. Бұлдырты өзені басталар құмды алқап және Бұйғыл құмдарының бір бөлігі кіреді. Аумағы-17,7 мың гектар.
Аңшы шаруашылығы территориясында 138 өсімдік түрі, 20-ға тарта сүтқоректі, 50-ге тарта далалық және дендрофильдік құс түрі, 6 бауырымен жорғалаушы, сонымен қатар облыстың сирек және жойылып бара жатқан түрлер тізіміне ұсынылған алып соқыр тышқан, ақбас тырна, дала қыраны, үкі, безгелдек, дуадақ кездеседі.
Қандықты мекені. Орал-Ақтөбе тас жолының солтүстігіндегі Қандықты ауылы маңында, Алмаз ауылдықокругінің территориясында аумағы 100 гектардан астам ботаникалық Қандықты мекені орналасқан. Мекен шағын 3 тоғайдан тұрады. Бұл телімдерде шымтезекті-батпақты топыраққалыптасқан. Орман ағаштары астында шәңгіш, күйрек қаражеміс, долана, мамыр итмұрыны өседі. Ағаштар мен бұталы өсімдіктер құлмақ өсімдігімен шырмалған.
Жаршағыл аршалары. Жаршағыл құмды алқабы облыс территориясында реликт өсімдік-казацк аршасы кездесетін санаулы құмды аймақтың бірі. Жаршағыл құмдары Бұлдырты өзенінің басталатын жеріндегі аймақты алып жатыр. Арша жерге жайыла өсіп, диаметрі 30-35 және одан да көп метрге дейін жетеді.
Сегізсай мекені. Қуағаш өзені аңғарының батыс беткейі 8 терең саймен тілімденген. Жеті сайда қайыңды-көктеректі орман сақталған. Бұл жерлерде қайың өсімдіктерімен бірге итмұрын, каспий талы, қарабүлдірген және басқа бұталы өсімдіктер кездеседі. Кей жерде тобылғы мен тал бұршақ өседі.
Қуағаш мекені. Қуағаш өзені жайылмасында ағашты-бұталы өсінділер белдеу түрінде таралады. Өзен арнасы маңында биіктігі 2 м-ден асатын қамыс өсінділерімен бірге талды өсінділер таралады. Құмды алқапқа жақындаған сайын жайылма орман сиреп, бірен-саран қайың өсінділері барқанды құмдарға жақын өседі. Жергілікті тұрғындар осы жерлерде мол болатын қара бүлдірген жемісін жинайды.
ІІІ. Сабақтыты бекіту:
«Пицца» әдісі
Сұрақтары:

  1. Қараағаш мемлекеттік өндірістік аңшы шаруашылығының құрылған жылы?

  2. Қандықты мекені неше тоғайдан тұрады?

  3. Итмұрын, каспий талы, қарабүлдірген өсетін елді мекен?

  4. Қай территорияда реликт өсімдік-казацк аршасы таралған?

ІV. Үйге тапсырма:

  1. Ауданымыздың өсімдігі мен жануарлар дүниесі туралы фота альбом жасақтау



Сабақ: 32
Тақырыбы: Ауылым темір қазағым
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың туған жерге, туған ауылға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу. Туған ауылдың өткен тарихын біле отырып, қазіргі ауыл өмірін зерттеу және ауылдың болашағын оқушылар көзімен болжау.
Көрнекілік құралдар: «Шырайлы Шыңғырлау» кітабы, Шыңғырлау ауданының картасы.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Әдіс тәсілдер: Баяндау.
САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа сабақ:
Бабалардың білмей келдік мың ісін,
Сол заманның сезгендеймін тынысын.
«Қобыланды осы жерде аялдап,
Тастап кеткен,-деседі жұрт қылышын».
Бұл аңызды айтпаған ғой бекер ел,
Туған жерде із қалдырмай өтер ме ер?!
Не десек те,
Мынау алып қылышты
Қобыланды шығар ғана көтерген.
(Ғайса–Ғали Сейтақ)
Шыңғырлау ауданы да ұлан-байтақ жеріміздің, ұлы тарихымыздың бір бөлшегі, қойнауы құпияға, бабаларымыздан қалған аңыз-әңгіме, ескерткіш-жәдігерлерге толы өңір.
Шығармашылық жұмыс:
І топ «Тілшілер» тобы («Шыңғырлау» сөзіне синквейн құрастыру)
ІІ топ «Тарихшылар» тобы (Шыңғырлау тарихы)
ІІІ топ «Географтар» тобы ( Шыңғырлау ауданының географиялық орны)
Отты жылдарда: (музыка әуенімен)
Ұлы Отан соғысының отты жылдарында Шыңғырлаудың колхоздары майдан қажеті үшін өнімді еңбек етті. Жалпы аудан өңірінде ең ауыр, жауапты болған кезең Ұлы Отан соғысы жылдары болды. Соғыста шыңғырлаулықтар басқалармен қатар Москваны, Ленинградты, Беларуссияны, Қырымды қорғады. Солардың қатарында ауылдастар да бар еді. Атап айтсақ. Сүндетқали Есқалиев, В.Тихоненко аталарымызды мақтан етеміз.
Қазіргі ауыл жетістіктері:
Біздің ауылымыз қазір көркейіп келе жатыр. Үйлерге, мекемелерге көгілдір отын өткізіліп, интернет жүйесі әр үйге қосылды. Және ауданымызға ауыз су өткізіліп жатыр. Аға-апаларымыз егін мен мал шаруашылығына көп көңіл бөліп отыр. Балаларға арналған демалыс саябақтары, лагерлер салынып, жағдайымыз күннен күнге жақсарып келеді.
ІІІ. Сабақтыты бекіту:
«Шыңғырлау гимні» әнін хормен орындайды.
Барлығы хормен:
Туған жерді сүйеміз,
Ауылды көркейтеміз! Сабақтың соңы.
ІV. Кері байланыс:
Бүгінгі сабақтан алған әсері туралы стикер қағаздарға жазып, тақтаға іледі.


Сабақ: 33
Тақырыбы: Сарамандық жұмыс №3 «Қоршаған орта»
Сабақтың мақсаты:Қоршаған ортаның қадірін түсініп, оны бағалап қорғай білуге үйрету. Әр оқушының жеке қабілеттерін ашып дамытуына қажетті жағдай жасау. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгерту.
Көрнекілік құралдар: АКТ.
Сабақ түрі: Сарамандық жұмыс.
САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.
ІІ. Сарамандық жұмыстың орындалуы.
1 тапсырма:
«Табиғат» сөзіне ассоциациялық тізбек құрастыру.
2 тапсырма:
«Қоршаған орта» туралы суретпен жұмыс.деңгейлік тапсырмалар. Жазбаша жұмыс алған білімдерін, ойларын жинақтап, тұжырымдау. Интерактивті тақтадағы суретке көңіл аудару.
1-топ. Берілген сурет бойынша сөйлемдер құрап жазады.
2-топ. Берілген сурет бойынша шағын әңгіме құрайды.
3-топ. «Табиғатты қалай қорғау керек?» деген тақырыпқа өз ойларын жазады.
ІІІ. Үйге тапсырма:

  1. Жыл бойына өтілген тақырыптарды қайталау.



Сабақ: 34
Тақырыбы: Қорытынды сабақ
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың туған жерге, туған ауылға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін тәрбиелеу. Туған ауылдың өткен тарихын біле отырып, қазіргі ауыл өмірін зерттеу және ауылдың болашағын оқушылар көзімен болжау.
Көрнекілік құралдар: АКТ.
Сабақ түрі: Қорытынды сабақ.
Әдіс тәсілдер: Тест.
САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару.
1 нұсқа
1. Ғарыштық денелер дегеніміз не?
А) Жердің шегінен басқа денелерді атайды Б) Қоршаған денелер
С) Табиғатты оқып үйрену
2. Жаратылыстану ұғымы қандай сөздерден тұрады?
А) Оқу және үйрену Б) Табиғат және тану С) Жаратылыстану
3. Жұлдыз дегеніміз не?
А) Бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұратын аспанның жарық денесі Б) Қатты денелерден тұратын өте суық шар С) Кометалардың бір түрі
4. Галактика дегеніміз не?
А) Ғарыштық кеңістік Б) Жеке жұлдыздар тобы С) Аспан денелері
5. Күн дегеніміз не?
А) Балқылған ыстық газды дене Б) Галактикалық жыл С) Ғарыштық кеңістік
6. Табиғатты танудың әдісі?
А) Қарым-қатынас жасау Б) Шыдамдылық С) Тәжірибе
7. Табиғаттағы құбылыс?
А) Жанартау (вулкан) атқылауы Б) Жылдық маусымдардың өзгеруі С) Күннің шығуы
8. Жұлдызды аспанды зерттеуде үлкен үлес қосқан органикалық ғалым?
А) Ұлықбек Б) Коперник С) Персей
9. Қазіргі кезде астрономдардың есептеуі бойынша қанша шоқжұлдыздар бар?
А) 88 Б) 105 С) 63
10. Ең жақын Галактика?
А) Пегас Б) Цефрей С) Андронеда
11. Жер мен Күннің орташа арақашықтығы?
А) 100 млн км Б) 150 млн км С) 195 млн км
12. Ғаламшарлардың Күнді айналып өтетін сызығын қалай атайды?
А) Сақина Б) Орбита С) Шар
13. Дүние жүзіндегі ең терең көл:
А) Байкал Б) Каспий С) Балқаш
14. Ауданы жағынан ең үлкен арал?
A) Жаңа ГвинеяБ) ГренландияC) Мадагаскар
15. Жер шарында неше материк бар?
A) 3 Б) 4 С) 6
16. Тау жынысы дегеніміз?
А) жанартаудың әсерінен пайда болған лава Б) жер қыртысын қалыптастырушы тығыз және борпылдақ массалар жиынтығы
С) жер қыртысын түсетін жыныстар
17. Экатордың ұзындығы неше шақырым (км)?
А) 40 000 км Б) 63 780 км С) 39 960 км
18. Өзеннің басталар жерін....
А) саға Б) бастау С) жайылма
19. Мұхиттардың ең терең жерін не дейді?
A) Бұғаз Б) ШұңғымаC) Шығанақ
20. ҚР қай материкте орналасқан?
А) Еуразия Б) АфрикаС) Антарктида
2 нұсқа


1. Табиғат құбылысына не жатады?
A) Күннің шығуы Б) Шыныны балқыту C) Метал өңдеу
2. Телескопты ойлап тапқан, ағылшын оқымыстысы?
A) Герард Меркатор Б) Галилео ГалилейC) Иоганн Кеплео
3. Бірнешемың градус температурағадейінқызыптұрғанаспанныңжарықденесі?
A) Ай Б) ЖұлдызC) Күн
4. Жеке жұлдыздардыңтобын не деп атаймыз?
А) Галактика Б) ПланетаC) Жұлдыздыаспан
5. Күнжүйесіненешеғаламшаркіреді?
A) 5 Б) 17C) 8
6. Алғашқықазақғарышкерікім?
A) ТоқтарӘубәкіров Б)ТалғатМұсабаевC) Юрий Гагарин
7. 1 тәуліктенешесағат бар?
A) 12 Б) 48C) 24
8. Аспанденелеріарасындағыжергееңжақыны?
A) Ай Б) КүнC) Шолпан
9. Экватордегеніміз не?
А) Жердің өз осінен айналуы Б) Географиялық ендіктер С)Жердің дәлортасынан 0 депалып шарттытүрдежүргізілген сызық
10. Жер бетін зерттейтін ғылым?
A) География Б) Биология C)Ботаника
11. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен?
А) Амазонка Б) НілС) Енисей
12. Табиғатта су қанша күйде болады?
А) 2 Б) 4С) 3
13. Планетамыздағы суларды ғалымдар қалай атайды?
А) ГидросфераБ) БиосфераС) Атмосфера
14. Солтүстік және оңтүстік полюсті байланыстыратын сызық:
А) паралель Б) меридиан С) экватор
15. Нөлдік меридиан төмендегі қалалардың қайсысы арқылы өтеді?
А) Мәскеу Б) Париж С) Лондон
16. Жердің толық ішкі құрылысы:
А) Литосфера Б) ядро, мантия С) жердің қыртысы, мантия, ядро
17. Шығу тегі жағынан шөгінді, жанғыш тау жынысы:
А) әктас Б) тас көмір С) гранит
18. Дүние жүзінде неше мұхит бар?
A) 12 Б) 4 С)5
19. Ішкі теңіздерді көрсет:
А) Араб, Охот Б) Балтық, Жерорта С) Кариб, Жапон
20. Теңіз дегеніміз?
А) материктер мен аралдар арқылы бөлініп жатқан мұхиттың бір бөлігі Б) мұхит суларының құрлыққа сүйірлене немесе тереңірек ішке қарай енген бөлігі С) материктердің ішіндегі тұйық сулы өлке
Тест сұрақтарның кілті


1 нұсқа 2 нұсқа
1.А 1.А
2.Б 2.Б
3.А 3.С
4.Б 4.А
5.А 5.С
6.С 6.А
7.Б 7.С
8.А 8.Б
9.А 9.С
10.Б 10.А
11.Б 11.Б
12.Б 12.С
13.А 13.А
14.Б 14.Б
15.С 15.С
16.Б 16.С
17.А 17.Б
18.Б 18.Б
19.Б 19. Б
20.А 20.А


Пайдаланған әдебиеттер:



  1. Н.П.Неклюкова «Жалпы Жертану» Мектеп, 1980 жыл [1-20 б].

  2. С.Ә.Әбілмәжінова «Жалпы Жертану» Алматы: 2012 жыл [45 б.]

  3. География және табиғат: ғылыми-педагогикалық журнал № 3 2010 жыл [33 б].

  4. «Ғаламдық география», «Кітап баспасы» Алматы 2006 жыл [35-37 б].

  5. Биология, география жəне физика: ғылыми-əдістемелік педагогикалық журнал Алматы, 2010 жыл [20-23 б].

  6. А.Ф.Ковшарь «Қазақстанның қызыл кітабы беттерінен. Омыртқалы жануарлар» Алматы: Алматыкітап ААҚ 2004 жыл [20-23 б].

  7. А.Ф.Ковшарь., А.А.Иващенко «Заповедники Казахстана» Алматы: Наука 1989 год.[54-55 б].

  8. Ә.Бейсенов., А.Смақова «Экология және табиғатты тиімді пайдалану» Алматы, 2004 жыл [73-76 б].

  9. С.Р.Ердавлетов «Казахстан туристический»Алма-Ата: Кайнар,1989 год. [ 14-15 б].

  10. Қазақстан географиясы жəне экология: мектепте жəне ЖОО-да оқыту республикалық ғылыми-əдістемелік журнал №5, 2003 жыл [15 б].







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет