«Жылдың үздік мұғалімі-2018» аудандық байқауын өткізу туралы Аудандық білім бөлімінің 2018 жылғы жоспарына сәйкес БҰйырамын: Аудандық «Жылдың үздік мұғалімі 2018»



бет1/6
Дата03.03.2023
өлшемі27,12 Kb.
#170974
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Жыл мұғалімі-2018-Аудандық бұйрық, ереже
Doc1, Педагогтың кәсіби шеберлігі, AB @8O 07. 07. $8=0;, bast zh mugalzhar, Коучинг Фарида апай, өз білімін жетілдіру, 23.01 6сынып №11, 13.09 8гео №5, Қабдолда Шынар БҚ-312, Қабдолда Шынар БҚ-312 инклюзив лекция



«Жылдың үздік мұғалімі-2018» аудандық
байқауын өткізу туралы

Аудандық білім бөлімінің 2018 жылғы жоспарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



  1. Аудандық «Жылдың үздік мұғалімі - 2018» байқауы облыстық байқау ережесі негізінде 2018 жылдың мамыр айының 16-17 күндері шығармашылықпен жұмыс істейтін, талантты, ой өрісі биік, парасатты өзіндік авторлық жаңашыл идеясы бар, ғылыми-әдістемелік шеберлігі қалыптасқан, педагогикалық мәдениеті жоғары, жан-жақты дамыған, мұғалім мәртебесін көтеретін ерекше тұлғаны анықтау мақсатында өткізілсін.

  2. Байқауға қатысушы үміткердің құжаттары Ережеге сәйкес аудандық байқаудың ұйымдастыру комитетіне мамыр айының 11-не дейін өткізілсін.

  3. Аудандық байқаудың «Кәсіби құзыретті мұғалім» тақырыбындағы 1-кезеңі 2018 жылғы 16 мамыр күні Н.Алдабергенов атындағы орта мектеп базасында сағат 08.00-ден басталып өткізілсін. Сабақ кестесі қатысушылардың пәні бойынша оқыту тілін ескере отырып құрылсын.

  4. Аудандық байқаудың 2-кезеңі 2018 жылдың 17 мамыры күні Ж.Егінбаев атындағы орта мектебінің базасында сағат 09.00-де өткізілсін.

  5. Аудандық байқаудың Ережесі облыстық байқаудың Ережесі негізінде бекітілсін (қосымша 1).

  6. Байқаудың қазылар алқасының құрамы бекітілсін (қосымша 2).

  7. Байқаудық ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін (қосымша 3).

  8. Ауданның жалпы орта білім беретін мектеп директорлары тиісті құжаттарды (Ережеде ұсынылған) ауданның әдістемелік кабинетіне 2018 жылдың 11 мамырына дейін өткізуді қамтамасыз етсін.

  9. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім бөлімінің аға әдіскері Л.Керімбековаға жүктелсін.

Бөлім басшысы Т.Сейтнязов


«Бекітемін»
Білім бөлімінің басшысы
___________ Т.Сейтнязов
«____» __________2018 ж.


Аудандық «Жылдың үздік мұғалімі - 2018»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет