Жылда қалыптасқан қағида Данияр Жігітбек Алматы, 2017 26


-қағида Ұлтыңды шексіз сүй



Pdf көрінісі
бет26/27
Дата06.02.2022
өлшемі0,78 Mb.
#79156
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
26 жылда қалыптасқан 26 қағида

25-қағида
Ұлтыңды шексіз сүй.


Ұлтыңды шексіз сүй.
Қазақ қып жаратқан Аллаға сансыз шүкірлер болсын! Кейде Абайша
айтсақ, мінездерін көргенде, қаның қайнап, жаның ашыса да,
қазақтан ыстық, қазақтан аяулы ұлт жоқ мен үшін бұл жалғанда.
Қазақтың тілі, қазақтың әні, қазақтың мінезі - бәрін жақсы көремін.
Есімде, бала кезімде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бір
ойынын тамашалап отырып, кәдімгідей қобалжыған едім. Қолым
терлеп, жанымды шүберекке түйіп отырдым. Бұл қайдан келген
сезім?! Анамның ақ сүтімен бойыма дарыған қазақилық деп
ойлаймын. Мен орыс балабақшасында тәрбиеленгенмін. Тілім де
орысша шыққан сияқты. Ата-анам болашақта бәрі қазақша болады
деп қазақ мектебіне берді. Анам айтып отырады, бірінші сыныпқа
барғанда, "жүгері" сөзіндегі "ү" әрпін айтуға қиналып, "кукуруза" деп
айтам деп қырсығып тұрып алған екенмін. Орта сыныптарда апта
сайын ұлттық мүддені қозғайтын "Ана тілі", "Қазақ әдебиеті"
газеттерін алып оқитынмын. Ол кезде 12 тг тұратын еді олар. Тіл, жер,
ұлттық намыс тақырыбындағы мақалаларды оқып, әсерленетінмін.
Өзім де пафосқа толы патриоттық өлең, мақалалар жаза бастадым.
Орысша сөйлемеуге тырысып, нағыз ұлтшыл болыппын ғой сол кезде.
"Әр қазақ - менің жалғызым". Осыдан екі жыл бұрын Қажылық
парызын өтеу нәсіп болды. Қағбаны тауаф етіп жүріп, көп сұраған
тілектерімнің бірі мынадай еді: "йа, Алла, Қазақстаныма бейбітшілік,
тыныштық бере гөр, дамыған елдердің бірі ете гөр, ұлдарымыз
намысты, қыздарымыз ұятты болса екен". Әр қазақ бақытты
болсыншы. Жігіттеріміз өзін жан-жақты болуға баулысын, қарагөз
қарындастарымызға қорған болсын. Аруларымыз да үйдің берекесін
кіргізіп, сапалы ұрпақ тәрбиелеп бір қолымен бесікті, бір қолымен
әлемді тербетіп отыратын аяулы ана болуға тырыссын.
Ұлы тұлғалардың барлығының өміріне көз салсаңыз, ұлтын ерекше
сүйгегін байқайсыз. Ұлтыңа деген ұлы маxаббат ұлылыққа жеткізеді.
51




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет