Жетпісбай бекболатұЛЫ


-сурет.   Жалпы коммуникация моделі



Pdf көрінісі
бет5/86
Дата25.01.2022
өлшемі0,95 Mb.
#114026
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
ПособиеПрессСлужба2019 Бекболатулы

1-сурет.  
Жалпы коммуникация моделі 
 
 
 
 
 
 
 
Әлеуметтік-психологиялық  тұрғыдан  алғанда  бұл  модельдің  төмендегідей 
элементтері  бар. Сызбаға  сәйкес  ақпарат көзі  коммуникатор  деп  аталады.  Ал, 
жұртшылыққа, аудиторияға жолданып отырған белгілі  бір ақпарат өз кезегінде 
хабарлама (мәселен, баспасөз баяны) деп аталады. Сол ақпаратты жариялаған 
бұқаралық  ақпарат  құралы  –  БАҚ  хабар  таратушы  деліндеі.  Хабарламаға  көз 
жүгірткен,  тыңдаған  адам  қабылдаушы  болып  табылады.  Егер  ол  бұқаралық 
ақпарат  құралына  қоңырау  шалып,  болмаса  ғаламторда  өз  пікірін  білдіріп 
жатса, бұл кері байланыс жүзеге асырылғанын көрсетеді. 
 
Ресейдің    қоғаммен  байланыс  саласындағы  ғылыми  мектебінің  негізін 
қалаушылардың  бірі  -  М.А.Шишкина  қоғаммен  байланыс  «әлеуметтік 
субъектінің өз жұртшылығымен тиімді коммуникация жүйесін қалыптастыруға 
бағытталған»  деп  есептейді.  Белгілі  батыс  ғалымдары  С.М.Катлип, 
А.Х.Сентер,  Г.М.Брум:  «Паблик  рилейшнз  дегеніміз  ұйым  мен  жұртшылық 
арасындағы  өзара  тиімді  байланыстарды  орнатуға  немесе  қолдап  отыруға 
жәрдемдесетін басқару функциясы, ұйымның табысқа жетуі немесе сәтсіздікке 
ұшырауы көбіне осы функцияның дұрыс яки бұрыс атқарылуына байланысты 
болады» - деген анықтама ұсынады.
 
Украиндық  РR  теоретигі  В.Г.Королько:  «Басқару  ретінде  ақпараттық 
сылтау-себеп  пен  ақпарат  туындату  процесін,  сондай-ақ  қолайлы  қоғамдық 
пікірді  мақсатты  түрде  қалыптастыру  үшін  коммуникация  құралдары  арқылы 
дайын  ақпараттық  өнімді  таратуды  түсінетін  болсақ,  паблик  рилейшнз 
дегеніміз - ақпаратты (соның ішінде әлеуметтік ақпаратты) басқарудың арнайы 
жүйесі болып табылады» - деп жазады.
 
Ресейлік  ғалымдар  А.Н.Чумиков  пен  М.П.Бочаров  «PR-белгілі  бір  жоба 
ішіндегі,  сондай-ақ  жобаға  қатысушылар  мен  олардың  төңірегіндегілер 
арасындағы  өзара  қарым-қатынастарды  осы  жобаны  жемісті  жүзеге  асыру 
мақсатымен      үйлестіруге  бағытталған  ақпараттық-талдамалдық  және 
процедуралық-технологиялық іс-әрекеттер жүйесі»  -деп есептейді. 
 
Бұл  анықтамалардан  «РR  –ды  жетік  білмейінше,  жұртшылықпен  тиімді 
қарым-қатынасты жолға қою мүмкін емес» деген ой туындайды. 
 
Қазіргі  таңда  елімізде  қоғаммен  байланыс  теориясы  мен  практикасы 
әлеуметтік-экономикалық  проблемаларды  ұғынықты  талдап-түсіндіруге, 
  Коммуникатор                 Хабарлама                    Хабар таратушы                   Қабылдаушы 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                               Кері байланыс 


басқару  субъектісі  (мемлекеттік  және  қоғамдық  органдар)  жөнінде  жағымды 
пікір  қалыптастыруға,  қолайлы  әлеуметтік  көңіл-күй  ахуалын  орнатуға  бағыт 
алып  отыр.  Түптеп  келгенде  мұндай  мақсатты  бағытталған  іс-әрекет  
әлеуметтік  жүйедегі  тұрақты  құндылық  бағдарды  қалыптастырып,  адамдарды 
саналы  қызметке  итермелейді.  Сөйтіп,  басқару  субъектісі  мен  жұртшылық 
топтары  арасындағы  көптеген  кедергілер  жойылып,  халықтың  елеулі  бөлігі 
әлеуметтік үдерістерге, мемлекеттік шешімдерді қабылдау мен жүзеге асыруға 
атсалыса бастайды. 
 
РR  -  қоғаммен  байланыс  ауқымында  өзіндік  коммуникативтік-
технологиялық  ерекшеліктерге  ие:    басқару  органдары  мен  басшылардың 
жағымды  образдарын  жасау,  әлеуметтік  топтармен  қарым-қатынастар  орнату, 
кадрлармен  жұмыс  істеу,  тұсаукесер  шараларын  өткізу,  дағдарысты 
ахуалдарды  икемге  келтіру  және  басқалар  сияқты  бағыттарды  атап  өтуге 
болады.  Бұл  бағыттардың  қай-қайсысының  да  өзіндік  басқару  жүйесі  бар. 
Алайда,  қоғаммен  байланыс  бағыттарының  әрқилылығына,  коммуникативтік 
ерекшеліктеріне қарамастан олар белгілі бір жүйенің құрамдас бөліктері болып 
табылады.
 
Қоғаммен  байланыстың  бүгінде  имиджмейкинг,  РR-брендинг,  медиа-
рилейшнз,  кикілжіңдерді  реттеу,  лоббилік  қызмет,  кеңесшілік  сияқты  түрлері 
қалыптасып қалды. Бұлардың мынадай қысқаша сипаттамалары бар:
 
Имиджмейкинг
  (ағылшынның  image-бейне  және  making-жасау,  өндіру 
деген  сөздерінен  туындайды)  –  менеджменттің  ежелгі  түрлерінің  бірі. 
Қоғаммен  байланыстың  бұл  түрінің  басты  міндеті-қайсыбір  ұйымның, 
басшының бейнесін жұртшылық топтары үшін жағымды кейіпте мүсіндеу.
 
РR-брендинг
 (бренд-сауда маркасы) - бұқара санасына сараланған сөздерді, 
танымал  символдарды,  мән-мағыналарды  сыналап  енгізу  үрдісі,  осы  арқылы 
жұртшылықпен  байланыс  субьектісінің  алға  қойған  мақсаттарына  қарай 
адамдарды біріктіріп, топтастыруға немесе керісінше, қарсыласушы, бәсекелес 
топтарға бөліп,  ажыратуға  болады.  Басқаша  айтқанда,  бренд дегеніміз  белгілі 
бір  сөз  саптау  үрдісі  бойынша  адамдардың  қандай  да  бір  жұртшылық 
топтарына  қатыстылығын  айқындауға  мүмкіндік  беретін  өзіндік  бір 
анықтауыш болып табылады.  
 
Медиа-рилейшнз
 - мақсатты аудиторияларға компанияның немесе ұйымның 
қызметі  туралы  ақпараттық  хабарламалар  жеткізу  мақсатында  бұқаралық 
ақпарат құралдарымен білікті түрде жұмыс істеу үрдісі.
 
Кикілжіңдерді  реттеу  айырықша  біліктілік  пен  машықты  талап  етеді. 
Қоғаммен  байланыстың  бұл  түрі  бәсекелес  ортада  текетірес  пен  шиеленісті 
бәсеңдетудің жолдары мен әдіс-амалдарын іздестіруді мақсат тұтады.
 
Лоббилік  қызмет  лобби  жасаушы  топтың  мүдделеріне  орай  шешім 
қабылдату  мақсатымен  мемлекеттік  лауазымды  тұлғаларға  ықпал  етуге 
бағытталады,  бұл  қызметке  жұртшылықпен  байланыстың  бүкіл  белгілері  тән 
болғандықтан, ол РR-дың бір түрі болып табылады. 
 
Қоғаммен  байланыстың  әрбір  түрінің  ауқымындағы  міндеттерді  шешу 
түрлі  салалардағы  мамандардың  күш-жігер  біріктіруін  талап  етеді.  Мәселен, 
имиджді  қалыптастыруға  аналитик-ғалымдар,  психологтар,  визажистер, 


спичрайтерлер, әлеуметтанушылар, көпшілік акцияларды ұйымдастырушылар, 
жарнамашылар атсалысады. Осындай функционалдық еңбек бөлінісі қоғаммен 
байланыстың барлық түрлеріне тән. Ал осындай саралау нәтижесінде қоғаммен 
байланыс ауқымында тар шеңбердегі функционалдық міндеттерді орындайтын, 
арнайы білімі, машығы бар мамандар пайда болды.
 
Қазіргі  таңда  қоғаммен  байланыс  ауқымындағы  еңбек  бөлінісі  мына 
төмендегідей негізгі қызмет түрлерінің өмірге келуіне түрткі болды:
 
-
 
Рекламистика  -  жарнама  науқанының  тұжырымдамасын  түзіп, 
жұртшылық  топтарын  құлақтандыруға,  көпшілік  санасына  белгілі  бір  бейне-
образдарды  сіңіруге  және  олардың  бойында  басқару  субъектісінің 
мақсаттарына сай келетін иланым-сенімдерді  қалыптастыруға  қажетті  әртүрлі 
жарнамалық өнімдер жасауды білдіретін қызмет түрі; 
 
-
 
РR-науқандарды аналитикалық қамтамасыз ету. Қызметтің бұл түрімен 
ең  алдымен  аналитиктер,  әлеуметтанушылар,  психологтар  айналысады.  Олар 
басқарушылық  әсер  ету  объектісі  болып  табылатын  жұртшылық  топтарының 
көңіл-күйін,  райын,  құндылық  бағдарларын  зерделейді,  әлеуметтік-
экономикалық  және  саяси  ахуалды  зерттеп,  қандай  да  бір  РR  науқанына 
тікелей басшылық жасайтын менеджерлер үшін нұсқамалар әзірлейді;
 
-
 
Медиа-жоспарлау, яғни жарнаманы, өзге де ақпараттық материалдарды 
бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру жоспарын түзу;
 
-
 
Имиджмейкинг,  сөздің  қысқа  мағынасында  топ-менеджерлер  образы 
мен  мінез-құлқын  жағымды  ету  мақсатында  РR-кеңесшілердің  олармен 
мақсатты жұмыс істеуі;
 
-
 
Спичрайтинг,  немесе  басқарудың  жоғары  буыны  үшін  сөйлейтін  сөз 
мәтінін жазу.
 
Осы  қызмет  түрлерінің  соңғы  төртеуі  тікелей  баспасөз  қызметіне  тікелей 
қатысты. 
 
РR қызметінің бұл келтірілген  тізімін толық деуге болмайды. Қазіргі таңда 
ньюсмейкер,  веб-дизайнер  сияқты  жаңа  мамандықтар  пайда  болды.  Сөйтіп, 
қоғаммен  байланыс  сараланып  қана  қоймай,  сондай-ақ  кәсіби  белгілер 
бойынша да өрісін жая түсуде.
 
Құрылымының үлкенді-кішілігіне, әлеуетіне қарай біздің елімізде  баспасөз 
қызметтері, 
қоғаммен, 
жұртшылықпен 
байланыс 
департаменттері, 
басқармалары,  бөлімдері  деп  аталады.  Мекемелердің  көпшілігінде,  әдетте, 
қоғаммен  байланысты  баспасөз  хатшысы  орындайды,  ал  арнайы  штат 
қарастырылмаған  жағдайда  бұл  міндетті  атқару  кадр  бөлімінің  қызметкеріне, 
болмаса,  менеджемент  және  маркетинг  құрылымдарының  мамандарына 
жүктеледі.
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет