Жүгері Ғылыми топтастыруы



бет1/4
Дата20.03.2020
өлшемі0,78 Mb.
#60577
  1   2   3   4
Байланысты:
Жүгері
Сөз тіркесі Жанабилова Б.
Жүгері

Жүгері



Ғылыми топтастыруы

Дүниесі:

Өсімдіктер

(unranked)

Дара жарнақтылар

(unranked)

Commelinids

Сабы:

Poales

Тұқымдасы:

Poaceae

Кіші тұқымдасы:

Panicoideae

Тайпасы:

Andropogoneae

Тегі:

Zea

Түрі:

Z. mays




Екі-есімді атауы

Zea mays
L.

Мәдени өсіру үшін сұрыпталатын экзотикалық жүгері түрлері



Variegated maize ears





Zea mays "fraise"



Zea mays 'Ottofile giallo Tortonese'



Лихтенштейндегі жүгері алаңы

Жүгері (лат. Zea mays) – астық тұқымдасына жататын бір жылдық дақылдардың бірі.

Еуропалықтар Оңтістік Американы ашқан кезде «маис» деп аталатын, осы күнгі жүгері дақылдарын кездестірген. Оның алғашқы өкілін Еуропаға Христофор Колумб әкелген. Бұл данасын Х.Колумб испан короліне сыйға тартады. Ал біздің жүгерінің алғаш орныққан жері Молдавия болған. Дала ауылына кең таралуына оның мол өнім, көк балаусаны аса көп беруі де себепші болды. Бір жылдық астық тұқымдас жылылықты сүйетін өсімдік. Дара жынысты, бір үйлі өсімдік. Жүгері 12-140 С-та қаулап өседі. Аталық гүлшоғыры – собық. Тамыр жүйесі – шашақ, қосалқы тамырлары болады. В,Е дәрімендері, техникалық май, линолеум, желім, жасанды жібек алынады. Азотфосфор тыңайтқыштары қажет. [1]

Мазмұны

  • 1Әлемдегі өндіріс

    • 1.1Жүгері үлпілдегінен жасалған шелпек.

    • 1.2Май қосылып консервіленген жүгері.

  • 2Дереккөздер

Әлемдегі өндіріс[өңдеу]

2007 жылғы алғашқы он жүгері өндіруші елдер

Ел

Өндіріс(тонна)

Note

 АҚШ

332,092,180




 Қытай

151,970,000




 Бразилия

51,589,721




 Мексика

22,500,000

[F]

 Аргентина

21,755,364




 Үндістан

16,780,000




 Франция

13,107,000




 Индонезия

12,381,561




 Канада

10,554,500




 Италия

9,891,362




World

784,786,580

[A]

No symbol = official figure, P = official figure, F = FAO estimate, * = Unofficial/Semi-official/mirror data, C = Calculated figure, A = Aggregate (may include official, semi-official or estimates);

Source: Food And Agricultural Organization of United Nations: Economic And Social Department: The Statistical Division



Басқа да астық тұқымдастар секілді піскен жүгері дәні өте қоректі келеді, оның құрамында: көмірсуақуызмайкалийфосформагнийкальций т. б. минералдық тұздар, витаминдер бар. Азықтық жүгері дәнінен ұн, әртүрлі жарма, ал жүгері жармасынан — жүгері үлпілдегі, үлпек дән және қытырлауық «таяқша» алынады. Жүгері үлпілдегі , үлпек дәні және қытырлауық «таяқша » — қосымша баптаулы қажет етпейтін дәмді тағам. Организмге жақсы сіңеді. Оны үш мезгілгі аста: шай, суп, қуырылған нан қосылған сорпа, компотшырынкисельпростоквашаайранмен т.б. жеуге болады. Ол әсіресе балаларға пайдалы (ыстық сүтке қосып береді). Қант себілген жүгері үлпілдегі мен тәтті қытырлауық «таяқшаны» ет-женді және тез толатын адамдарға, сондай-ақ қант диабетімен ауыратындарға жеуге болмайды. Жүгері үлпілдегін, «таяқшаны» үлпек дәнді құрғақ жерде сақтаған жөн. Егер үлпілдек жұмсаңқырап кетсе оны духовкаға салып келтіреді. Дымқыл тартқан үлпілдек тез көгеріп, жеуге жарамайды.

Жүгері үлпілдегінен жасалған шелпек.[өңдеу]

Жұмыртқаның ағын бөлек алып, әбден көпіргенше шайқайды, содан кейін 3/4 стақан қантқа жартылай ванилин ұнтағын қосып, жұмыртқа ағына жайлап себелей отырып араластырады. Бұған 2 стақан үлпілдек, жуылып, кептірілген жарты стақан мейіз қосып, осылайша әзір болған қамырлы жақсылап май жағылған ыстық қаңылтыр табаға салып, онша қызбаған духовкаға 30—40 минут қойып, қызыл-күрең тартқанша пісіреді. Әзір болғанда, оны қалақпен алып, тәрелкеге салады. Оңтүстік аудандардың көпшілік жерінде жүгері ұны мен жармасынан ұлттық тағам әзірленеді. Молдавия мен Кавказда жүгері ұнынан не оның майда жармасынан мамалық деген дәмді тағам жасайды. Ол үшін жүгері ұнын не жары асын суға қайнатып, әзір болған қою ботқаға сүт қосып жейді. Пісірілген ботқаны қалыңдығын 5—6 ем етіп орамалап, суытыл, кептіргеннен кейін нан орнына үзіп жейді. Жүгері жармасының ботқасы. Қайнаған суға не сүтке жарма сеуіп, отты жайлап жарып, үнемі араластыра отырып 20—25 минут қайнатады. Дастарқанға қояр алдында сары май қосады. 1 стақан жармаға 2 стақан су не сүт, жарты шай қасық тұз, әркім қалағанынша сары май мен қант қосады. Жүгерінің сүттеніп-балауызданып піскен собығын үй асханасында тәттіленген шағында жинап пайдаланады. Жүгерінің собығын тұзды суға қайнатып (1 —1,5 сағат пісіреді), піскен собықты ыстықтай дастарқанға қояр алдында, оған сары май жағады.

Май қосылып консервіленген жүгері.[өңдеу]

Жүгеріні (тұтас дәнімен консервіленген) табаға не кастрөлге салып, қайнауына жеткізеді. Дастарқанға қояр алдында жүгеріні кепсермен сүзіп алып, май жағады. 1 банка консервіге 2 ас қасық сары май қажет. Қантты жүгеріден жасалған суп-пюре. Бір банкадағы (350 г) жүгеріні кепсермен сүзіл. суын ағызады да, дәнін ет тартқыштан өткізіп, кастрөлге салып, үш стақан су құяды. Жүгері пюресі бар кастрөлді отқа қайнағанша қояды. Осыдан кейін 2 ас қасық бидай ұнына 2 ас қасық сары май, ыстық сүт (2—3 стақан — дәмі татығанша) қосып, қайнауына жеткізеді де, бұған алдында әзірленген жүгері пюресін араластырып, 15—20 минут пісіреді. Дайын қоспаны електен езгілеп өткізіп, ысытып, тұздап (дәмі татығанша), 2 ас қасық сары май қосады. Супты дастарқанға қоярда қуырылған нан не жүгері үлпілдегін салады.[2]



Дереккөздер[өңдеу]

  1.  Қазақ тілі терминдер сөздігі I том

  2.  Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9



Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет.

Санат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет