Білім алушының аты-жөні_________________________________________
Бағалау критерийі
|
Тапсырма №
|
|
Оқу жетістіктерінің деңгейі
|
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
Мәтінге қатысты тірек сөздерді анықтайды Мәтін бойынша
сұрақтарға жауап береді
|
1
|
Мәтінге қатысты тірек сөздерді анықтауда,
мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруде қиналады.
|
Мәтінге қатысты тірек сөздерді анықтауда/ мәтіннің мазмұны бойынша ашық/жабық сұрақтарға жауап беруде қателіктер жібереді.
|
Мәтінге қатысты тірек сөздерді анықтайды, мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға дұрыс жауап береді.
|
Тілдік нормаларды сақтай отырып, ойын жүйелі
жеткізеді
|
2
|
Тақырыпқа қатысты ойын айтуда қиналады.
|
Тақырыпқа қатысты ойын айтады, өз көзқарасына дәлелді
пікір айтуда/ сөйлем құрылымын сақтауда қателіктер жібереді.
|
Тілдік нормаларды сақтай отырып, тақырыпқа қатысты ойын жүйелі жеткізеді.
|
43
«Демалыс мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
-
|
Сөйлеу әрекетінің түрлері
|
Оқылым
Жазылым
|
Оқу мақсаты
|
3.2.5.1 Берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтау
3.2.2.1 Тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану 3.4.2.4 Негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтайды
Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ажыратады
Негізгі және туынды сын есімдерді ажыратады
|
Ойлау дағдыларының
деңгейі
|
Білу және түсіну Қолдану
|
Орындау уақыты
1-тапсырма
|
20 минут
|
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Бұл күн мен түн теңелетін, жан жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін күн.
«Наурыз» сөзі көне парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны береді. Парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күні отқа май құйып, жаңа өнген жеті дән бойынша келешек егін жайлы болжам жасайды. Жеті ақ кесемен Наурыз көже ұсынады.
Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі жылдың басы саналатын халықтық мейрам, екіншіден наурыз айы, үшіншіден наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Берілген сөздерді мағынасымен сәйкестендір.
Ақ сөзі қандай мағынада (тура , ауыспалы) қолданылып тұр? Жаз.
Аузы аққа тию - ________________________________
Ақ кесемен ұсыну - ________________________________
44
Мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлемдерді белгіле ().
2-тапсырма
Мәтіннен 1 негізгі және 1 туынды сын есім тауып жаз.
Негізгі сын есім: ________________________
Туынды сын есім: ________________________
-
Бағалау критерийі
|
Тапсырма №
|
Дескриптор
|
Балл
|
Білім алушы
|
Мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтайды
Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ажыратады
|
1
|
берілген сөздердің мағынасын анықтайды:
1-сөз
2-сөз
|
1
1
|
сөздің тура мағынасын анықтайды;
|
1
|
сөздің ауыспалы мағынасын анықтайды;
|
1
|
мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлемдерді
анықтайды:
1-сөйлем
2-сөйлем
|
1
1
|
Негізгі және туынды сын есімдерді
ажыратады
|
2
|
негізгі сын есімді анықтайды;
|
1
|
туынды сын есімді анықтайды.
|
1
|
Барлығы
|
|
|
8
|
45
«Демалыс мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні_________________________________________
-
Бағалау критерийі
|
Тапсырма №
|
|
Оқу жетістіктерінің деңгейі
|
|
Төмен
|
Орта
|
Жоғары
|
Мәтіннен қажетті ақпараттарды анықтайды Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ажыратады
|
1
|
Мәтінге сәйкес ақпараттарды анықтауда, сөздердің тура және ауыспалы мағынасын ажыратуда қиналады.
|
Мәтінге сәйкес ақпараттарды анықтауда / сөздердің тура, ауыспалы мағынасын ажыратуда қателіктер жібереді.
|
Мәтінге сәйкес ақпараттарды анықтайды, сөздердің тура және ауыспалы мағынасын ажыратады.
|
Негізгі және туынды сын есімдерді ажыратады
|
2
|
Мәтіннен негізгі және туынды сын есімдерді анықтауда қиналады.
|
Мәтіннен негізгі/ туынды сын есімдерді анықтауда қателіктер
жібереді.
|
Негізгі және туынды сын есімдерді дұрыс анықтайды.
|
46
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 3-сыныпта «Қазақ тілі» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Қазақ тілі» оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында). Бастауыш білім беру (2-4 сыныптар).
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы – 40 минут Балл саны - 16
Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі, түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін 4 тапсырмадан тұрады. Бірінші тапсырма тыңдалым және айтылым дағдысын, екіншісі - оқылым, үшінші және төртінші тапсырмалар жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
47
№
|
Ортақ тақырып
|
Сөйлеу әрекетінің түрлері
|
Оқу мақсаты
|
Тапсырманың сипаттамасы
|
Тапсырма саны
|
Жалпы балл
|
1
|
Су – тіршілік көзі Демалыс мәдениеті Мерекелер
|
Тыңдалым және айтылым
|
3.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
|
Білім алушы ашық түрдегі толық жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.
|
1
|
6
|
2
|
Оқылым
|
3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру 3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің
көмегімен негізгі ойды анықтау
|
Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды.
|
1
|
5
|
3-4
|
Жазылым
|
3.4.2.4 Негізгі, туынды зат есім/сын есім/етістікті анықтау
3.4.2.1 Негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату
|
Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты
қажет ететін тапсырмаларды орындайды.
|
2
|
5
|
Барлығы
|
|
|
|
4
|
16
|
48
4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
1. Берілген тірек сөздерді мұқият тыңда. Тірек сөздер мен суретті пайдаланып,
«Бәтеңке іздеу» тақырыбына әңгіме құрап айт.
Тірек сөздер: жаңа бәтеңке, үйдің ауласы, көлшік, іздеу, түстен кейін, күннің көзі, булану, табылу, қуаныш.
Жоспар:
Жаңа бәтеңке
Бәтеңке іздеу
Күн көзінің көмегі
[6]
Балл қою кестесі
Тапсырма №
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
1
|
Білім алушының ықтимал жауабы: Анасы Қайратқа жаңа бәтеңке сатып
әперді. Ол бәтеңкесін киіп, аулаға
шықты. Жаңа ғана жаңбыр жауып өткен. Қайрат жаңа бәтеңкесін сынап көрмек болып, көлшік суды кеше бастады. Біраздан соң бір бәтеңкесінің жоқ екенін көріп, іздеуге кірісті. Таба алмай, үйіне кетті. Түстен кейін күн ысыды. Көлшіктегі су буланып, ұшып кетті. Оның орнында Қайраттың бәтеңкесі жатты. Қайрат бәтеңкесінің табылғанына қатты қуанды.
|
1
|
Сурет пен мәтіннің мазмұнына сәйкес болатын баламалы мәтін қабылданады.
|
1
|
Берілген жоспарға сәйкес мәтін құрастырады.
|
1
|
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.
|
1
|
Тірек сөздерді орынды қолданады.
|
1
|
Ойын еркін, жүйелі жеткізеді.
|
1
|
Тілдік нормаларды сақтап сөйлейді.
|
Барлығы
|
6
|
|
Оқылым
2. Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
Атасы мен немересі орман ішімен келе жатты. Күн ыстық болатын. Олар мөлдір бұлақтың басына келіп тоқтады. Бұлақтан су ішіп, шөлдерін басты.
Рақмет саған, мөлдір бұлақ, - деді атасы.
Бұлаққа несіне рақмет айтасыз? Ол сіздің сөзіңізді естімейді, түсінбейді де ғой, - деді немересі күліп.
Иә, солай,- деді атасы. - Егер бұлақтан жануарлар су ішсе, олар алғыс айтпас еді. Ал біз - адамбыз. Сен адамдардың не үшін «рақмет» айтатынын білесің бе? - деді жай ғана. Немересі ойланып қалды.
Атаның сұрағына сен қалай жауап берер едің? Адамдар не үшін «рақмет» айтады? ______________________________________________________________________
Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған 1 сұрақ құрастырып жаз және жауап бер.
______________________________________________________________________ ______________________________________________________________________
Мәтінге ат қой. _____________________________________________
Мәтіннің негізгі ойын анықта._____________________________________________
[5]
Балл қою кестесі
Тапсыр ма
№
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
2
|
Білім алушының ықтимал жауабы: жасаған жақсылығы үшін/көрсеткен көмегі үшін/ ризашылығын білдіру үшін/ ...
|
1
|
Мәтіннің мазмұнына сәйкес баламалы cұрақтар мен қысқа және толық жауаптар қабылданады.
|
Бала бұлаққа неліктен «рақмет» айтпады?/Атасы немересіне неліктен қарсы сұрақ қойды деп ойлайсың?/...
|
1
|
Бұлақ сөзді түсінбейді деп ойлады/Немересінің ойын білгісі келді/ Немересіне жақсылыққа жақсылықпен жауап беру керектігі туралы түсіндіргісі келді/...
|
1
|
Ата өсиеті/Рақмет айту/»Рақмет» деген не?/ Рақметті не үшін айтады?...
|
1
|
|
Жақсылыққа жақсылық жасау керек/ Жақсылық еткен алғыс алады/ Жақсылық ізсіз кетпес/...
|
1
|
Барлығы
|
5
|
|
Жазылым
5) Берілген сөздерді кестеге жіктеп жаз.
Өнерлі, еңбектен, жаңалық, сула, суретші, атақты
-
Туынды зат есім
|
Туынды сын есім
|
Туынды етістік
|
|
|
|
6) Су сөзінен 2 түбірлес сөз жаса. Кез келген сөзбен 1 сөйлем құрастырып жаз.
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
[5]
Балл қою кестесі
-
Тапсырма №
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
3
|
Туынды зат есімдер: жаналық, суретші
|
1
|
Әр бағандағы 2 сөз толық анықталған жағдайда ғана1 балл қойылады.
|
Туынды сын есімдер:өнерлі, атақты
|
1
|
Туынды етістіктер: еңбектен, сула
|
1
|
4
|
Сусын/сулық/сушы/ суат/ сулы
|
1
|
Кез келген 2 түбірлес сөз қабылданады.
|
Сулы жер-нулы жер/Апам әкеме арнап сулық тікті/Сушы егін суарды/Жылқылар суатқа келді/...
|
1
|
Сөздің мағынасына сәйкес құрастырылған баламалы сөйлемдер қабылданады.
|
Барлығы
|
|
5
|
|
5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |