Жетпісбай бекболатұЛЫ



Pdf көрінісі
бет4/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

(айталық,  саяси  тұлғаның,  мекеменің, 
ұйымның,  т.б.)
 
мұраттарынан,  құндылықтары  мен  талап-талғамынан 
жұртшылықпен байланыстың мақсаттары туындайды. Қоғаммен байланыстың 
мақсаты,  белгілі  теоретик  С.Блэктің  пайымдауынша,  субьектінің  мақсатты 
жұртшылықпен келісімге келуі, яғни екі жақтың ақиқатқа, толық хабардарлық 
пен  білімге  негізделген  тең  құқықты  өзара  сұхбат  орнатуы  болып  табылады.   
PR  мақсаттарына  сәйкес  ішкі  (мекеме  қызметкерлері)  және  сыртқы  өзара 
байланыстарды  жолға  қою  жөніндегі  бағдарламалар  мен  іс-шаралары 
жасалады. 
 
Қоғаммен  байланыстың  негізгі  міндеттері  ретінде,  әдетте,  мына 
төмендегілер көрсетіледі:
 

Мекеменің 
оны 
қоршаған 
әлеуметтік 
ортамен 
байланысын 
(коммуникациясын)  қамтамасыз  ету  арқылы  қоғамның  толыққанды  мүшесі 
ретіндегі мекеме бейнесін-образын қалыптастыру;
 
-  Бәсекелестік күресте озық позицияларды қамтамасыз ету;
 
-  Мекеменің қоғамға әсерін ұлғайту;
 
-  Беделді,  белгілі  де  ықпалды  саясаткерлер,  ғалымдар,  өнер,  мәдениет, 
ғылым-білім қайраткерлері арасындағы мекеме достарының ауқымын кеңейту;
 
-  Ұйымның өз ішінде жағымды психологиялық көңіл-күй ахуалын орнату.
 
Қарым-қатынастарды үйлестіруге бағытталған PR-дың басты міндеттерінің 
бірі  дағдарысты  ахуалдарды  шиеленістірмей  шешу  және  олардың  алдын  алу 
болып табылады, мұның өзі ықтимал қауіпті біліп-сезіп отыруды және туындай 
қалған жағдайда оны жою жоспарларының болуын талап етеді, атап айтқанда:
 
-  «Типтік»,  яғни  күнделікті  дағдарысты  ахуалға  арналған  ақпаратты 
жинастыру;
 


 Басшылықты жаттықтыру, тренингтен өткізу;
 
 Хабарлау құрылымын жасақтау;
 
-   «Оң көзқарастағы» бейресми (неформал) тұлғалар тізімін жасау және т.б.
 
Қоғаммен  байланыстың  мән-маңызы  ұйым 
(мекеме,  кәсіпорын,  партия, 
қоғамдық  қозғалыс)
  халықпен  арадағы  қарым-қатынастарды  орнатып,  қолдап 
отыру үшін жүзеге асыратын коммуникативтік іс-әрекеттердің өзге түрлерімен 
PR-ды  салыстыру  барысында  бедерлене  көзге  түседі.  Бір  жағынан,  бұл 
қызметтің  (PR-дың)  жарнамамен  ұқсастығы  бар.  Дегенмен,  жұртшылықпен 
байланыс  сұхбат  орнату,  мәмілеге  келу  арқылы  жұртшылықпен  келісімге 
келуге  бағытталады.  PR-дың  негізгі  мақсаттарының  бірі  -  жұртшылықпен 
байланыс субъектісінің жағымды имиджін қалыптастыру  болып табылады, ал 
жарнаманың  мақсаты  -тауарды  өткізу.  Жарнама  белгілі  бір  ақыға 
орналастырылады,  ал  жұртшылықпен  байланыс  ауқымында  таратылатын 
ақпарат ақылы сипатқа ие емес.
 
Қоғаммен  байланыс  әлеуметтік  тенденцияларды  зерделеуге,  олардың 
салдарларын  талдап,  болжауға,  қоғамдық  пікір,  әртүрлі  тараптардың 
ұстанымдары, өзге де мәселелер туралы деректерді талдауға және баға беруге 
бағытталады.  Қоғаммен  байланысты  ұйымдастыру  жөніндегі  қызмет 
бағдарламаларды  зерттеуден,  жоспарлау  мен  жүзеге  асырудан,  осы 
бағдарламалардың жұртшылыққа әсер ету тиімділігін айқындаудан тұрады.
 
Жұртшылықпен  байланыс  саласының  көкейтесті  мәселеріне  арналып 
Ресейде  «Пресс-секретарь»,  «Связи  с  общественностью»,  «Советник»  сияқты 
кәсіби басылымдар жарық көруде. Қазақстанда әзірге мұндай басылымдар жоқ.
 
Қоғаммен байланыс  ұғымының  көптеген  анықтамалары бар.    Америкалық 
әйгілі  PR  зерттеуші  Сэм  Блэк:  «Рublic  relations  –  шындық  пен  толық 
хабардарлыққа  негізделген өзара  түсіністік  арқылы үйлесімділікке  жету  өнері 
мен  ғылымы  болып  табылады»,  деп  тұжырым  береді.  Бүгінде  анықтамалар 
саны  500-ден  асып  кетті:  қоғаммен  байланыс  жөніндегі  кітап  жазған  
авторлардың  қай-қайсысы  да  өз  ұғым-түсініктерін  алға  тартады.  Солардың 
кейбіреулеріне ғана тоқталып өтелік.  
 
Сонымен, қоғаммен байланыс дегеніміз -
 
-
 
қоғамдық байланыстарды дамыту;
 
-
 
жанама жарнама;
 
-
 
қоғамдық пікірді басқару жөніндегі ғылым;
 
-
 
жарнаманың жасырын түрі;
 
-
 
мәртебелік немесе фирмалық, жарнама;
 
-
 
қазіргі  заманғы  тенденцияларды  ой  елегінен  өткізіп  отыратын; 
менеджерлерге  кеңес  беріп,  тапсырысшы-ұйымдар  ғана  емес,  сондай-ақ 
олардың аудиториялары да мүдделілік танытатын науқандар өткізетін өнер әрі 
әлеуметтік ғылым;
 
-
 
абырой-бедел менеджменті;
 
-
 
абырой-бедел жасаушы;
 
-
 
ұйым  және  оның  аудиториясы  арасында  өзара  тиімді  қарым-
қатынастарды  орнатып,  қолдап  отыру  жөніндегі  алдын  ала  ойластырылып, 
ұдайы назарда болатын қызмет түрі;
 


-
 
ұйым  мен  көпшілік  арасында  өзара  тиімді  қарым-қатынас  орнатып, 
қолдап отыратын менеджмент функциясы, 
 
-
 
ұйым мен оның жұртшылығы арасында өзара түсіністікке қол жеткізуге 
бағытталған коммуникация түрі;
 
-
 
ұйым  мен  оның  жұртшылығы  арасында  коммуникациялық  байланыс 
орнату жөніндегі менеджементтің дербес функциясы.
 
Осы  орайда  «ұйым»,  «жұртшылық»,  «коммуникация»  деген  ұғымдарға 
түсінік  бере  кету  қажет.  Көптеген  зерттеушілердің  пікірі  бойынша,  «ұйым» 
дегеніміз-әлеуметтік  қызметтің  кез  келген  субъектісі.  Мұнда  меншік  түрлері 
мен  қызмет  саласы  арасында  айтарлықтай  айырмашылық  жоқ.  Яғни, 
коммерциялық банкті де, көтерме сауда фирмасын да, шағын дүкенді де бірдей 
дәрежеде  «ұйым»  ретінде  қарастыруға  болады.  Сондай-ақ  ел  президентінің 
әкімшілігі  мен  атқарушы  билік  органдары,  қоғамдық  мекемелер  де  осы  ұғым 
аясына кіреді.
 
«Жұртшылық»  дегеніміз  –  «ұйымның»  әлеуметтік  әсері  бағытталып 
отырған  объект  болып  табылады.  Бірақ,  бұдан  «жұртшылық»  айтқанға  көніп, 
айдағанға жүре береді деген түсінік тумаса керек, қажетті жерде «жұртшылық» 
өз  дегеніне  жетіп,  «ұйымға»  әсер  ете  алады,  міне,  сондықтан  да  «ұйым»  өз 
кезегінде  «жұртшылықпен»  әрдайым  ынтымақтасып,  ұдайы  қарым-қатынас 
жасауға ұмтылады.
 
«Коммуникация»  термині  ғылыми  әдебиетте  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде 
пайда  болды.  Кең  мағынада  коммуникация  түрлі  ақпаратты  туғызуға, 
жөнелтуге  және  қабылдауға  мүмкіндік  беретін  өзара  араласу  процесі  және 
байланыс  тәсілі  ретінде  қарастырылады.  Адамдар  арасында  коммуникация 
дидарласу  формасында  жүзеге  асады.  Коммуникацияның  әлеметтанушылық 
бағыты  кісіаралық,  топаралық,  халықаралық  араласудың  ақпараттық 
құралдарының коммуникабельділігіне назар аударады.
 
Қазіргі таңда «коммуникация» ұғымының негізгі үш түсінігі бар.
 
Біріншіден,  коммуникация  материалдық  және  рухани  әлемнің  кез  келген 
объектісінің  байланыс  құралы,  яғни  белгілі  бір  құрылым  ретінде  көрінеді. 
Коммуникация  жеке  адамның  хабар-ошары  мен  қоғамдық  тұрғыдағы  ақпарат 
арасындағы  көпір  сияқты.  Коммуникацияның  негізгі  тетігі-жеке  тұлғаның 
ақпарат  қабылдауын  әлеуметтік  тұрғыдан    маңызды  жеке  және  жаппай  әсер 
процесіне  айналдыру  болып  табылады.  Бұл  тетік  адамдардың  сөйлесу 
қызметінде  көрініс  табады,  нақ  осы  тілдесу,  сұхбаттасу  арқылы  тілдің 
әлеуметтік тұрғыдан негізделген нормалары мен ережелері жүзеге асады.
 
Екіншіден, коммуникация-процесс болып табылады, осы арқылы жұрт бір-
бірімен ақпарат алмасады.
 
Үшіншіден,  коммуникация  ретінде  қоғамға  және  оның  құрамдас 
бөліктеріне  әсер,  ықпал  ету  мақсатымен  ақпарат  беру  және  жаппай  хабар 
алмасу түсініледі.                                                
 
«Коммуникация»  ұғымы  (латынның  «communicare»  -  байланыстыру, 
біріктіру  деген  сөзінен)  ақпаратты  алу,  өңдеу,  жеткізу  және  сақтау 
процестерінің  жиынтығы  болып  табылады.  Бұл  процестерді  жекебастық-
тұрмыстық  деңгейден  ғаламдық-әлеуметтік  деңгейге  дейінгі  ауқымда 


қарастыруға  болады.    Психология,  әлеуметтану  және  нарықты  зерттеу 
деректеріне  негізделетін  коммуникация  теориясының  іргетасы  американдық 
саясаттанушы  Гарольд  Лассуэлдің  белгілі  формуласында  қаланған.    Оны 
төмендегіше  кескіндеуге болады:
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет