Жылғы №1 басылым беттің беті 1 глоссарий агглютинация


Септіктер Заттық мағына



бет2/7
Дата08.07.2017
өлшемі1,27 Mb.
#20838
1   2   3   4   5   6   7

Септіктер

Заттық мағына




Көлемдік мағына




А

Кім? Не?

Бастауыш







І

Кімнің? Ненің?

Анықтауыш







Б

Кімге? Неге?

Толықтауыш



Қайда? Не үшін?

Пысықтауыш



Т

Кімді? Нені?




Ж

Кімде? Неде?

Қайда?

Ш

Кімнен? Неден?

Қайдан?

К

Кіммен? Немен?

Қалай?


Жіктік жалғау – баяндауыш қызметіндегі сөзге жақтық және сандық (жекеше, көпше) мағына жамайтын қосымша.
Жұрнақтар қызметіне қарай екіге бөлінеді: сөз тудырушы жұрнақтар, сөз түрлендіруші жұрнақтар.

Сөз тудырушы жұрнақтар – негізгі түбір сөздің, немесе туынды сөздің лексикалық мағынасын өзгертіп, одан басқа лексикалық мағынадағы жаңа сөз жасайтын қосымшалар.

Сөз түрлендіруші жұрнақтар – сөздің лексикалық мағынасын өзгертпейтін, тек өз бойындағы грамматикалық мағынаны үстейтін қосымшалар.
Практикалық бөлім

І семинар сұрақтары:

  1. Морфология нені қарастырады?

  2. Морфема деп нені атайды?

  3. Морфемалардың жүйесі мен қызметтерін қарастыратын тіл білімінің саласы қалай аталады?

  4. Түбір морфема дегеніміз қандай морфема?

  5. Қандай морфемалар қосымша морфема деп аталады?

  6. Негізгі түбір морфемаларға қандай морфемалар жатады?

  7. Қандай морфемалар көмекші түбір морфема қатарына жатады?

  8. Қосымша морфемалар неліктен көмекші морфема қатарына жатады?

  9. Жалғау дегеніміз не?

  10. Жұрнақ дегеніміз не?

  11. Зат есімге тән жалғауларды жалғану тәртібімен ата.

  12. Жіктік жалғау дегеніміз қагндай жалғау?

  13. Қандай жалғауды көптік жалғау дейміз?

  14. Қандай жалғауды тәуелдік жалғау дейміз?

  15. Қандай жалғауларды септік жалғаулары дейміз?

  16. Қандай септікті атау септік дейміз?

  17. Қандай септікті ілік септік дейміз?

  18. Қандай септікті барыс септік дейміз?

  19. Қандай септікті табыс септік дейміз?

  20. Қандай септікті жатыс септік дейміз?

  21. Қандай септікті шығыс септік дейміз?

  22. Қандай септікті көмектес септік дейміз септік дейміз?

  23. Септік жалғауларының мағыналары қалай бөлінеді?

  24. Қандай жұрнақтар сөз тудырушы жұрнақтар деп аталады?

  25. Қандай жұрнақтар сөз түрлендіруші жұрнақтар деп аталады?


ІІ. Жаттығу тапсырмалары.

3-жаттығу. Сөйлемдегі сөздерді құрамына қарай (морфемдік) талдау жаса.

  1. Үш күндік жолдың бүгінгі, соңғы күніне бала шәкірт барын салды. 2) Қорықтан күн шыға атқа мінейік деп асыққан-ды. 3) Бұны қаладан алып қайтқалы барған ағайыны Байтасты да таң атар-атпастан өзі оятып тұрғызып еді.

4) Күнұзын аттан да түспей, өзге жүргіншілерден оқ бойы алда отырған. 5) Кей-кейде өзіне таныс Көкүйірім мен Буратиген, Тақырбұлақ сияқты қоныс-құдықтардың тұс-тұсына келгенде бала оқшау шығып, астындағы жарау құла бестісін ағызып-ағызып та алады.

6) ... Жолдың бұл тұстары ылғи белес-белес болатын. 7) Осы қазіргідей боп жұрт Шыңғысқа, жайлауға қарай көшкенде елсіз боп қалатын жер. 8) Алыстан жолды бағып отыратын тұрғылары бар. Тақ иек артпадан, өкпе тұстан жүргіншіге жауды қоян-қолтық, құшақтастыра түсетін ұры сай, жасырын жыралары да бар.

9) ... Байтастың мінгені Құнанбайдың қара жал бурыл аты, бәмелі бәйге аттың бірі еді. 10) ... Қуғыншы ойлағандай-ақ шоқпарды жөндеп суыртпады.

10-сабақ


Тақырып: Сөз тұлғасы. Сөздің құрылысы.

Сабақтың мазмұны:

  1. Сөз тұлғасы туралы түсінік.

  2. Негізгі түбір сөз.

  3. Туынды сөз.

  4. Біріккен сөз.

  5. Қос сөз.

  6. Тіркесті сөздер, олардың түрлері.

  7. Дара және күрделі сөздер.

Сабақ мақсаты:

Сөздің тұлғалық, құрылымдық ерекшеліктері туралы білімді жүйелеу. Морфологиялық кешенді-сатылай талдаудың үлгісімен таныстыру.


Теориялық бөлім:

Сөз тұлғасы деген термин грамматикалық оқулықтарда екі түрлі жағдайда қолданылып жүр. Біріншіден, бұл термин лексикалық мағынасы арқылы белгілі бір сөз табының қатарына жататын лексика-грамматикалық бірліктердің сыртқы тұрпатына байланысты пайдаланылса, екіншіден, аналитикалық немесе синтетикалық тәсіл арқылы түрленген сөз нұсқаларына қатысты да қолданылады.

Әдетте, белгілі бір сөз табына жататын сөздердің тұлғасы туралы оқулықтарда «сөз тұлғасына қарай беске бөлінеді, олар: 1) негізгі түбір сөз немесе жай ғана түбір сөз; 2) туынды түбір сөз немесе туынды сөз; 3) біріккен (түбір) сөз; 4) қос сөз; 5) қысқарған сөз» деген анықтамалар беріліп жүр. Бұл жіктеу сөздің (бір ұғымды білдіретін, лексикалық мағынасы бар грамматикалық бірліктің) морфемдік құрамына және сөздердің жасалу тәсілі мен жолдарына, сонымен қатар сол сөздердің жазылу ерекшеліктеріне, яғни, сыртқы тұрпат-келбетіне негізделгендігі байқалады. Бірақ жеке лексикалық мағынаға ие болып тұрса да, тіркесті күрделі сөздер мен фразеологиялық тіркестер көрсетілген бес қатардың ешқайсысына кірмей қалады.

Сондықтан сөзді тұлғасына қарай бөлгенде: 1) негізгі түбір сөз; 2) туынды сөз; 3) біріккен (түбір) сөз; 4) қос сөз және 5) тіркесті сөз деп беске бөлуді ұсынамыз. Мұндағы тіркесті сөз ұғымы он бес, көк ала, барып қайт сияқты екі немесе одан да көп түбірдің тіркесінен жасалған күрделі, сөзді құраушы сыңарлары бір-бірінен бөлек жазылатын құрылымдарды да, фразеологиялық тіркестерді де, қысқарған сөздерді де қамтиды.

Сөз сөйлемге лексикалық мағынасы арқылы қандай да бір ұғымды білдіру үшін қатысады. Жалаң немесе күрделі ұғымдардың атауы болатын лексикалық бірліктер морфемдік құрамы, жасалу тәсілі мен жолдары, қалыптасқан жазылу сипаты жағынан әрқилы. Бірі жалаң түбір арқылы бір ұғымды білдірсе, енді бірі түбір мен сөз тудырушы қосымшадан тұрып, жаңа ұғым атауы болады. Енді бір ұғымдар кемінде екі түбірдің қатысуы арқылы беріледі. Олардың жазылуы да біркелкі емес: біреулері біріктіріліп жазылса, келесілерін дефис арқылы жазу заңдастырылған, сондай-ақ кейбір бірнеше сөздің тізбегінен тұратын атаулар ықшамдалып (қысқартылып) та жазылады, енді бір сөздер бір ғана лексикалық мағынаны білдіргеніне қарамастан бөлек те жазылады.

Сонымен, сөз тұлғасы деген терминді морфемдік құрамы әрқилы, жасалу жолы, жазылуы әр басқа, белгілі бір сөз табының қатарына жататын жеке лексикалық мағынасы бар тілдік бірліктерді бір-бірінен ажырату мақсатында ғана қолдануды ұсынамыз. Ал аналитикалық (келе алмады, ермек үшін, т.б.), немесе синтетикалық (қолы, үріккен, т.б.) тәсілдер арқылы түрленген сөздерге қатысты сөздің (аналитикалық, синтетикалық тәсіл арқылы) түрленген тұлғасы деген термин лайық сияқты.

Сонымен қатар сөз тұлғаларының қатарын тіркесті сөздер (бұл қатар өз ішінен негізгі түбірлердің (сөздердің) тіркесінен (көк ала) тұратын, негізгі түбір мен туынды түбірлердің (сөздердің) тіркесінен (ақ көйлекті) тұратын, негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесінен (жәрдем қыл, бұрқ ет) тұратын және фразеологиялық тіркестер деген топтарға жіктеледі.) деген ұғыммен толықтырамыз.

Негізгі түбір сөздерге жалаң түбірден ғана тұратын, дербес лексикалық мағынасы бар, белгілі бір сөз табының қатарынан орын алатын сөздер жатады. Мысалы, бас, қол, кел, отыр, сат, қара, сары, әрең, лезде, т.б.

Ескерту: Тарихи тұрғыдан өз ішінен түбір мен қосымша морфемаларға жіктелетін, қазіргі кезде түбір морфемасы сөз ретінде қолданылмайтын кү-н, кү-й, кү-л, оя-н, оя-т, ал-қа, ал-ға, т.б. сөздерді де, сондай-ақ түбір морфемасы қазіргі тілімізде жеке сөз ретінде қолданылатын, бірақ қосымшасы консервация құбылысына ұшыраған зорға (зор-ығ-а), бірге (бір-іг-е), бекерге, артқа, шалқасынан, т.б. с.с. сөздерді де негізгі түбір сөздердің қатарына жатқызу керек. Өйткені соңғы мысалдардағы қосымшалар (көсемше жұрнағы мен септік жалғаулары) бұрын өзі жалғанған сөздің синтаксистік қызметін белгілеуге қатысқанымен, қазір бұл қызметтерін тоқтатқан (яғни, түрлендіруші тұлға болып, ешқандай грамматикалық мағына білдіріп тұрған жоқ), тек синтаксистік қызметі арқылы жаңа семантикаға ие болып қалыптасқан туынды сөздің құрамында сақталып қалған.

Туынды сөздерге құрамы жағынан түбір және сөз тудырушы жұрнақтан тұратын, түбірі білдіретін лексикалық мағынадан басқа жаңа лексикалық мағынаға ие болған, белгілі бір сөз табының қатарына жататын сөздер жатады. Мысалы, етік-ші, көр-ме, таза-лық, өн-ім-ді, т.б.

Біріккен сөздерге құрамында кемінде екі немесе одан да көп түбір морфема кездесетін, жазу тәжірибесінде бірге жазылатын, қанша түбірден тұрса да бір ғана лексикалық мағынаны білдіретін (бір ғана ұғымды атайтын), белгілі бір сөз табының қатарына жататын сөздер жатады. Мысалы: Алакөл, Айнұр, кәсіподақ, шекара, адалбақан, т.б. Сондай-ақ өйткені (олай еткені), бүгін, биыл, бүрсігүні, т.б. кіріккен сөздер деп танылатын қатардағы барлық сөздерді жазылу дәстүрін негіз етіп, біріккен сөздердің бір түрі ретінде қарастырамыз.

Пединститут, медколледж және кеңшар, ауатком сияқты бір сыңарын немесе барлық сыңарларын да бірінші буыннан қысқартып, біріктіріп жазып жүрген сөздерді де жазылу ерекшелігін негіз етіп, біріккен сөздердің қатарында тану орынды болар еді.

Қос сөздерге құрамында кемінде екі немесе одан да көп түбір морфема кездесетін, жазу тәжірибесінде бір-бірінен дефис арқылы ажыратылып жазылатын, қанша түбірден тұрса да бір ғана лексикалық мағынаны білдіретін (бір ғана ұғымды атайтын), белгілі бір сөз табының қатарына жататын сөздер жатады. Мысалы: ыдыс-аяқ, көрші-қолаң, ата-ана, т.б.

Тіркесті сөзге құрамында кемінде екі немесе одан да көп түбір морфема кездесетін, жазу тәжірибесінде бөлек жазылатын, қанша түбірден тұрса да бір ғана лексикалық мағынаны білдіретін (бір ғана ұғымды атайтын), сол арқылы белгілі бір сөз табының қатарына жататын сөздер жатады. Тілімізде тіркесті күрделі сөздердің бірнеше үлгісі кездеседі, бірақ бәріне ортақ бір белгі бар: ол белгі – қанша түбірден тұрса да, мұндай сөздер бір ғана лексикалық мағынаға ие.

Тіркесті сөздердің жасалу жолдары әр қилы. Тілімізде олардың төмендегідей типтері кездеседі:



  1. Құрама тіркесті сөздер. Екі немесе барлық сыңары бір сөз табынан болған, әр сыңардың лексикалық мағынасы туынды жаңа лексикалық мағынаның қалыптасуына қатысатын сөздер. Мысалы, зат есімдер – Семей қаласы, Абай көшесі, бас инженер, аға оқытушы; сын есімдер – көк ала, жирен қасқа, ақ сұр; сан есімдер – он екі, бір мың сегіз жүз тоқсан бес; етістіктер – барып қайт, алып кел, т.б..

  2. Құранды тіркесті сөздер. Сыңарлары әр басқа сөз таптарынан болған, туынды жаңа лексикалық мағынаның қалыптасуына тек бір сыңарының лексикалық мағынасы негіз болатын және әр сыңарының лексикалық мағыналарының да қатысы бар сөздер. Мысалы, қызмет қыл, еңбек ет, сарт ет, адам бол, т.б. Бұл мысалдарда туынды лексикалық мағынаның қалыптасуына бірінші сыңардың лексикалық мағынасы негіз болған. Ал Абай атындағы Алматы ұлттық университеті сияқты күрделі атаулар құрамында әр түрлі сөз таптары кездеседі.

  3. Қысқартып жазылатын тіркесті сөздер. АҚШ,ТМД, ЖШС, т.б. с.с. әр сыңарының бірінші әрпі ғана жазылатын, шартты түрде қысқарған сөздер деп танылып жүрген нұсқалардың, біріншіден, сөз екендігі күмәнды, екіншіден, бұлардың әрқайсысының бірнеше сөзден құралған күрделі атау екені, яғни, құранды немесе құрама тіркесті сөзден қалыптасқаны белгілі: Америка құрама штаттары, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

  4. Фразеологиялық тіркестер немесе тұрақты тіркестер. Қазақ тіл білімінде тұрақты сөз тіркестері деген терминмен беріліп жүрген, өз ішінен фразеологиялық тізбек, фразеологиялық тіркес, фразеологиялық оралым т.б. болып жіктелетін қой аузынан сөз алмау, сарымайдай сақтау, үріп ауызға салғандай, тауы шағылу, беті қайту, т.б. тілдік бірліктердің қанша сөзден құралса да бейнелі бір ұғымды атайтыны, яғни, бір ғана лексикалық мағынаға ие екені белгілі. Ендеше бұлар да – бір ғана лексикалық мағынаны білдірсе, қанша сыңардан тұрса да, бір сөз ғана. Бұлар да сол бір лексикалық мағынасы арқылы белгілі бір сөз табының қатарынан орын алып, сол сөз табына тән түрлену жүйесімен әрқилы түрлене береді. Мысалы, тауы шағыл-ды, тауы шағыл-ған, тауы шағыл-ма-й-ды, тауы шағыл-а жазда-ды, тауы шағыл-ып жүр, т.б. Сондықтан бұл қатардағы барлық тілдік нұсқаларды түрленуші ретінде тіркесті сөздер қатарына жатқызамыз. Тіпті бұл қатардағы сөздерді тұрақты сөз тіркестері дегеннен гөрі тұрақты тіркесті сөздер деп атау орынды сияқты.

Сөз құрылысына қарай дара сөз және күрделі сөз болып екіге бөлінеді. Дара сөзге бір түбірден тұратын негізгі түбір сөдер мен туынды сөздер жатады, күрделі сөзге екі не одан да көп түбірден тұратын біріккен сөздер, қос сөздер, тіркесті сөздер жатады.
Практикалық бөлім:

І Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Сөз тұлғасы деген термин қандай мазмұндарда жұмсалады?

  2. Негізгі түбір сөз дегеніміз қандай сөз? Мысал келтір.

  3. Туынды сөз дегеніміз қандай сөз? Мысал келтір.

  4. Біріккен сөз дегеніміз қандай сөз? Мысал келтір. Кіріккен сөз дегеніміз қандай сөз? Мысал келтір.

  5. Қос сөз дегеніміз қандай сөз? Мысал келтір. Қос сөздің түрлері қосарлама қос сөз және қайталама қос сөздерге мысал келтір.

  6. Қандай сөздерді тіркесті сөздер дейміз? Тіркесті сөздерге қандай құрылымдар жатады? Мысалдар келтір.

  7. Дара сөздерге қандай сөздер жатады?

  8. Күрделі сөздерге қандай сөздер жатады?


ІІ Жаттығу жұмыстары

4-жаттығу. Сөйлемдегі сөздерге кешенді сатылай талдау үлгісі бойынша морфологиялық талдау жаса.


  1. Тағы бірталай отырып қалып еді. 2) Бір кезде бұлардың сырт жағынан дүрсілдетіп келіп қалған бірнеше аттының дабыры естілді.

  1. Қодар да, Қамқа да бұрылған жоқ. 4) Аттылар мінбелеп келіп түсіп жатты. 5) Бұлар бес кісі екен. 6) Бастығы Майбасардың қара сақал атшабары - Қамысбай.

11-12 сабақтар

Тақырып: Зат есім. Көмекші есім

Сабақтың мазмұны:


  1. Сөз таптарына жіктеу принциптері.

  2. Сөздерді лексикалық мағынасы бойынша жіктеу.

  3. Зат есім. Зат есімнің лексика-семантикалық топтары.

  4. Зат есімнің морфологиялық ерекшеліктері.

  5. Зат есімнің синтаксистік ерекшеліктері.

  6. Көмекші есімдер.


Сабақ мақсаты:

Сөз таптарын жіктеу принциптерімен таныстыру. Сөздерді лексикалық мағына бойынша топтастырудың үлгісмен таныстыру. Зат есімнің лексика-семантикалық, морфологиялық, грамматикалық ерекшеліктерін түсіндіру.


Теориялық бөлім:
Сөз таптары тілде бар сөздердің ортақ грамматикалық қасиеттері бойынша топтастырылатын, әр басқа грамматикалық қасиеттері бойынша бір-бірінен ажыратылып, жіктелген топтары. Сөздерді әр басқа қасиеттері бойынша бір-бірінен ажырату, ортақ қасиеттері бойынша бір жерге топтау үшін үш түрлі принцип қолданылады. Олар – семантикалық принцип, морфологиялық прицип, синтаксистік принцип.

Семантикалық прицип – сөздерді грамматикалық мағыналары бойынша топтастыру принципі.

Кез келген толық мағыналы (атауыш) сөздердің лексикалық мағынасы, сол лексикалық мағынамен ұштасқан, сол лексикалық мағынадан туындайтын жалпыланған грамматикалық мағынасы да болады. Мұндай жалпыланған грамматикалық мағына бір сөз табына жататын сөздердің бәріне ортақ қасиет болып табылады. Сөздің бойындағы жалпыланған грамматикалық мағына сол сөз табындағы сөздердің бәрінің басын біріктіретін мағына болып табылады. Мұндай жалпыланған грамматикалық мағынаны жалпы грамматикалық мағына деп те, кейбір әдебиеттерде категориялық грамматикалық мағына деп те атайды. Бір жалпы грамматикалық мағыналы сөздердің бәрі ортақ бір сұраққа жауап беріп тұрады. Яғни, әр сөз табының өз жалпы грамматикалық мағынасы, соған орай дербес сұрақтары бар. Мысалы, кім және не деген сұрақтарға жауап беретін сөздердің бәрі – зат есімдер, қандай және қай сұрақтарына жауап беретіндер – сын есімдер, қанша, неше сұрағына жауап беретіндердің бәрі – сан есімдер, қайт, не істе сұрақтарына жауап беретіндер – етістіктер деп аталатын сөз таптарына жатады.

Атауыш сөздер (номинатив сөздер немесе толық лексикалық мағынасы бар сөздер) қатарына жатса да, бұл қасиетке ие емес сөз таптары – есімдіктер, үстеулер және еліктеу сөздер. Бұларды ортақ бір сұрақ арқылы бір жерге жинақтау мүмкін емес.

Есімдіктер есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есім) орнына жұмсалатын орынбасар сөздер болғандықтан, қай сөз табын алмастырғанына қарай сол сөз табының сұрағына жауап бере береді. Есімдіктердің басын бір жерге жинақтайтын ортақ қасиет дейктикалық қабілеті. Есімдіктерді дейктикалық сөздер деп те атаймыз. Бұл есімдіктерді сөйлемнен тыс, жеке алғанда лексикалық мағыналарының бос тұруымен, сөйлемде қай сөздің орнына жұмсалса, сол сөздің лексикалық мағынасына ие бола кету қабілетімен байланысты ұғым. Үстеулер мен еліктеу сөздердің басын бір жерге топтастыратын белгі де – олардың ортақ сұраққа жауап беруі емес, морфологиялық (өзіндік түрлену жүйесі жоқ, мүлдем түрленбейтін) ерекшелігі мен синтаксистік қасиеттері (етістікпен тіркесіп, пысықтауыш қызметінде жұмсалуы).



Морфологиялық прицип – сөздерді түрлену қабілеттері бойынша топтастыру.

Қазақ тілінде өзіндік түрлену жүйесі бар үш сөз табы ғана бар: олар зат есім, сын есім, етістік. Морфологиялық принцип бойынша бір сөз табының қатарына жататын сөздердің барлығы сол сөз табының түрлену жүйесіндегі тұлғаларды қабылдауы міндетті. Бұл талапты зат есім мен етістік орындағанмен, сын есім толық орындамайды. Атап айтқанда, зат есімнің өзіндік түрлену жүйесі сол – зат есімдер көптеледі, тәуелденеді, септеледі. Қазақ тіліндегі кез келген зат есім осы қосымшаларды қабылдайды, қабылдамаса, зат есім емес деп танылады. Сол сияқты етістіктің түрлену жүйесі – етіс, болымсыз етістік, шақ, рай, модаль, сипат категорияларының тұлғалары. Кез келген етістік аталған тұлғалармен (біреуімен немесе бірнешеуімен) түрлене алады. Бұл тұлғаларды қабылдамаса, етістік екені күмәнды. Ал сын есімдердің өзіндік түрлену жүйесі – шырай категорясының тұлғалары. Бірақ кез келген сын есім шырай тұлғаларымен түрлене бермейді. Шырай тұлғаларын қабылдайтындар – сапалық сын есімдер ғана, қатыстық сын есімдер шырай тұлғаларымен түрленбейді.

Басқа сөз таптарының өзіндік түрлену жүйелері жоқ. Бірақ субстантивтенген (заттанған) кез келген сөз (сын есім, сан есім, есімдік, етістіктің есімше және қимыл есімі мен қимыл иесі түрлері, сондай-ақ үстеулер) зат есімше түрлене алады. Сондай-ақ адъективтенген (сын есімнің орнына жұмсалған) жекелеген зат есімдер шырай тұлғаларын қабылдай алады.

Мүлдем түрленбейтін сөздерге үстеу мен еліктеу сөздер ғана жатады.



Синтаксистік принцип – сөздерді синтаксистік ерекшеліктері бойынша топтастыру.

Бұл тұрғыдан сөз таптарының басқа сөздермен тіркесу қабілеттері, сөйлем мүшесі болу қызметтері, сөз тіркесінің басыңқы және бағыныңқы сыңары болу қасиеттері ескеріледі. Атап айтқанда, сын есім мен сан есім, негізінен зат есімнің бағыныңқысы болуға, сол арқылы анықтауыш қызметіне тұруға қабілетті, үстеу етістікпен тіркесіп, пысықтауыш болуға қабілетті.

Бұл принциптер, негізінен, атауыш сөздерді бір-бірінен ажырату үшін, бір жерге топтастыру үшін қолданылады.

Қазақ тілінде тоғыз сөз табы бар деп жүрміз. Соңғы кездері модаль сөздерді оныншы сөз табы ретінде тану кең орын алып келеді. Сонда шылау мен одағайды, модаль сөздерді қай белгілеріне қарап бөлек сөз таптары ретінде танимыз. Өйткені жоғарыдағы үш принцип жеті сөз табына ғана қатысты екенін, атауыш сөздерді топтастыру үшін қолданылатынын айттық.



Тілде бар сөздердің бәрін жинап, бірінші кезекте, лексикалық мағыналарына қарай, атап айтқанда, лексикалық мағыналарының бар-жоқтығына қарай, жіктеп, топтастыруға болады. Бұл тұрғыдан сөздер үш қатарға топтасады: атауыш сөздер, көмекші сөздер және одағайлар.

Атауыш сөздер – толық лексикалық мағынасы бар сөздер. Атауыш сөздер тілдегі сөздердің басым бөлігін құрап, сөйлемде қандай да бір ұғымды атау үшін жұмсалады. Семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері бойынша өз ішінен жеті сөз табына бөлінеді: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, еліктеу сөз.

Көмекші сөздер – түбір морфемасы бола тұра мүлдем лексикалық мағынасы жоқ, сөйлемде объективті өмірдегі ешбір затты, құбылысты, ешбір ұғымды атамайтын, кейде жеке өздері, кейде басқа морфемалармен бірлесіп, қандай да бір грамматикалық мағынаны білдіретін, яғни, сөз түрлендіруші тұлға қызметін атқаратын сөздер. Тілімізде көмекші сөздердің үш түрі бары айтылып жүр. Олар – шылау, көмекші есім, көмекші етістік. Бұлардың қатарына ертеректердегі оқулықтарда күшейткіш үстеу деп көрсетіліп келген, асырмалы шырайдың көрсеткіші болып табылатын өте, аса, тым, ең, т.б. с.с. көмекші сөздерді қосуға болады. Сонымен қатар оныншы сөз табы ретінде көрсетіліп жүрген, субъективті модаль мағынасын білдіру үшін күрделі баяндауыш құрамында кездесетін (мысалы, баруы мүмкін, айтуы тиіс, айтқаның жөн) модаль сөздер де сөзге грамматикалық мағына үстейтін морфологиялық тұлға құрамында келетіндіктер көмекші сөздер қатарына жатады. Сөйтіп, көмекші сөздердің қатары беске дейін толығады.

Одағайлар – лексикалық мағынасы жоқ болғандықтан атауыш сөздер қатарына да жатпайтын, белгілі бір сөзге грамматикалық мағына үстемейтіндіктен көмекші сөздер қатарына да жатпайтын сөздердің ерекше тобы. Одағайлар сөйлемнің синтаксистік желісінен тысқары (сөйлемді құрайтын сөздердің ешқайсысымен синтаксистік байланысқа түспей) тұратындықтан үнемі оқшау сөздер қатарынан табылады. Одағайлар сөйлемде негізгі синтаксистік желіден тыс тұрса да, сөйлеуші тарапынан қолданылып, сөйлеушінің көңіл-күйінен, сөйлеушінің тыңдаушымен арақатынасындағы әралуан жағдайлардан хабар беру қызметін атқарады.

Зат есім – заттың атын білдіретін сөздер. Басқаша айтсақ, тілдегі зат есім қатарына жататын сөздер шындық өмірдегі әр алуан заттар мен заттық ұғымдарды атайды.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет